Ә. Б. Ақпаева, Л. А. Лебедева, М. Ж. Мыңжасарова, Т. В. Лихобабенко математика әдістемелік нұсқау



бет1/144
Дата08.02.2023
өлшемі1,44 Mb.
#66184
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   144
Байланысты:
ҚМЖ 3 сынып математика




Ә. Б. Ақпаева, Л. А. Лебедева, М. Ж. Мыңжасарова, Т. В. Лихобабенко


МАТЕМАТИКА


Әдістемелік нұсқау
Жалпы білім беретін мектептің
3-сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқау

Алматыкітап баспасы


2018


Ақпаева Ә. Б. және т.б.
Математика. Жалпы білім беретін мектептің 3-сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқау. Ақпаева Ә. Б., Лебедева Л. А., Мыңжасарова М.Ж., ЛихобабенкоТ.В.– Алматы: Алматыкітап баспасы, 2018. – 468 бет.
© Ақпаева Ә. Б., Лебедева Л. А.,
Мыңжасарова М.Ж., ЛихобабенкоТ.В., 2018
© «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2018


Алғы сөз


Сіздер ҚР білімінің мазмұнын жаңарту шеңберінде оқулықтар мен бағдарламаларды сынау жөніндегі жұмысты (жаңартылған МЖБС және бастапқы оқыту бағдарламасы бойынша) жалғастырып отырсыздар.


Жаңа білім беру стандарты мен бағдарлама математиканы қоршаған ортаны түсіну және зерттеу тәсілі ретінде қабылдауды дамытады. Осындай көзқарас математиканы үйрету емес, математика арқылы оқыту идеясын іске асырады, яғни балаға дүниені математикалық білім, біліктер және іс-қимыл тәсілдері арқылы тануға мүмкіндік береді.
Осындай көзқарас баланың математикалық білім алуға, жаңа түпнұсқалық шешімдерді іздеуге қызығушылығын дамытады.
Бағдарлама когнитивтік дағдыларды (түсіну, түсіндіру, талдау, синтез, жіктеу, қолдану және көрсету); коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларды; сондай-ақ өзін-өзі басқару және өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуды көздейді.
Сонымен қатар бағдарлама тұлғалық қасиеттерді (білімпаздық, мақсатқа ұмтылу, жауапкершілік және т.б.) дамытады.
3-сыныпқа арналған «Математика» ОӘК ерекшеліктеріне тоқталамыз.
ОӘК-нің құрамы:

  • Оқулық (4 бөлім).

  • №1, №2, №3, №4 жұмыс дәптері.

  • Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқау

  • Құрамында жаттықтырғыш, жинақ полотносы, сабақтарға арналған презентациялық материалдары, ойын-презентациялар, үлестірмелі материалдары бар компакт-диск.

Оқулық сабақтар бойынша құрылған, төрт бөлімнен тұрады. Оның пішіні мен безендірілуі балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді.
Оқытудың іс-әрекеттік тәсіліне сәйкес оқулықта сабақтың екі түрі ұсынылған: Жаңа материалды оқыту сабағы және бекіту сабағы (рефлексия)
Жаңартылған бағдарламаның талабына сәйкес оқулықта математикалық материал мен лексикалық тақырып үйлесімді байланысады. Лексикалық тақырыптар бағдарламаға сәйкес берілген және пәннің, сандық материалдың, кіші мектеп жасындағы оқушылардың танымдық қызығушылықтарын ескеріп әрбір сабаққа құрылған.
Ортақ тақырыптар аясында сабақтардың лекикалық тақырыбын, есептердің тақырыбын, суреттер мен тапсырмалар таңдау әртүрлі пәндермен пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруды көрсетеді. Бүтін бір бөлімге ғана емес, әрбір сабаққа лексикалық тақырып ойластырылған. Әрбір сабақта көрсетілген ортақ тақырыптар аясындағы лексикалық тақырыптар ұсынылған жағдаяттар, иллюстрациялар және тапсырмалар арқылы тәрбиенің барлық түрінің міндеттерін шешуге мүмкіндік береді. Тәрбиенің түрлері бойынша материалдардың бірдей көлемде екенін атауға болады.
Лексикалық бөлімдердің тақырыптары тиісті түстермен бөлектенген. Лексикалық тақырыптардың болуы мұғалімге сабақты бір тақырыппен біріктіруге мүмкіндік береді. Бұдан басқа лексикалық тақырып қоршаған орта заттары мен құбылыстарын математика арқылы зерттеуге ықпал етеді, бұл материал өмір мен пәнаралық байланысты жүзеге асырады.
Сабақтың №1 тапсырмасы сабақтың лексикалық тақырыбын бейнелейді және иллюстрациясы бар. Ол сабаққа уәждеме туғызуға, жаңа материалды өзектендіруге және ашуға бағытталуы мүмкін.
Оқулықтың бағдарлау аппараты қолайлы және түсінікті. Жаңа материалмен танысу сабақтары және бекіту (рефлексия) визуальді ерекшеленеді (түсті безендіру және шартты белгілер жүйесі). Бұл сабақтарда белгілер мен мақсаттардың тұжырымдалуы әртүрлі, сонымен қатар, рефлекия үшін сабақтың соңында сұрақтарымен әртүрлі белгілер ұсынылған (Блум таксоманиясына сәйкес сұрақтардың әртүрлі деңгейлері).
Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар, дәптерге орналастырылған қалыптастырушы бағалауға арналған белгілермен белгіленген. Сонымен қатар оқулыққа осы жаттығумен жұмысты ұйымдастырудың – жұптық немесе топтық нысанына арналған ұсыныс белгілері енгізілген. Тапсырмаларды орындау кезінде балалардың коммуникациясын ұйымдастыруға зор көңіл бөлінді.
Сонымен қатар практикалық және шығармашылық жұмыстарды белгілеуге арналған шартты белгі енгізілген.
Практикалық жұмыс өлшеулер орындауға, тұрғызуға, нысандар мен олардың моделдерімен әрекеттермен байланысты. Әрекет алгоритмдерін орындаудың практикалық негіздерін ұйымдастыру, сан үлгісін, арифметикалық амалдардың мәнісі мен олардың қасиеттерін «ашу» және басқа да бағдарламалық мәселелерді меңгеру үшін тапсырмаларды орындаған кезде қосалқы материалдарды, балалардың қозғалыс белсенділігін, сондай-ақ кабинетінде тиісті жабдығы барлары үшін жасалған жинақ полотносы мен жаттықтырғышты пайдалануды ұсынамыз.
Шығармашылық жұмыс – өзгертілген немесе жаңа шарттарда білім және әрекет тәсілдерін қолдану білігіне тапсырма.
Әр сабақта оқушыларға арналған шағын зерттеулер бар, олардың ең көрнектілерін біз «үлкейткіш шыны» белгісімен белгіледік.
Біз «Үй тапсырмасы» белгісімен үй жұмысына арналған жаттығуларды белгіледік. Бірақ та, бұл белгімен тек жаңа материалмен танысу сабақтарында ғана белгіленген. Іс-әрекеттік тәсілге сәйкес сабақтың соңында қорытынды жасалады, яғни жаңа білімді бекітуге жаттығу қажет. Рефлексия (бекіту) сабақтарында меңгеру деңгейіне қарай тапсырма саралынып беріледі.
«Математика күнделікті өмірде» жаңа шартты белгісі еңгізілген. Мұндай белгімен математика құралдарымен өмірлік сипаттағы мәселелерді баладан кешенді шешуді талап ететін құзіреттілік сипаттағы тапсырмалар белгіленген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет