Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік



бет4/6
Дата25.11.2023
өлшемі1,35 Mb.
#126091
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Бейнелеу өнері пәні бойынша сабақтың тақырыбы "Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайына саяхат"

Дизайн

Графика



Сәнді қолданбалы өнер

Мүсін өнері


Кескіндеме – қағаз, тақтай, картон, кенеп бетіне әртүрлі бояулармен орындалатын шығарма.
Графика – қағаз, картон бетіне қарындаш, қаламұш, көмір, тушь арқылы орындалатын сурет.
Мүсін — әртүрлі материалдармен (тас, ағаш, металл, сазбалшық, ермексаз) дөңгелек көлемді кеңістікке сомдалған көркем шығарма.
Сәулет өнері – үйлер, ғимараттар, көшелерді жобалау және оны жасау өнері.
Сәндік-қолданбалы өнер – халық тұрмысында кеңінен қолданылатын көп салалы өнер. Әрбір халықтың шығармашылығымен байланысты өнер. Бұл өнер түріне қазақтың ұлттық қолөнері жатады.
Дизайнбейнелеу өнеріндегі жаңаша сипатқа ие болып отырған өнердің түрі. Дизайн дегеніміз – кез келген бұйымның жаңа үлгісін жан-жақты салыстырып, заман талабына сай жасау деген сөз. Дизайн қызметінің ерекшелігі – әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып, ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу.
Бейнелеу өнері түрлерінде орындалу ерекшелігіне қарай бірнеше жанрға бөлінеді: натюрмортпейзажпортрет, маринистік жанр, анималистік жанр, тарихи жанр, батальдық жанр.

Бейнелеу өнерінің жанрлары



Маринистік жанр

Натюрморт






Батальдық жанр

Портрет



Тарихи жанр

Пейзаж



Анималистік жанр


Натюрморт – жансыз заттар мен бұйымдарды үйлесімді етіп бейнеленген шығарма. «Натюрморт» — француз сөзі, аудармасы «өлі табиғат» дегенді білдіреді. Натюрморт алғаш рет 17 ғасырда Голландияда пайда болды.
Пейзаж –табиғат көріністері бейнеленген шығармалар. Пейзаж жанры әр алуан. Кейбір пейзаж шығармалары өмірде бар нақты көріністерді бейнелесе, кейбіреулері суретшінің ой-қиялынан туады.
Портрет – адамның бет пішіні бейнеленген көркем шығарма. Портрет жазушы суретшінің басты мақсаты – адамның сырт ажары ғана емес, ішкі жан дүниесін, рухани келбетін көрсете білу.
Тарихи жанр – белгілі бір оқиғалар мен тарихи кезеңдер бейнеленген көркем шығармалар. Тарихи жанр, негізінен, өткен тарихқа бағытталғанымен, кейде өз заманындағы күрделі өзгерістерді қамти алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет