Филология факультеті



Дата20.11.2022
өлшемі17,75 Kb.
#51384
Байланысты:
әдебиеттану өзекті мәселелері мөж


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Филология факультеті
Әдебиеттану мамандығының магистранты
Зағыпар Оралхан

МӨЖ №1
Қазіргі қоғамдағы жазушы мен сынның орны




«Көркем əдебиет – қоғам өмірінің айнасы»
Қ.Жұмағалиев

Сөз өнері арқылы адам баласы осыған дейін өмірдің бар құпия сыры мен шындығын бейнелеп келеді, кейін де солай болары анық. Әлемді тануға ұмтылған адамзаттың алдында өткен мен бүгінді, жаратылысты таныту жолында көркем әдебиет өзінің қоғамдық рөлін атқарады. Соның барысында қаламгерлер қауымы қай кездегі болмасын адам мен қоғамды бейнелесе, оқырман соны тану үшін көркем шығарманы оқиды.


Шекспирді оқымай ағылшын тіршілігін, Бальзакты оқымай француз тұрмысын, Толстойды оқымай орыстың өмірін білем деу ағат деген тұжырым бар. Мысалы, Бальзактың атақты “Адам әжуасы” — өткен ғасырдың алғашқы жартысындағы француз қоғамының көркем тарихы мен сырлы шежіресі. “Адам әжуасындағы” мыңдаған адамдар тағдыры, тартысы, ара қатынасы арқылы Бальзак капитализмнің адам айтқысыз қорқаулығын, алтынның аздырғыш күшін, ақшаның адамды аңға айналдырар сұмдығын, буржуазияның бұзық та бүлдіргіш табиғатын тасқа таңба басқандай танытады. Бальзак “Адам әжуасының” алғы сөзінде өзін француз қоғамының “талай тарихшылар ұмыт қалдырған мінез-құлық тарихын” жазатын хатшысымын деп есептесе, Энгельс оның романдар циклін буржуазия тарихшыларының “ғылыми еңбегіне” қарама-қарсы қойып, “француз қоғамының нағыз тамаша реалистік тарихы” осы деп бағалайды. Бұған Маркстің өткен ғасырдағы ағылшын жазушылары туралы — олар өз шығармаларында “дүние жүзіне күллі саясатшылардың, публицистер мен моралистердің бәрі жабылып танытқанынан әлдеқайда көп саяси және әлеуметтік ақиқаттар ашып берді” деген пікірі сайма-сай келеді.
Иә, қоғамды шынайы бейнелей алған жазушының қоғамдағы орны қашан да биік. Қазіргі қоғамды қарасақ, оны өткенмен салыстыра қарасақ, жазушының орны бұрынғыдай емес. Әрине, екі түрлі жүйені салыстыра қарау қисынсыздау болуы мүмкін. Саяси идеологияның шеңберінде болған жазушы қауымның өткен ғасырдағы қоғамдағы орны әлдеқайда жоғары болды. Бірақ жазушының тікелей мемлекетке қызмет етуі, ал әдебиеттің идеологияның құралы болуы тиісті емес. Әдебиеттің міндеті – адамды тәрбиелеу, адам баласының басындағы қайғы-мұңды айту, біреудің мұңын, біреудің қуанышын мыңдарға жеткізу. Сол арқылы адамдарды мейірімге үндеу, жақсылыққа тәрбиелеу. Ал жазушы адамзаттың ішкі жан-дүниесін ізгілендіру үшін жұмыс істейді. Адам жанының ізгіленуі мемлекеттік саясатқа да жат емес, адамзаттық проблемаға да жақын, өйткені кез келген мемлекет, мен адам тәрбиелеп отырған жоқпын, оны жақсылыққа жетелеп отырған жоқпын деп айтпайды.
Ал бүгін ше? Әдебиет пен идеология, жазушы мен қоғам екі бөлек өмір кешіп жатқандай. Жазушылар қоғам бейнесін таныта алғанымен, қоғамнан лайықты орнын ала алып жатқан жоқ десек артық кетпейміз. Бүгінгі капиталисттік қоғамда, нарықтық экономика орнаған шақта әдебиеттің беделі, шыны керек, төмендеді. Оны біржақтан кеткен қателік ретінде айта алмаймыз.
Жазушы кейіпкерлер өмір сүретін, әркет ететін қоғамдық ортаны, жағдайды нақты бейнелейді, олардың іс-әркетінің, мінез-құлқының белгілі тарихи жағдаймен байланысын айқындап береді. Қоғамдық өмірде әдебиет қозғамайтын мәселе, назар аудармайтын жағдайлар аз-ақ, жоқтың қасы. Алайда әдебиет алдымен адамның тұтас тұлғалы бейнесін көрсететін болғандықтан, қоғамдық өмірдегі қай мәселеге болсын эстетикалық қатынас тұрғысынан қарап, оны шығармадағы көрсетілетін нақтылы өмірлік жағдайларға орай бейнелейді. Көркем шығармада өмір құбылысы, оның әр түрлі ерекшеліктері тұтас көрсетілсе де, ненің маңызды, мәнді екені айқын ажыратылып, дәл танылуы әлі де өз жалғасын тауып келеді.
Сын болса жазылған шығарманың артықшылығын, көзге көріне бермейтін тұстарын ашып, кемшіл тұстарын көрсетіп отыруы тиіс. Оқырман қауым шығармадан түйсіне алмаған тұстарын соған жазылған сыннан табуы қалыпты құбылыс. Қоғамды аузына қарататын жазушы мен сын қазіргі қоғамда өз орнын таппай жүргенінің бір себебі екеуінің арасының ажырағандығында да жатыр. Қазіргі әдеби үдеріс өткен ғасырдың дүркіреп тұрған дәуірінен асып кеткеннен бұрын, кері жете алмай тұр. Ал оған себеп, меніңше, әдебиет пен қоғамның, мемлекеттің бөлек өмір сүруінде секілді.
Жазушы мен сын әдебиеттің қос қанаты секілді қатар қоғамның айнасы болған. Кезіндегі ХХ ғасырдың басында қалыптасқан кәсіби әдебиетіміздің бастауынан қалған дәстүр. “Қазақ” газеті, “Айқап” журналдарында кәсіби сын үлгілері, көркем шығармалар үздіксіз жарияланып отырды, сол арқылы қоғамдағы өзгерістер мен жаңалықтар талқыға түсіп, қоғамды алға сүйрей алды. Одан кейін Кеңес үкіметі тұсында қаламгерлерге орнатқан «жұмақтың» ішінде де әдебиет майталмандары шеңбер ішінде жазып, шеңбер ішінде сынаса да, халықтың бар ықыласы сонда болды. Советтік қоғамды әсерлі жаза алған жазған жазушы мен соны жазушы қалай бере алғанына жазылған сын қазақ әдебиетінің алтын ғасырына айналды.
Қазақ әдебиеті газетінде 2017 жылы қазақтың қалам ұстаған бірнеше тұлғаларымен «Әдебиет – ұлт жанының айнасы» деген атпен сұхбат жарық көрген. Сонда ақын Алмат Исәділ: «Әдебиет – еркін құбылыс. Тақырыпқа шектеу шоқ. Дегенмен, әр дәуірдің, әр қоғамның өзіне тән тақырыптары болады. Мысалы, баяғы жаугершілік заманда ақын-жырау, шешендер батырлық рухты, жауынгерлік қуатты жырлады. Абай дәуірінде қалыптаса бастаған әдеби үрдіс қазақтың иманын бүтіндеуге, білімін шыңдауға, бірлігін нығайтуға бағытталды» — дей келе әр кезеңнің жүгін көтерген тақырыптарды саралайды. Иә, әдеби туындының дәуір үніне сай болуы да ұлтқа қызмет етудің басты талабы. Қазіргі кезеңнің әдебиетінің жаңа деңгейге көтерілгенін айтады. Десе де, қазіргі шығармалар қандай ауыр жүкті арқалап тұрғанын тарқатқанмен, оқырманға қажеттілігі турасында сөз айту қиын. Мүмкін, көркем шығарманың ұлтқа қызмет етуі – қоғам қажеттілігін өтеу шығар. Кезінде кеңестік цензурадан кейін сөз бостандығы беріле бастағанда тарихи тақырыптарға бару ұлттық рухымызды оятудың басты кепілі болғаны рас, ол туындылар қазаққа қызмет етті де, етіп те жатыр. Ал енді бүгінгі қоғамға не қажет екенін жазушы қауым тап баса алмай жатырған секілді.
Бір қоғамнан екінші қоғамға ауысқан шақта өз орнын таба алмай қалған күйде жүрген жазушы мен сынның керегі қазір байқалып-ақ тұр. Қоғам бейнесін жаңалықтар мен интернет бетінен таныған шақта ешқандай эстетикалық әсерді сезіне алмаған буын қалыптасты. Бұл бұлай жалғаспау үшін қаламгерлердің қоғамдағы орнын жоғарылатуымыз қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет