Э. А. Абдыкеримова


 Информатика ғылымының негізгі мәселелері, зерттеу объектісі



Pdf көрінісі
бет4/85
Дата03.02.2023
өлшемі1,31 Mb.
#65038
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
 
1.3 Информатика ғылымының негізгі мәселелері, зерттеу объектісі 
 
Адамның ӛзінің іс-әрекетінде ақпарат жиымдарын пайдалануы жылдан 
жылға кӛбейіп келеді. Мысалы, егер 1940 жылдан 1950 жылға дейін ақпарат 
кӛлемі, шамамен 10 жылда екі есе кӛбейсе, қазіргі кезде осындай екі еселену 1-
2 жылда болады. Ақпаратпен жҧмыс істегенде, оны сақтаудың, жіберудің, 
іздеудің, ӛңдеудің қолайлы және тиімді тҥрлерімен байланысты кӛптеген 
мәселелерді шешуге тура келеді. Бҧдан басқа, ақпараттың қҧрылымын 
анықтаумен байланысты мәселелер де кездеседі. Сондай-ақ ақпараттың жалпы 
қасиеттерін зерттеу керек. Мҧның бәрімен информатика деп аталатын жаңа 
ғылым шҧғылданады.
Информатика - ақпарат алу, жіберу, ӛңдау, сақтау, ҧсыну процестерін 
зерттеумен, қоғам ӛмірінің барлық саласында ақпараттық техника мен 
технология жасау, ендіру және тиімді пайдалану мәселелерін шешумен 
шҧғылданатын ғылыми-техникалық іс-әрекет саласы, ғылыми-техникалық 
прогрестің басты бағыттарының бірі.
Информатика – есептеу техникасы қҧралдарының кӛмегімен мәліметтерді 
қабылдау, қҧру, сақтау, тҥрлендіру, ӛңдеу және жеткізу тәсілдерін жҥйеге 
келтіретін жаңа техникалық ғылыми пән.
Информатика: 
- Ақпарат жинау, сақтау, жіберу, ӛңдеу және беру әдістері мен қҧралдарын
зерттеумен байланысты – техникалық; 


12 
- Ақпараттың мәнін сипаттау тәсілін анықтайтын, оның сипаттау тілдерін 
зертейтін – семантикалық; 
- Ақпаратты кодтау әдістерін сипаттайтын - прагматикалық; 
- Ғылыми-ақпараттық іс-әрекеттің кейбір тҥрлерін, оның ішінде 
индекстеуді, автоматты реферлеуді, машиналық аударманы формальдау және 
автоматтандыру мәселелерін шешумен байланысты синтактикалық мәселелер 
топтарын зерттейді.
Информатиканың негізгі мәселесі – есептеу техникасының аппараттық 
және программалық қҧралдармен жҧмыс істеу тәсілдерін жҥйелеу болып 
табылады. Бҥгінгі таңда информатиканың негізгі мәселелерінің қҧрамына 
келесі бағыттарды жатқызуға болады: 
- Есептеу жҥйелерінің архитектурасы (мәліметтерді автоматты тҥрде 
ӛңдеуге арналған жҥйелерді қҧрудың тәсілдері мен әдістері); 
- Есептеу жҥйелерінің интерфейсі (аппараттық және программалық 
жасақтаманы басқару тәсілдері мен әдістері); 
- Бағдарламалау (компьютерлік бағдарламаларды даярлау әдістері); 
- Мәліметтерді тҥрлендіру; 
- Ақпаратты қорғау; 
- Автоматтандыру; 
- Стандарттау (әр тҥрлі есептеу техникасы қҧралдарына сәйкес аппараттық 
және программалық қҧралдар арасындағы, мәліметтердің берілу пішімі 
арасындағы ҥйлесімділікті қамтамасыз ету). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет