Жазық және сфералық айналар Жазық айна–жалтыратылған металл пластина не болмаса бір беті металдың (әдетте, күміс не алюминий) жұқа қабатымен жабылған шыны пластина болып табылады. Жазық айналар қол жетпейтін объектілерді бақылау үшін қолданылады.
Жазық айнадағы нәрсе кескіні мынадай ерекшеліктері бар:
кескін жалған, тура, өлшемдері нәрсенің өлшемдеріне тең, нәрсе айна алдына қандай қашықтықта тұрса, кескін айнаның ар жағына сондай аралықта орналасады.
Сфералық айна шағылдырушысы ретінде сыртқы не болмаса ішкі айналық бет қолданылады. Сонымен бірге айналар дөңес немесе ойыс болуы мүмкін. Дөңес айнаның фокусы жалған болады. Бұл айнадан шағылған сәулелер шашыраңқы болады.Ойыс айна көбіне үлкейткіш ретінде қолданылады.