Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік


Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында



бет2/6
Дата25.11.2023
өлшемі1,35 Mb.
#126091
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Бейнелеу өнері пәні бойынша сабақтың тақырыбы "Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайына саяхат"

Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында
көптілді білім беруге әдістемелік қолдау көрсету


Түйін

Тілдерді қолдану мен дамыту бүгінгі таңда мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігіне айналып отыр. Себебі, тіл саясаты оның ішінде мемелекеттік тілдің проблемалары еліміздің қауіпсіздігіне, оның мемлекеттілігінің нығаюына тікелей қатысты мәселелер болып табылады.


Қостілділік дегеніміз- бұл тек екі тілде сөйлеу қабілеті ғана емес, сонымен бірге, бұл қос өркенниеттің мәдени құндылықтарын сіңірген ерекше ойлау қабілеті болып табылады. Орыс тілі –біздің мәдениет байлығымыздың ажырамас бөлігі, әлемдік білімдердің қалың қатпарларын танудың, ұлтаралық қарым-қатынастың тілі.
Президенттік «Тілдердің үш тұғырлылығы» бағдарламасының басты мақсаты-қазақ тілінде қысым жасау емес, керісінше оның бәсекеге қабілеттілігін орыс және ағылшын тілі дәрежесіне дейін көтеру. Оның үстіне қазақ тілінің бәсекеге қабілеті осындай міндеттерді қоюға толық мүмкіндік береді. Сондықтан, халықтың орыс тілін білу деңгейін жоғалтпауымыз керек, ал ағылшын тілін – болашаққа жаңа даму шыңдарына бағытталған жол, себебі ол әлем мойындаған халықаралық қатынастар тілдерінің бірі. Сондықтан Н.Назарбаевтың Қазақстандықтарға өскелең ұрпағына үш тілді меңгеру: қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін ұлтаралық қатынас тіл ретінде және ағылшын тілін халықаралық қатынас тілі ретінде білу мүмкіндігін жасауға деген ұмтылысы өте дұрыс деп ойлаймын[1].
ХХІ ғасырда Қазақстан бейнелеу өнері қолға алынып шет елдерге еліміздің атақты суретшілері мен қолөнер шеберлерінің туындылары көрсетіліп көрмелер қойыла бастады.
Бейнелеу өнері дүние жүзіне сұлулықты, әсемдікті, мәдениетті паш ететін керемет өнердің бірі. Әлемдік кереметтерді меңгере отырып өз еліміздің таң қаларлық өнер кереметтерін дамытуымыз қажет. Мектеп қабырғасынан бастап оқушыларды өнерге баулып бейнелеу өнерінің қыр-сырларын үйретуіміз қажет. Бейнелеу өнерінің түрлерін жоғарғы деңгейде меңгерген баланың дарындылығы одан әрі дамиды.
Еліміздің мәртебесін көтеру мақсатында оқушыны жан-жақты білім беріп үш тілді жетік меңгертіп және өз өнері арқылы шетелдермен мәдени қарым-қатынас жасауға жол бастау керек. Үштұғырлы тілді меңгеру тек қана тіл сабақтарында ғана үйренумен шектелмей барлық пәндермен байланыстырғанда жақсы нәтиже береді.
Президенттік «Тілдердің үш тұғырлылығы» бағдарламасын негізге ала отырып тілді меңгеруді өзімнен бастау алып және бейнелеу өнері сабағына әдіс-тәсілдерді қолдана бастадым. Алға қойған мақсатым:

  • Оқушынының шығармашылық қасиетін дамыту, өнерге ынталандыру, қызықтыру;

  • Үштұғырлы тілді меңгеру мақсатында оқушыны жан-жақты ізденімпаз тұлға етіп тәрбиелеу;

  • Сабақтың әдістерін ойын арқылы түрлендіру;

  • Қазіргі заманның білімі мен өнердің жаңа технологияларын меңгеру;

  • Интернет, журнал, газеттердегі пайдалы мәліметтерді қолдану және оқушылардың көркемсурет шығармаларын баспаға шығару;



Сабақтың тақырыбы: «Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайына саяхат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет