Тақырыбы: Үш таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдері / Жергілікті жердің бедері
|
Мектеп:
|
Күні:17.09
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
3-сынып
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Оқу мақсаттары
|
3.1.2.8. Үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану.
3.5.2.4. Қосу мен азайту, көбейту және бөлу амалдары компоненттерінің атауларын жақшалы өрнектерді оқу мен жазуда қолдану.
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
|
үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану.
|
Бірқатар оқушылар:
|
қосу мен азайту, көбейту және бөлу амалдары компоненттерінің атауларын жақшалы өрнектерді оқу мен жазуда қолдану.
|
Кейбір оқушылар:
|
Қосу мен азайтудың жазба алгоритмін қолдана отырып, өрнектің мәнін бірнеше әрекетпен табу.
|
Тілдік мақсаттар
|
Дағдыларын дамыту:
Үш таңбалы сандарды қосу мен азайтудың жазбаша алгоритмін қайта қосу.
Пәндік лексика және терминология:
Разряд арқылы бір/екі «бағанмен» үш таңбалы сандарды қосу мен азайту алгоритмдері.
Бір / екі әріппен әріпті өрнек, әріптердің мәні, сандық өрнектің мәні.
|
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.
Талқылау:
|
Бағанмен жазудың ыңғайлылығы неде?
Сандарды қосу мен азайту кезінде бағанға қалай жазған дұрыс?
Есепті қалай тексеруге болады?
|
Жазылым:
|
Өрнектерді бағанмен жазу.
|
Тірек білім, білік, дағдылар
|
Екі таңбалы сандарды қосу мен азайту алгоритмі.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған іс-әрекет
|
Қоры
|
0-3
|
Ынталандыру.
- Кинолардан, журналдар мен компьютердегі суреттерден тауларды бір емес бірнеше рет көрдіңіздер. Сізге таулар туралы әндер таныс па? Таулар туралы әдеби шығармалар мен суретшілердің салған картиналары бар.
- Тауда болғандарың бар ма?
- Тау туралы не айтып бере аласыздар?
|
|
4-6
|
Өзектендіру.
Оқулықтағы 1-тапсырманы орындау үшін мәтінді оқып, қандай сандар кездескенін тауып және анықтап, кему тәртібі бойынша атайды.
|
Оқулық.
|
7-11
|
Мақсат қою (мәселелі жағдаят)
Өрнекті бағанға жаз. Нені байқадың? Бізге таныс емес жағдай бар ма?
458 + 152 900 – 128 100 – 58 654+345 1000 – 658
Қиындық туған жерді көрсетіңіз.
Жаңа құбылыс 654 + 345 пен 1000 – 658. Олар 100-ге дейінгі қосу мен 100-ден азайту тәсілдеріне ұқсайды.
|
Тақта, салынған суреттер жинағы.
|
12-29
|
Жаңаны ашу.
– Жаңа алгоритм құрамыз ба, қала ойлайсыз?
(қосуды толық жүзге/жүзден азайтудың белгілі алгоритмін толықтыру керек).
– Айтыңыздаршы, сіздер қалай ойлайсыздар?
2-тапсырмада оқушыларға үш таңбалы сандардың қосу мен азайту жазбаша алгоритмін қарау керек.
– бірліктерді қосамын…
– ондықтарды қосамын…
–жүздіктерді қосамын… 10 жүздік – бұл 1 мың. 1 мыңды жүздіктің сол жағына жазамын.
Азайтуда осы сияқты ұқсас. (азайғышта бос бірлік 0, бос ондық 0, бос жүздік 0)
– Бірліктер қайда тығылды? (ондықта)
– Қалай болады енді? (1 ондықты 10 бірлікке ауыстыру)
– Ондықтар қайда тығылды? (жүздікте)
– Қалай болады енді? (1 жүздікті 10 ондықпен ауыстыру)
– Жүздіктер қайда тығылды? (мыңдықта)
– Қалай болады енді? (1 мыңдықты 10 жүздікпен ауыстыру.)
– Ары қарай? (әдеттегідей азайтамыз)
Толықтыру тақтасында толықтырылған алгоритм және орындалған есептің сызбасы.
|