2В бөлігі бойынша балаларды жиынтық жұмыс жүргізуге дайындайды.
Оларға жұмыстың мақсаттары мен орындалу жүйесін түсіндіреді.
Жиынтық жұмыс жүргізу кезінде достық қарым-қатынасты және тыныш атмосфераны сақтайды.
Тексер, мақсатыңа жете алдың ба?
Мен:
Шеңбер, дөңгелек және оның элементтерін (центр, радиус, диаметр) ажыратуды және оларды атауды /симметриялы, симметриялы емес жазық фигураларды тануды және оларды қоршаған ортаның заттарымен салыстыруды;
Геометриялық фигураларды жіктеуді;
Тіктөртбұрыш және шаршы (берілген қабырғалар бойынша) салуды, циркульдің көмегімен шеңбер сызуды;
Тіктөртбұрыштың S=a·b, шаршының S=a2,тікбұрышты үшбұрыштың S=(ab):2 және қооршаған орта объектілерінің ауданын табу формулаларын құрастыруды және қолдануды;
мм, км/ г, т/см2, дм2, м2 өлшем бірліктерін пайдалана отырып, шамаларды өлшеуді;
Суреттегі бейнеленген аралас фигуралардың периметрін анықтауды, қоршаған ортадағы жазық фигураларды анықтауды;
Торкөз қағазға берілген аудан бойынша жазық фигуралар салуды, фигураның пішіні өзгерген жағдайда фигураның ауданы өзгеретінін түсіндіруді;
Параллель және қиылысатын түзуле сызуды, нүктелі қағазға қиылысатын жазық фигуралар салуды және олардың ауданын, қиылысуын және бірігуін табуды;
Тіктөртбұрыштың (шаршының) қабырғалары мен ауданын табуға арналған есептер шығаруды және зерттеуді үйрендім.
2С. АУЫЗША КӨБЕЙТУ ЖӘНЕ БӨЛУ
Бұл бөлімде оқушылар:
100 бен 1000 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлуді, қосындыны санға көбейту ережесін қолдануды;
10, 100 санына көбейту мен бөлу амалдарын орындау; толық ондықтар мен жүздіктердің көбейту мен бөлу амалдарын орындауды;
Разрядтан өтпей кестеден тыс көбейту мен бөлуді орындауды үйренеді.