Ә. Б. Ақпаева, Л. А. Лебедева, М. Ж. Мыңжасарова, Т. В. Лихобабенко математика әдістемелік нұсқау



бет18/144
Дата16.12.2023
өлшемі1,44 Mb.
#140163
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   144
Байланысты:
ҚМЖ 3 сынып математика

Мақсат қою (мәселелі жағдаят)
– Бүгінгі сабақтың мақсаты не?
– Өрнектің мәнінің тәсілдері туралы алған білімін бекіту. Есеп шығарғандағы қателермен жұмыс жасау.




12-29




Өзіндік жұмыс
Оқулықтағы 2, 3-тапсырманы орындау.
Қиындықтарды түзету
Мұғалім тапсырманың дұрыстығын тексереді.
– Кімде қиындықтар туындады?
– Қай жерден қате жіберді?
– Жіберілген қатенің себебі неде?
– Өзіндік жұмыста қате жібергендердің іс-әрекетінің мақсатын құрыңыз.
(Қосымша тапсырмаларды орындау).
– Қиындық туындаған оқушы жұмысының түпкі мақсаты қандай?
(Қателерді түзеу).
– Қателерді түзеу алгоритмін пайдаланамыз.
– Әркім өзінің есебі жайында айтады.
Дәптерде балалар бағалау критерийлерімен тапсырманы орындайды.
Мен:
-көптаңбалы сандардың графикалық моделін құрай аламын;
-разрядтар мен кластар кестесін қолданамын;
-1 000 000-ға дейін тура және кері ретпен мыңдықтармен санаймын.

Оқулық, разрядтар кестесі, дәптер.

30-36




Өткенді қолдану.
Балалар өз таңдауымен тапсырманы орындайды.
Оқушылар оқулықтан 3-тапсырманы орындайды, дәптерге сәуле сызады, санды белгілейді, берілген теңсіздіктің шешімі болып табылатын 5 санды жазады.
4-тапсырмада оқушылар көрсетілген бірлік өлшеміне өрнектейді.
5-ші және 6-тапсырма топпен орындалады. Оқушылар 5(а) және 5(ә) есептерді шығарады. 6-тапсырмада теңдеулерді шешеді.
Оқулықтағы 7-тапсырма жұппен орындалады, оқушылар берілген қосындының мәні шығатындай үш санды таңдайды.

Оқулық, дәптер.

37-40



Рефлексия.
Сөйлемді аяқтаңыздар:
– Бүгін мен… білдім.
– Маған… қызықты болды.
– Маған …қиындық тудырды.
– Мен… тапсырмаларды орындадым.
Үй тапсырмасын балалардың жеке қиындықтарын ескеріп анықтайды.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет