Ә. Б. Ақпаева, Л. А. Лебедева, М. Ж. Мыңжасарова, Т. В. Лихобабенко математика әдістемелік нұсқау



бет84/144
Дата08.02.2023
өлшемі1,44 Mb.
#66184
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   144
Қиындықтарға түсінік беру.
Алдыңғы тапсырманы сәтті орындаған балалар 4–6 жаттығулармен жұмыс жасайды.
№4 тапсырманы орындағаннан кейін, мұғалім бөлшектердің шығу тарихы туралы айтуына болады.
Бөлшектердің қазіргі мағынасы өз бастауын Ежелгі Үндістерден алады; оны арабтар да қолдана бастады, ал оларды XII–XIV ғасырларда еуропалықтар қолданысқа енгізді. Бөлшектерді алғаш пайдалана бастаған кезде бөлшек сызығы қолданылған жоқ. Тек 300 жылдай бұрын уақыттан кейін ғана бөлшек сызығы жиі қолданыла бастады. Ең алғаш бөлшектің қазіргі түрін қолданып, оны 1202 жылы тарата бастаған еуропалық ғалым, италияндық саудагер және саяхатшы, қалалық хатшы Фибоначчидің баласы – Леонардо Пизанский. Ол «бөлшек» сөзін енгізді. «Алым» мен «бөлім» атауларын XIII ғасырда грек монахы, оқымысты-математик – Максим Плануд енгізді.

Дәптер, оқулық

30–40



Өткенмен жұмыс.
№ 5–7тапсырма өткенді қайталауға арналған.
Өзіндік жұмыс.
Бағалау критерийлері бар дәптерден тапсырма береді.
Мен:
– жай бөлшектерді оқып, жаза аламын;
– көрнекіліктерді пайдаланып, бөлімдері бірдей бөлшектерді салыстыра аламын;
– екі натурал санның ширегін бөлшек ретінде жазуды;
бүтіннің бір не бірнеше бөлігін жазуды білемін.

Дәптер, оқулық.

41–45



Рефлексия.
Рефлексия жүргізу үшін балалардың өз біліктіліктерін мақсаттарымен үйлестіреді: сабақ үстінде қолынан не келетінін кім түсінді; көрнекіліктерді пайдаланып, бірдей бөлімдері бар бөлшектерді салыстыру.

Жетістік сызғышы.



44-сабақ. Санның бөлігін табу және бөлігі арқылы санды табу




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет