Е. А. Букетов атындағы Қарағанды универсиеті Реферат


Линзалардың негізгі кемшіліктері



бет2/6
Дата16.10.2023
өлшемі51,36 Kb.
#116288
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
оптика срсп 1

Линзалардың негізгі кемшіліктері:
1) сфералық аберрация (лат.aberratio-ауытқу)–жалпақ параллель сәулелер шоғын қолданғанда линзада бір фокустың орнына бірнеше фокустың пайда болуы. Сфералық аберрацияны жою үшін арнайы линзалар, диафрагмалар және линзалар жүйесі қолданылады.
2) хроматтық аберрация–линзалар жарық сәулелерін фокусқа жинағанда түске боялған дақтардың пайда болуы. Хроматтық аберрацияны арнайы линзалар жүйесіның (ахроматтар мен анахроматтар) көмегімен жояды. Хроматикалық аберрацияның пайда болуы сыну көрсеткіші әр түрлі мөлдір екі ортаның шекарасынан ақ жарықтын сәулесі өткен кезде сынып қана қоймай спектрлерге шашырауымен түсіндіріледі. Ақ сәуленің спектрлерге бөлінуі сыну көрсеткіші оптикалық шынының физикалық қасиетіне ғана емес, ақ түсті құрайтын түсті сәулелердің толқын ұзындығына да байланысты болады. Сондықтан формуласына сәйкес әр түрлі толқын ұзындығы бар сәулелер үшін фокустың қашықтық: толқын ұзындығы неғұрлым ұзын болса, соғұрлым аз болады. Оптикалық оське // ақ жарықтың сәулелері (+) линзадан өткен кезде жасыл-көгілдір, сары, қызыл сәулелерге ыдырайды. Түсті сәулелердің фокустық қашықтығы әр түрлі болғандықтан жарқыраған нүктенің кескіні әр түрлі түстерде оптикалық жүйеден әр түрлі қашықтықта орналасады. Нәтижесінде біз контуры боялған шашырау дағын аламыз.
3) астигматизм–линзаның ұзын және көлденең өлшемдеріне, яғни линзаның қисықтығына тәуелді болатын ақау. Егер дөңгелек линзалар қолдансақ, астигматизм жойылады.
4) дисторсия (лат.distorsio-қисаю)–кескіннің қисаюы.
Бұл қисаю аймағы шегінде линзаның көлденең ұлғаюының бірдей болмауынан туады. Осы жағдайда нәрсе мен оның кескінінің геометриялық ұқсастығы бұзылады.
Линзаның оптикалық центірінен оның бас фокусына дейінгі қашықтық фокус қашықтығы-F- деп аталады.
Линзаның сәулені жинау мен шашырату қабілетін сипаттайтын, F фокустық қашықтығына кері шама–линзаның D оптикалық күші деп аталады: D=1/F
Оптикалық күш неғұрлым үлкен болса, соғұрлым заттың кескіні жүйеге жақын орналасады және соғұрлым кескін өлшемі басқа тең жағдайларда кішкентай болады.
Шашыратқыш линзалардың фокустық қашықтығы мен оптикалық күші теріс сандармен өрнектеледі. Оптикалық оське параллель сәуле линзада сынғаннан кейін линзаның F фоккусы арқылы өтеді. Линзаның оптикалық центрі О арқылы өткен сәуле одан сынбай шығады. Линзаның F фокусы арқылы өтетін сәуле сынғаннан кейін оның бас оптикалық осіне параллель жүреді. Линзалар сәуле сындыруына байланысты оң f>0 және теріс f'<0 болып бөлінеді. Геодезиялық және маркшейдерлік құралдарда жеке линзалармен қатар күрделі оптикалық жүйелердің құрамына кіретін линзалар да қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет