Э. А. Абдыкеримова


 Информатиканың әлеуметтік аспектілері



Pdf көрінісі
бет6/85
Дата03.02.2023
өлшемі1,31 Mb.
#65038
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
1.5 Информатиканың әлеуметтік аспектілері 
 
―Әлеуметтік аспектілер‖ терминін кӛптеген ғылымдарға, соның ішінде 
фундаменталды ғылымдарға қолдану ҥйлесімсіз екені белгілі. Айталық, 
―Математиканың әлеуметтік аспектілері‖ деген сӛйлемнің еш мағынасы жоқ. 
Алайда информатика – тек қана ғылым емес, жоғарыда айтылғандай, 
―...ӛндірістік, коммерциялық, әкімшілік және әлеуметтік негізде бірлесе әрекет 
ету кешені‖.
Қоғамды ақпараттандыру – ақпараттық технологияларды қоғамның барлық 
ӛмірі мен іс-әрекет ету салаларына ендіру процесі. Кӛптеген әлеуметтанушылар 
мен саясаттанушылар әлемнің ақпараттық қоғам сатысында тҧрғанын айтуда. 
В.А.Извозчиков 
мынадай 
анықтама 
береді: 
―Ақпараттанған‖ 
(―компьютерленген‖) қоғам ретінде біз сол қоғам мҥшелерінің барлық ӛмірі 
мен іс-әрекетіне компьютер, телематика, кітапханалардың бағалы қорына қол 
жеткізе алатын, есептеулерді орасан шапшаңдықпен жҥргізетін, кез келген 
ақпаратты ӛңдей алатын, нақты және болжам оқиғаларды, процестер мен 
қҧбылыстарды моделдей алатын, ӛндірісті басқара алатын, оқытуды 
автоматтандыратын информатиканың басқа да қҧралдарын интеллектуалды ой 
еңбегінің қҧралы ретінде енгізуді тҥсінеміз‖. ―Телематика‖ - ақпаратты ара 
қашықтықтан (дәстҥрлі телефон, телеграфтан басқа) ӛңдеу қҧралдары. 
Соңғы жарты ғасырда ақпараттандыру – адамдардың тікелей материалдық 
ӛндірістен ақпараттық салаға қарай бет бҧруының ең басты себебі болып отыр. 
ХХ ғасырдың ортасында дамыған елдердегі ӛндірістік жҧмысшылар мен 
шаруалар бҥкіл халықтың 2/3-ден астам бӛлігін қҧраса, қазіргі кезде бҧл 
кӛрсеткіш 1/3-ден кем. Уақыт ӛткен сайын ―ақ жағалылар‖ деген атқа ие 
болған, яғни тікелей материалдық қҧндылықтар жасамайтын, керісінше 
ақпаратты ӛңдеумен айналысатын адамдар саны кӛбеюде: оларға мҧғалімдер, 
банк қызметкерлері, программистер және т.б. қызметкерлер тобы жатады.
Ақпараттандыру 
ӛндіріс 
пен 
ауыл 
шаруашылығының 
дәстҥрлі 
салаларының келбетін де ӛзгертті. Ӛндірістік роботтар, станоктар жай қҧралға 


14 
айналды. Ауыл шаруашылығы ӛндірісіндегі жаңа технологиялар тек еңбек 
ӛнімділігін арттырып қана қоймай, ондағы еңбекті жеңілдетеді, білімді 
адамдарды шоғырландырады. 
Осылайша, компьютерлендіру мен ақпараттық технологиялар әлемге тек 
қана жақсылық алып келетіндей кӛрінгенмен, мҧның ―кӛлеңке‖ тҧстары да бар. 
Бҧл бір жағынан, кӛптеген адамдардың материалдық және интеллектуалдық 
деңгейін, білімді адамдар санын кӛбейтсе, екінші жағынан, жоғары әлеуметтік 
тартыс тудырады. Айталық, ӛндірісте ӛнеркәсіптік роботтардың пайда болуы 
кӛптеген адамдарды жҧмыссыз қалдыруы мҥмкін. Соған байланысты мамандық 
номенклатурасы да ӛзгереді. Кӛптеген адамдар не мамандығын, не жҧмысын 
ауыстыруына тура келеді. 
Информатиканың жедел дамуы демократиялық қоғам ҥшін қауіпті келесі 
процестің пайда болуына әкелді, яғни әрбір азамат жайлы барлық мәліметтер әр 
тҥрлі деректер банкісінде (мемлекеттік және мемлекеттік емес) жинақталуы. 
Бҧл деректерде адамның жҧмысы, денсаулығы, мҥлкі т.б. туралы қҧнды 
деректер жинақталатындықтан және ол басқа тҧлғаларға (мемлекет немесе 
қылмыскер) белгілі болуы мҥмкін жағдайда бҧл қҧбылыс ӛте қауіпті.
Міне, осындай теріс әлеуметтік жағдайларды ҥкімет пен қоғам ҥнемі естен 
шығармай, басқа да механизмдерді қарастыруы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет