Мақсат қою (мәселелі жағдаят) Бүгін біз өз білімімізді нақтылаймыз, әрқайсыңызда туындаған қандай да бір қиындықты тауып, оны түзейміз.
12–29
Өзіндік жұмыс Оқушылар 2-ші және 3-ші тапсырманы орындап, шыққан нәтижесін эталонмен салыстырады.
Қиындықтарды түзету Мұғалім орындалу барысының дұрыстығын тексереді.
– Кімде қиындық туындады?
– Сіз қай жерде қате жібердіңіз?
– Қате кетудің себебі неде?
– Егер өзіндік жұмыста ешқандай қиындық туындамаса, өз іс-әрекетіңіздіңң мақсатын құрастырыңыз.
(Қосымша тапсырма орындау).
– Қиындық туындаған балалардың әрі қарайғы мақсаты қандай? (Қатені түзету).
– Қателерді түзеу алгоритмін қолданамыз.
Әркім өз оқу мақсатын айтады.
Мұғалім бағалау критерийлері бар тапсырманы орындауды ұсынады.
Мен: – шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығаруды және талдауды;
– шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептердің шешуін жазуды;
– аудан бойынша тіктөртбұрыштың қабырғаларын табуды;
– қабырғалары бойынша тіктөртбұрыштың ауданын табуды білемін.
Дәптер, оқулық.
30–40
Өткен материалды қайталау Баланың даму деңгейі бойынша мұғалім жекелей тапсырма береді.
Дәптер, оқулық.
41–45
Рефлексия. Сабақтың басында алдымызға қандай мақсат қойдық?
– Осы мақсаттарға жете алдық па?
– Сіздерде қиындық туындаған ба еді?
– Сіз оларды өте алдыңыз ба?
– Бүгінгі сабақ несімен қызықты болды?
Өз жұмысын жетістік сызғышының көмегімен бағалауды ұсынады.