Э. А. Абдыкеримова Пән оқытушысы туралы мәлімет



бет4/7
Дата09.05.2022
өлшемі54,55 Kb.
#33346
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
4. Пререквизиттер:

1. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар 



2. STEM - зерттеулер

Постреквизиттер:

1. Педагогикалық тәжірибе

2. Тағылымдамадан өту мен магистрлік диссертацияны орындауды қамтитын магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы
5. Курс саясаты:

1) тәртіпке қатысты талаптар: сабаққа кешікпей келу, сабақ барысында ұялы телефонды қолданбау, дыбыссыз режимге қою, аудиториялық сабақтарға міндетті түрде қатысу, мәселелерді, сұрақтарды талқылауға белсене қатысу, дәрістер мен семинар сабақтарына оқу-әдістемелік құрал және негізгі әдебиет бойынша алдын-ала дайындалу, БӨЖ тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау, бақылаудың барлық түріне қатысу (ағымдық бақылау, БӨЖ тапсырмаларын тексеру, аралық бақылау, қорытынды бақылау). Компьютерді тоққа қосатын сымдарға тиісуге және жабдықтарды оқытушының рұқсатынсыз жылжытуға, оқытушының нұсқауынсыз компьютерді өшіруге тыйым салынады.

2) пәнге қатысты талаптар: сабақта айтылған мысалдар мен деректер пәннің мазмұнына сәйкес, талқыланып отырған сұраққа тікелей қатысты болуы тиіс; өз пікірін тұжырымдай алуы қажет; сабақта жанындағы құрбыларын аландатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады; өзіндік жұмысты орындау барысында дербестілік таныту, көшіріп алуға тыйым салынады; оқытушының рұқсатынсыз емтихан кезінде шпаргалкаларды, ұялы телефондарды, басқа да материалдарды (құрылғыларды) пайдаланбауы тиіс.

3) академиялық адалдық ережелерін сақтауға қатысты талаптар: Еңбек тәртіптемесінің қағидалары (ішкі тәртіптеме қағидалары) туралы 01.02.2016 күнгі №06-8/14 бұйрық, академиялық адалдық кодексін (ережелерін) сақтауға қатысты талаптар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет