Э. А. Абдыкеримова


Дәріс №2. Ақпарат және оның қасиеттері



Pdf көрінісі
бет8/85
Дата03.02.2023
өлшемі1,31 Mb.
#65038
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   85
Байланысты:
Э.А.Абдыкеримова.ИНФОРМАТИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Дәріс №2. Ақпарат және оның қасиеттері 
Дәріс жоспары: 
2.1 Ақпарат философиялық категория ретінде 
2.2 Ақпаратты тҥрлендіру 
2.3 Хабар – ақпаратты тасымалдаушы 
2.4 Хабарды сигналдар кӛмегімен жіберу. 
2.5 Хабарды дискретизациялау 
2.6 Ақпарат мӛлшерінің бірліктері 
2.7 Кодтау теориясы. Абстрактілі алфавит. Кодтау. Декодтау
 
2.1 Ақпарат философиялық категория ретінде 
 
Ақпарат (лат. іnformatіo – тҥсіндіру, мазмҧнын айту, хабардар болу) – 
ғылымның жалпы ҧғымдарының бірі, ол қандай да бір мәлімет, қандай да бір 
деректер, білімнің және т.б. жиынтығы.
Жҥйелік-кибернетикалық тәсілде ақпарат кез-келген кибернетикалық 
жҥйенің ҥш фундаментальды аспектілерінің контекстінде қарастырылады: 
- ақпараттық, жҥйеде сыртқы дҥние мен ішкі ортаның бейнелену 
процестерінің белгілі бір жиынын сәйкес сигналдарды жинау, жинақтау және 
ӛңдеуге байланысты;
- басқару, жҥйенің қызмет ету, алынған ақпарат әсерімен оның жҥру 
бағытын және мақсатқа жету дәрежесін ескеретін процестерді; 
- ұйымдастырылатын, жҥйедегі қҧрылғыны және жҥйенің жетілдіру 
дәрежесін сипаттайтын.
Ақпарат ҧғымының ӛзі кем дегенде ҥш объектінің – ақпарат көзі
ақпаратты қолданушы және жіберуші ортаның болуын ҧйғарады. 
Ақпарат таза тҥрінде берілмейді, қабылданбайды және сақталынбайды. 
Оны тасушы хабар болып табылады. Хабар – ақпарат кӛзі арқылы бекітілген 
және шартты физикалық символдардың тізбектерінің кӛмегімен ӛрнектелген 
кодталған оқиғаның эквиваленті. Хабарды жіберу қҧралдары ретінде – 
ақпараттардың байланыс каналы болып табылады. Байланыс каналдары арқылы 
хабар осы каналға ғана тән сигнал тҥрінде беріледі. 
Сигнал - байланыс каналдары арқылы таралатын және белгілі бір оқиға 
туралы, бақылау немесе тексеру объектісінің қалпын, басқару каналдары 
нҧсқаулары және т.б. белгі, физикалық процесс немесе қҧбылыс. Сонымен, 
электр сигналдары электрондық және электрлік тізбектерде, акустикалық газ, 
сҧйық және қатты денелер ортасында таралады. Ортамен берілетін және 
қолданушы қабылдайтын ақпаратты алып жҥретін сигнал қолданушы ҥшін осы 
ақпараттың тҥсуінен ӛзгеше белгілі бір мағынасы бар. Бҧл арнайы келісім 
арқылы жҥзеге асырылады, соған сәйкес сигнал интерпретацияланады, яғни 
алынатын сигналдан мағынасы қолданушыға тҥсініктісі алынады. Яғни, 
қабылданған сигналды қарапайым физикалық тіркеу, егер бҧл сигналдан 
қолданушыға белгілі ережелер кӛмегімен мағынасы бар сигнал алынбаса 
ақпарат кӛзінен ақпарат алды дегенді білдірмейді. Мҧнда атап ӛтетін нәрсе, 
сигналдың ӛзі алып келетін оқиға немесе қҧбылыс туралы ақпаратпен тікелей 


17 
физикалық байланыста болмауы да мҥмкін. Бҧл кезде ақпарат объектілердің 
және қҧбылыстардың қасиеті ретінде кӛптеген жағдайларды тудырады, олар 
бейнелеу кӛмегімен бір объектіден екіншісіне беріледі және оның 
қҧрылымында сақталынып қалады. 
Адам миы сезім органдарының кӛмегімен ақпараттардың кең кӛлемін 
алады. Ақпарат негізі ойлау материалы болып табылады және барлық ойлау 
қызметінің негізі болып табылады. Ақпараттар теориясының негізі – мазмҧны 
әр тҥрлі болатын әр тҥрлі хабарлар ортақ тілге келтірілуі мҥмкін, ал осы 
хабарлар әкелетін ақпараттар сандық ӛлшенуі мҥмкін. Осындай сандық ӛлшем 
арқылы берілетін хабарларды олардың тҥріне тәуелсіз бағалауға болады. Бҧл 
жалпы ақпараттар теориясының негізін қҧрады. Энергия ҧғымын енгізу арқылы 
табиғаттың барлық қҧбылысын бір ортақ кӛзқараспен қарастырған сияқты 
бірдей ӛлшемді ақпараттар санындағы ақпарат ҧғымы әр тҥрлі процестерді 
оқып ҥйренуді кӛздейді. Берілетін ақпарат саны және қабылдаушыға ақпарат 
әсері оны жеткізгенге жҧмсалған энергия санымен анықталмайды. Мысалы, 
автоматталған робототехникалық кешендерде қазіргі заманғы машиналардың 
кҥрделі детальдары мен тораптарын жасау және оларды жинақтау 
энергетикалық мағынада қуаты аз басқару сигналдарының кӛмегімен жҥзеге 
асырылады. 
Сигналдарды 
технологиялық 
тізбектерге 
ендірілген 
микропроцессорлар станоктар мен роботтардың орындаушы органдарына 
жіберіледі. 
Философияда отыз жылдан астам уақыттан бері ақпараттың бір-біріне 
қарама-қайшы, екі әр тҥрлі концепциясы – атрибуттік және функционалдық 
ӛмір сҥруде. 
Атрибуттік концепция ақпаратты барлық материалдық объектінің 
қасиеттері деп қарастырады. 
Функциональдық 
концепция, 
керісінше, 
ақпаратты 
ӛздігінен 
ҧйымдастырылған жҥйелердің қызметімен байланыстырады. 
Бҧл концепциялардың әрбіреуі ақпараттың белгілі бір аспектін бейнелейді 
және сондықтан оларды бірлікте қарастыруға болады. Мҧнда атрибуттік 
концепция ақпараттың материалдық объектінің атрибуты ретінде оны қолдану 
процесіне тәуелсіздігіне екпін тҥсірді, осылайша ақпараттың статикалық 
аспектісін бейнелейді. Кибернетикалық жҥйенің қызметі ақпараттың 
динамикалық аспектісін кӛрсетеді, ол ақпаратты ақпараттық процестердің 
динамикасы арқылы анықтайды. Сондықтан объектілер процестер тудырады, 
ӛйткені осы объектілер ақпараттан тҧрады, ол белгілі бір шарттарда бейненің 
жеткізуші бӛлігі ретінде жҥзеге асады. Субъект объектіден ақпарат алады және 
оны таным немесе басқару контурына қосады. Яғни, ақпараттың мазмҧны, 
мағынасы айқындалады, бағалы болады, оның семантикалық және 
прагматикалық аспектілері ашылады. Бҧл жағдайда ақпараттың салыстырмалы 
және абстрактілі сипаттамасы туралы айтуға болады.
Ақпараттың салыстырмалы сипаттамасы – қандай да бір объект тек басқа, 
қатаң анықталған және сол объектімен ӛзара әрекеттесетін объектіге қатысты 
ақпарат кӛзі болып табылатындығынан кӛрінеді. Ол берілген нақты 
жағдайларда осы ақпараттарды ала алады және ӛз мақсатында қолданады.


18 
Ақпараттың абсолютті сипаттамасы – ақпарат сияқты қасиетке ие 
болатын материалдық объектілердің жоқ екендігінен кӛрінеді. Бҧл ашық 
объектілерге (ӛзара әрекеттесуші жҥйелер) қатысты да, сондай-ақ жабық 
объектілерге қатысты орындалады. 
Ақпарат материя мен энергия сияқты фундаментальды категориялармен 
қатар тҧрып, кең ҧғымға айналды және одан да терең және кең айқындала 
тҥсуде. Зерттеу саласына байланысты ақпараттың кӛптеген анықтамасы бар:
- сыртқы дҥниеге бейімдеу процесінде алынған мазмҧнды белгілеу 
(Н.Винер);
- энтропияны жоққа шығару (Бриллюэн);
- коммуникация және байланыс процесінде анықталмағандық жойылады 
(К. Шеннон);
- әр тҥрлі хабарлар беру (Эшби);
- қҧрылымның кҥрделілігінің ӛлшемі (Моль);
- таңдау ықтималдығы (Яглом).
Осы анықтамалардың әрбіреуі кеңістіктегі және уақыт бойынша материя 
мен энергияның таралуының біртекті емес ӛлшемі ретінде және әлемдегі 
барлық процестердің ӛзгеру ӛлшемі ретіндегі ақпарат ҧғымының белгілі бір 
жақтарын ашады.
Ақпарат ғылыми зерттеу объект ретінде техникалықсемантикалық және 
прагматикалық аспектілерге бӛлінеді.
Техникалық аспектіде дәлдік, сенімділік, хабарларды беру жылдамдығы, 
сигналдарды беру каналдарының техникалық қҧралдары мен әдістерін қҧру, 
оларды бӛгеуілдерден қорғау мәселелері қарастырылады.
Семантикалық аспектіде зерттеулер кодталған сигналдар кӛмегімен 
берілген хабардың мағынасын дәл беру мәселелерін шешуге бағытталған.
Ақпараттарды зерттеудің прагматикалық аспекті – алынған хабар 
қолданушы ҥшін оның кейінгі іс-әрекетіне ықпалдылығы тҧрғысынан 
қаншалықты бағалы екендігінде.
Ақпарат философиялық категория ретінде болмыстың жалпы формаларын, 
олардың байланысын және ӛзара шарттылығын ғана емес, сондай-ақ табиғатта, 
қоғамда, танымда тӛменнен жоғарыға қарай даму факторы болып табылады. 
Осыған байланысты ақпараттың ҥш формасы бар: биологиялық ақпарат тҥрі 
организмдер және олардың арасындағы, машиналық ақпарат машиналар 
арасындағы және олардың ішіндегі және әлеуметтік ақпарат адам 
қоғамындағы формалар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет