бет 67/144 Дата 16.12.2023 өлшемі 1,44 Mb. #140163 түрі Оқулық
Байланысты:
ҚМЖ 3 сынып математика 3-сынып
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаттары
3.1.2.4. 6; 7; 8; 9 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру , білу және қолдану.
3.5.1.2. Есептерді шығаруда «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса»; «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын» шамаларының арасындағы тәуелділікті пайдалану.
Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар:
8 және 9 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу және қолдану.
Бірқатар оқушылар:
есептерді шығаруда шамалардың арасындағы тәуелділікті пайдалану.
Кейбір оқушылар:
Шамалардың арасындағы тәуелділікті кескіндейтін әріптік өрнектерді өз бетінше жазу.
Тілдік мақсаттар
Дағдыларын дамыту:
Шамалардың өзара қатынасын түсіндіре алады.
Пәндік лексика және терминология:
көбейту кестесі, есептерді шығаруда «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса»; «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын» шамаларының арасындағы тәуелділік
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл
Талқылау:
Бір заттың бағасын қалай білеміз?
Сатып алынған заттардың құны мен санын біле отырып , нені білуге болады?
Бірдей заттардың жалпы массасын анықтау үшін нені білу қажет?
Заттардың саны мен жалпы массасын біле отырып , бір заттың массасын қалай анықтаймыз?
Жазылым:
Сандық және әріптік өрнектерді , формулаларды жазу.
Достарыңызбен бөлісу: