Ең бастысы – тәуелсіздік. Одан кейін келісім, достық және адал еңбек. Сонда ғана Ұлы Даланы мекендеген Мәңгілік Еліміз мәңгіліктерге қадам баса беретін болады



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата06.03.2017
өлшемі4,05 Mb.
#8182
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Ең бастысы – тәуелсіздік. Одан кейін келісім, достық және адал еңбек. 

Сонда ғана Ұлы Даланы мекендеген Мәңгілік Еліміз мәңгіліктерге қадам 

баса беретін болады.

 №47 (1335) 23 қараша

 

2016 жыл, сәрсенбі



www.z-taraz.kz

 

„



Қоғам тыныштығын қамтамасыз етіп, әр азаматтың заңды құқықтарын қорғап, қауіпсіздігі үшін 

қалтқысыз еңбек етіп жүрген полиция қызметкерлеріне облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев су жаңа 83 

қызметтік автокөліктің кілтін табыс етті.   

 

3-бет.

 

5-бет.

 

10-бет.

Зардап шығыны қалай 

өтеледі?


Бала денсаулығы - 

маңызды мәселе

 

„

Дүлей дауылдан зардап 



шеккен тұрғындарға көмек 

беріледі. 

 

„

Бүлдіршіндерге 



торакопластика, сколиоз 

бойынша Астана, Алматыда 

жасалып келген ота өзімізде 

жасалуда.   

 

6-бет.

Жазылым бөлімі: 43-50-34

-

Редакциядан

жазыламын деушілерге

газеттің баспа құны:

Жарты жылға - 1250 теңге

Бір жылға - 2500 теңге

Қазпошта

Ауыл тұрғындары үшін

Қала тұрғындары үшін

Тараз Пресс

Эврика Пресс

Ернұр Пресс

1 жылға

6 айға

3432

1716

1720

3440

3440,52

1720,26

3663,96

1831,98

1700

3400 

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!



«Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ және «Қазпошта» АҚ  

арасындағы ынтымақтастық шеңберінде, «Қазпошта» 

АҚ Жамбыл облыстық филиалында  Астана қаласында 

өтетін  халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» 

көрмесіне пошта байланыс бөлімшелерінде билеттер  

сатылуы басталды.

Сіздер  №19  «Самал»  шағын  ауданындағы  пошта 

бөлімшесінде және Төле би көшесі, 79  ғимаратындағы  

офисінің орталық операциялық учаскесінде билеттерді 

сатып ала аласыздар.

Ал ағымдағы жылдың 1 желтоқсанында  «Қазпоштаның» 

барлық автоматтандырылған бөлімшелерінде  билеттер 

сатылады.

Электронды билеттерді  пошта бөлімшелерінің опе-

раторлары  билеттерді сату жөніндегі ЭКСПО-2017 -                 

tickets.expo2017astana.com ресми сайты арқылы рәсімдейді.

Билеттерді сату қолма-қол ақшамен және төлем карта-

лары арқылы жүзеге асырылады.

Тәкен МОЛДАҚЫНОВ



Жаңа ЖүйЕгЕ – 

Жаңа көліктЕР

ҚАЛА-ҚАрБАЛАс

2

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №47 (1335), 23 қараша  2016 Жыл  //



татулықтың тҰтқаСы, 

БіРліктің БЕСігі

Арайлым БАҚыТжАнҚызы

«Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығындағы 

Достық  үйінде  болған  шара  «Қазақстан 

Тәуелсіздігі:  келісім  мен  бірліктің  25  жылы» 

тақырыбына арналды. Сессия жұмысын облыс 

басшысы ашып, жүргізіп отырды. 

–Биылғы  жыл  қоғамдық  маңызы  бар  елеулі 

оқиғаларға  толы  болды.  Конституцияға 

негізделген Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар 

депутаттарының  сайлауын  абыройлы  түрде 

өткіздік. Қазақстан алғаш рет Біріккен Ұлттар 

Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес 

мүшесі болып сайланды. Ел Президенті Нұрсұлтан 

Назарбаевтың  Бейбітшілік  манифесі  әлемдік 

деңгейдегі ресми емес құжат мәртебесін алды. 

Еліміздің болашағын баянды ететін «Мәңгілік 

Ел» патриоттық актісі қабылданды. Тәуелсіздіктің 

мерейлі 25 жылдық шежіресі осындай маңызды 

оқиғалармен еселенді. Бұл – Елбасының өлшеусіз 

еңбегінің жемісі, еліміздің жетістігі. Бір айдан 

соң барша қазақстандықтар ең қастерлі мереке – 

Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Жас мемлекетіміздің 

мерейлі  25  жылы  ішінде  біз  Елбасымен  бірге 

ұлы жолды жүріп өттік. Еңселі мемлекет атанып, 

кемеңгер  көшбасшысы  бар  табысты  елдердің 

қатарына  ендік.  Тәуелсіз  ел  болуды  аңсаған 

ата-бабалардың орындалған арманын ұрпақтан-

ұрпаққа  аманат  етуіміз  қажет.  Біздің  күшіміз– 

бірлікте,  қуатымыз  –  халқымызда!  «Мәңгілік 

Елдің» жеті тұғырын әрдайым құрмет тұтып, олар-

ды нығайту – ортақ парызымыз. Барлығыңызды 

Тәуелсіздіктің  25  жылдық  мерейтойымен 

құттықтаймын, – деді Кәрім Нәсбекұлы. 

Сондай-ақ аймақ басшысы тәуелсіздік жылда-

рында өңір экономикалық-әлеуметтік, спорт пен 

мәдениет салаларында толайым табыстарға қол 

жеткізгенін, ауыз толтырып айтарлықтай өсу мен 

өркендеуді бастан кешіргенін мақтанышпен айт-

ты. Жемісті де жеңісті жетістіктердің барлығы да 

еліміздегі, облыстағы берік орныққан татулық пен 

бірліктің, достық пен ынтымақтың арқасы екенін 

ерекше айтып өткен өңір басшысы ағымдағы жылы 

облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының бас-

тамасымен өткен игі шаралардың мән-мазмұнына 

тоқталды. 

Бұдан  соң  жарыссөзге  шыққан  азаматтар 

еліміздегі ұлтаралық татулықтың нәтижелі түрде 

сақталып, Қазақстан баршаға ортақ Отан, жылы 

ұя, қамқоршы болып отырғанын тебірене жеткізді. 

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың бірінші прорек-

торы Асқар Абдуалы  азаттықтың ақ таңы атқалы 

Қазақстан бірлік пен келісімді дамытудың жаңа 

сатысына көтерілгенін жеткізді.

 – Біздің бұл бағыттағы жемісті жұмыстарымыз 

2025 жылға дейін Қазақстан халқы Ассамблеясының 

даму және қазақстандық бірегейлік пен бірлікті 

нығайту  мен  дамыту  тұжырымдамаларын 

қабылдауымыздан көрінеді. Тұжырымдамаларда 

Елбасының  Бес  институционалдық  рефор-

 

„

Облыс әкімі, облыстық қазақстан халқы ассамблеясының 



төрағасы кәрім көкірекбаевтың төрағалығымен облыстық қазақстан 

халқы ассамблеясының кезекті XIX сессиясы өтті. 

 

„

қР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары алик Шпекбаев облыс 



активімен кездесті. 

Жемқорлықтың салдарын ойлан!

Арайлым ШАБдЕновА

Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың 

төрағалығымен өткен жиында елімізде 

сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп 

жатқан саясаттың негізгі қағидаттары 

мен  оны  жүзеге  асыру  барысы 

талқыланды.  Жиынды ашқан өңір бас-

шысы Кәрім Көкірекбаев облыс бой-

ынша жемқорлыққа қарсы атқарылған 

жұмыстарға қысқаша тоқталды.

  –  ҚР  Президенті  Нұрсұлтан                                     

Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жо-

спарында кәсіби мемлекеттік аппарат 

құру реформасына ерекше көңіл бөліп 

келеді. Ұлт жоспарында көрсетілгендей, 

мемлекеттік қызмет этикасын арттыру, 

жемқорлыққа қарсы күресті күшейту 

шараларын жүзеге асыруда көптеген 

қадамдар жасалуда. Жылдың басында сы-

байлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы 

жаңа заңдар, мемлекеттік қызметкерлерге 

арналған жаңа Әдеп кодексі қабылданған 

болатын.  Аталмыш  заңнамалардың 

уәкілетті  орган  қызметкерлерінің 

жауапкершілігін арттыруда үлесі зор деп 

білеміз, – деді Кәрім Нәсбекұлы.

Мінберге  көтерілген  облыс  әкімі 

аппаратының  әдеп  жөніндегі  уәкілі                      

Айжан Көшербаева өзінің баяндамасын-

да аталған тақырып бойынша аймақта 

атқарылған шараларға тоқталып өтті. 

Сондай-ақ  ҚР Мемлекеттік қызмет істері 

және  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 

іс-қимыл агенттігі төрағасының орын-

басары Алик Шпекбаев Қазақстандағы 

жемқорлық және онымен күрес жөнінде 

хабарлама жасап, ойын ортаға салды.

  –  Елбасымыздың  Жарлығымен 

қабылданған Ұлт жоспарына сәйкес, 

сыбайлас жемқорлыққа қатысты елімізде 

59  заң  қайта  қабылданып,  кейбіріне 

өзгерістер  енгізілді.  Сонымен  қоса, 

Қазақстан  Республикасының  2015-

2025  жылдарға  арналған  сыбайлас 

жемқорлыққа  қарсы  күрес  стратеги-

ясы қабылданды. Бұрындары сыбай-

лас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  сая-

саты  қозғалған  қылмыстық  істердің 

саны және олардың салдарын жоюмен 

бағаланса,  қазіргі  таңдағы  іс-әрекет 

жемқорлықтың себеп-салдарын анықтау 

мен құқық бұзушылыққа итермелейтін 

жағдайлардың алдын алуға бағытталған, – 

деп атап өтті ол. Алик Жатқамбайұлының 

берген мәліметтеріне сүйенер болсақ, 

Қазақстан сыбайлас жемқорлық бойынша 

әлемде 168 мемлекеттің ішінен 123-орын-

ды иеленіп отыр екен. Соның ішінде, Жам-

был облысы еліміз бойынша екінші орын-

да тұр. «Бұл – біздің қоғамға қауіпті әрі 

жоғары көрсеткіш. Қазақстан жемқорлық 

әрекеттер бойынша Ресей және Қытай 

елдерінің қатарында тұр. Сондықтан біз 

жемқорлығы жоқ немесе өте аз Канада, 

Германия және Финляндия елдерінің 

қатарына қосылуға ұмтылыс жасауымыз 

керек. Соңғы тоғыз айда еліміз бойынша 

614 лауазымды тұлға қызметін дұрыс 

атқармағандығы үшін айыппұл төлесе, 

837  қызметкердің  мүлкі  тәркіленді. 

1107  тұлғаға  өмір  бойы  мемлекеттік 

қызметте жұмыс жасауға тыйым салын-

ды. Бұл – қуантарлық көрсеткіш емес»- 

деген Алик Жатқамбайұлы өз сөзінің 

дәлелі ретінде жемқорлыққа қатысты 

үлкен қылмыстарды айғақтайтын бей-

нетаспадан үзінділер көрсетті. Жазбада 

еліміз бойынша істі болған бұрынғы 

лауазымды  тұлғалардың  қылмыстық 

істері мен олардың түрмедегі тірліктері 

көрініс тапқан. Алик Шпекбаев өз ба-

яндамасында басым бағытты әкімдік 

қызметкерлерінің моральдық-этикалық 

принциптерді қатаң сақтау керектігіне, 

әсіресе, Әдеп кодексінде қабылданғандай, 

сыйлықтың кез келген түріне тыйым 

салынғандығына баса көңіл бөлді.

Құқықтық  статистика  мәліметіне 

сүйенсек, жемқорлықтың ең көп тараған 

ошағы  ішкі  істер  органдары,  оның 

ішінде,  жергілікті  полиция  қызметі, 

мемлекеттік кіріс органдары мен мек-

теп және мектепке дейінгі білім беру 

ұйымдарында жиі кездеседі. Сондай-

ақ лауазымды тұлғалардың арасында 

ішімдік ішу, алдау және пара алу да жиі 

кездеседі екен.

 – Сыйлық  сыбайластыққа жетелейді. 

«Алмақтың да салмағы бар» деген сөз 

бар. Түрлі мерекені сылтауратып адамдар 

басшыларға сыйлық жасауға, көңілін 

аулауға  тырысады.  Бұған  енді  тый-

ым  салынып  отыр.  Ал  егер  сыйлық 

халықаралық кездесулердің нәтижесінде 

берілсе, оны 7 тәуліктің ішінде жергілікті 

атқарушы органға тапсыру керек, – деді 

ҚР  Мемлекеттік  қызмет  істері  және 

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл 

агенттігі төрағасының орынбасары.

–  Жемқорлықтың  мемлекеттік 

құрылымға,  ұлттық  қауіпсіздікке 

келтіретін үлкен қаупі бар. Сондықтан 

оның тамыр жаюына жол беруге бол-

майды. Осы мақсатта республикамызда 

әлемнің озық тәжірибелері қолданысқа 

енгізілуде. Бұрын жемқорлыққа қарсы 

күрес саясатында қозғалған қылмыстық 

істер  мен  зардабын  жою  мәселесіне 

маңыз берілетін. Қазір жемқорлық құқық 

бұзушылықтың себебі, оған жол берудің 

жайы басым бағыт саналып отыр, – деді 

сөзінің соңында агенттік төрағасының 

орынбасары Алик Шпекбаев.

Бұдан кейін облыс басшысы Кәрім 

Көкірекбаев Астанадан арнайы ат басын 

бұрған агенттік төрағасының орынбаса-

рына алғысын білдіріп, қоғамның бүгінгі 

індетімен күрес барынша күшейтілетінін 

жеткізді.

масы  аясында  «Мәңгілік  Ел»  жалпыұлттық 

патриоттық идеясын іске асыру, азаматтық прин-

ципке негізделген біртектілік пен бірлікті нығайту 

ең басты міндет ретінде көрсетілген. Қазақстанда 

түрлі мәдениеттер мен өркениеттердің бейбіт өмір 

сүруінің бай тарихи тәжірибесі жинақталған. Бұл 

өз кезегінде халықтың бойында ортақ құндылық 

бағдарлары, этносаралық және конфессияаралық 

келісім мен сыйластыққа негізделген төзімділік 

атмосферасын  қалыптастырды.  Міне,  Елба-

сымыз  Қазақстанның  этно-мәдени  және  діни 

көптүрлілігі – еліміздің ортақ жетістігі мен зор 

байлығы екендігін үнемі атап көрсетіп отыр, – 

деді Асқар Бекәділұлы.

Ал  Қордай  ауданының  әкімі  Қайрат  Досаев 

аудандағы халықтың 47 пайызы өзге ұлт өкілдері 

екенін,  олардың  достық  қарым-қатынасы  мен 

ынтымағы жарасып, өңірдің дамуына барлығы 

біркісідей атсалысып келе жатқанын тілге тиек 

етті. Сонымен қатар, Аналар кеңесінің мүшесі 

Әлия Кебегенова өзінің көп ұлтты балалардың 

анасы атанғанын мақтанышпен жеткізді.

 – Жолдасым Ғалым Арыстанбаев екеуміз үш 

перзентімізбен қатар, балалар мектеп-интернаты-

нан бес баланы бауырымызға басып, тәрбиелеп 

отырмыз. Бесеуі бес түрлі ұлттың өкілі болса да, 

қазір бір атаның баласындай бауырмал, сыйлас 

болып өсіп келеді. Бізді әке, ана деп атайды. Біз де 

оларды өз балаларымыздай жақсы көреміз, – деді 

көп балалы жас ана ағынан жарыла.

 Сондай-ақ тәуелсіздік құрдасы, татар ұлтының 

өкілі Риналь Рахматуллиннің жүрекжарды сөздері 

де көпшілікті тебірентті. Күн тәртібінде қаралған 

екінші  мәселе  бойынша  Қазақстан  халқы  Ас-

самблеясына мүшелікке кандидаттар тізімі және 

облыстық  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының 

басшылығы  мен  құрамы  бекітілді.  Басқосу 

соңында халықтар достығы мен татулықтың жо-

лында, бірлік пен ынтымақты арттыру мақсатында 

аянбай еңбек етіп, мемлекеттік саясатты жүргізуге 

атсалысып жүрген бірқатар азаматтар Қазақстан 

халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын 

медалімен, Құрмет грамотасымен, Алғыс хаты-

мен және облыс әкімінің Құрмет грамотасымен 

марапатталды.

Бір шаңырақ астында.   Суреттерді түсірген Н.тұрғынбек


//   «Жамбыл - Тараз»  //  №47 (1335), 23 қараша  2016 Жыл  //

ҚАЛА-ҚАрБАЛАс

3

азаМаттық қОғаМНың 

қОзғалыСы тың

нұржан ҚАдІРӘЛІ

Биылғы  форумға алғаш  рет  ауылдық  округ 

әкімдері қатысты. Бұл ауылдағы үкіметтік емес 

ұйымдардың дәрежесін көтеріп, бірлесе еңбек 

етуге сеп болмақ. Бүгінгі таңда өңірімізде 600-дей 

үкіметтік емес ұйым бар екен. Олардың 130-ы 

белсенді жұмыс жасайды. Назарбаев Зияткерлік 

мектебінің  акт  залында  ұйымдастырылған                 

VII-ші ҮЕҰ облыстық форумын облыс әкімдігінің 

ішкі  саясат  басқармасының  басшысы  Рахия 

Тұрмағамбетова  ашып,  жүргізіп  отырды.  Об-

лыс  әкімінің  орынбасары  Ерқанат  Манжуов 

алғашқы сөз тізгінін алып, осы уақытқа дейін 

ел  болып,  жұрт  болып  бір  үйдің  баласындай 

қиыншылықтар мен жетістіктерді бірге бастан 

кешіп, кешегі тоталитарлық жүйедегі жағдайлар 

мен  бүгінгі  Тәуелсіздігіміздің  25  жылдығы 

тұсында бағындарған белестер мен қанатымыз 

жеткен  тұғырлардың  бірсыпырасын  айтып 

өтіп,  өңірде  қоғамдық,  әлеуметтік  маңызды 

мәселелерге, жалпы ел тіршілігіне етене арала-

сып, белсенділік танытып жүрген бірқатар ҮЕҰ 

жетекшілерін марапаттады. 

-Баршаңызды  Қазақстан  Тәуелсіздігінің  25 

жылдығымен  шын  жүректен  құттықтаймын! 

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  сындарлы 

саясатының арқасында еліміз тәуелсіздік жыл-

дарында теңдесі жоқ тарихи кезеңдерден өтті. 

Осы аз ғана уақытта еліміз әлемге танылды. 70-

тен астам халықаралық ұйымның белді мүшесі 

атанды. Елімізде жалпы ішкі өнім де, экономикаға 

тартылған  инвестиция  да  артты.  Халықтың 

өмір сүру жасы 72-ге дейін көтеріліп, бала туу 

көрсеткіші 68 пайызға өсті. Еліміздің индустри-

алды даму бағдарламасы аясында жаңа жұмыс 

орындары пайда болды. Алдағы жылы елімізде 

«ЭКСПО-2017» көрмесі мен Универсиада сынды 

маңызды шаралар өтеді. Тәуелсіз Қазақстанның 

25 жылдығының маңызды жетістіктерінің бірі, 

ол  -  мемлекеттің  сенімді  әріптесі  саналатын, 

қарқынды  дамып  келе  жатқан  үкіметтік  емес 

сектор. Бүгінде ҮЕҰ-ның іскерлік және сапалық 

деңгейі  жаңа  белестерге  көтерілді.  Қоғамдық 

ұйымдардың  үлкен  әлеуметтік  және  саяси 

қозғаушы күшке айналғаны ақиқат. Оның бір 

дәлелі осы – ҮЕҰ форумы. Мемлекет басшысы 

азаматтық  қоғамның  белсенділігін  арттыруда  

үшінші секторға үлкен міндеттер жүктеп, зор 

сенім артып келеді. Елімізде жалпыға бірдей еңбек 

қоғамын құруда мемлекет, бизнес және үкіметтік 

емес  сектор  айрықша  маңызға  ие.    Өйткені 

мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаты азаматтық 

қоғам белсенділігін көтеруге бағытталған. Бұл 

маңызды міндеттер мен жобалар біздің облыста 

да  өз  жалғасын  тауып  келеді,  -  деді  Ерқанат 

Нұрбапаұлы. Сондай-ақ ол облыс әкімінің Құрмет 

грамотасымен  өңірдегі  Ардагерлер  кеңесінің 

төрағасы  Еркінбек  Солтыбаев,  «Жаңа-Ру» 

СЖҚЖҰҚ РҚБ облыстық филиалының жетекшісі 

Қасымхан  Төлендиев,  «Парыз»  ҚБ  төрағасы 

Бекқұлы Әлі, «Жастар авиациялық орталығы» 

ҚБ төрағасы Анатолий Кисиль, «АРСМИ» ҚБ 

төрағасы Лариса Сафоноваларды марапаттаса, 

«Амазонка» ҚБ төрағасы Анжелика Грантова, 

«Асыл-Арман» ҚБ төрағасы Ринат Нұрақбаев, 

«Болашақ» ҚБ басшысы Ғалия Қалиева, «Жар-

ты ай» ҚБ басшысы Оразкүл Тастемірова, «Ақ 

бұлақ» ҚБ төрағасы  Нилзия Рақышева, «Жамбыл 

облысының Азаматтық Альянсы Қауымдастығы» 

заңды  тұлғалар  бірлестігінің  төрағасы                                                                                                    

Зайтжан Юлдашев, «Жамбыл облысының жастар 

бірлестіктерінің  қауымдастығы»  ҚБ  төрағасы 

Исламбек Дастанға облыс басшысының Алғыс 

хатын салтанатты түрде табыс етті.  

Жалпы  бұл белсенділердің әлеуметтік саланы 

дамытуға қосқан үлесі де аз емес. Бұл жөнінде 

облыс  әкімдігі  жұмыспен  қамтуды  үйлестіру 

және  әлеуметтік  бағдарламалар  басқармасы 

басшысының орынбасары Ермек Бықыбаев жіпке 

тізіп айтып өтті.

- Егер 2011 жылы  бюджеттен бөлінген 9,7 млн. 

теңгеге екі әлеуметтік жоба арқылы 330 адам 

қамтылса,  биылғы жылы 14 әлеуметтік жобаға 

облыстық және жергілікті бюджеттерден 138,2 

млн. теңге бөлініп, 1713 мүмкіндігі шектеулі аза-

мат аталған қызмет түрлерімен қамтылып отыр. 

Ал жалпы соңғы 5 жылда қазынадан бөлінген 

340,2 млн. теңгеге 5334 адам арнаулы әлеуметтік 

қызметпен қамтылды,- деді ол. Жиын барысында 

еңбегі еленген белсенді ұйымдардың төрағалары 

да жарыссөзге шығып, атқарылған жұмыстары 

мен  алдағы  жоспарларын  айтып  өтті.  Түскі 

үзілістен кейін жиналғандар арасында үш сек-

ция бойынша пікірсайыс алаңдарының жұмысы 

ұйымдастырылды.  Шара соңында әлеуметтік иде-

ялар мен жобалар жәрмеңкесінің жеңімпаздары 

марапатталды.  Салтанатты  рәсімде  «Жамбыл 

облысының Азаматтық Альянсы Қауымдастығы» 

заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Зайтжан 

Юлдашев  азаматтық  қоғам  институттарын 

дамытуға үлес қосып келе жатқан облыстық «Ақ 

жол», «Арай», «Знамя труда» басылымдары мен 

қалалық  «Жамбыл-Тараз»  газетінің  ұжымына 

Алғыс хатын табыс етті. 



 

„

қазіргі таңда үкіметтік 



емес ұйымдар қоғамның 

қосалқы қозғаушы күші 

ғана емес, мемлекеттің  

тең серіктесіне айналып 

отыр. өңірде  үЕҰ-ның 

қатысуымен 500-ге 

жуық әлеуметтік жоба 

іске асырылған. Бұқара 

мен билік арасындағы 

байланысты берік еткен 

бұл  белсенді ұйымдарды 

мемлекет тарапынан 

қаржыландыру соңғы 10 

жылда 10 есеге артып 

отыр. 

Даму, жетістік, келешек!   Суретті түсірген Н.тұрғынбек.



 

„

тәуелсіздіктің 25 жылдығы 



қарсаңында облыс әкімі 

кәрім көкірекбаев полиция 

қызметкерлеріне жаңа 83 

қызметтік автокөліктің кілтін 

табыс етті.

 

„

үздік салық төлеушілер мен үздік сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар анықталды. 



Жаңа жүйеге – 

жаңа көліктер

Салық – халық үшін

нұржан СЕРІКХАнҰЛы

Орталық  «Достық»  алаңында  қаздай 

тізілген  теміртұлпарлар  қоғамдағы 

тыныштықты  қамтамасыз етіп, әр азаматтың 

заңды құқықтары мен бостандықтарын және 

қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жүйелі жұмыс 

атқарып жүрген полиция қызметкерлеріне 

үлкен  сый  болды.  Жиналған  көпшіліктің 

алдында    Кәрім  Нәсбекұлы  жыл  басында 

құрылған  жергілікті  полиция  қызметінің 

жүйелі жұмыстарына тоқталып өтті. 

-  Биыл  еліміздегі  айтулы  оқиғалардың 

бірі  –  Тәуелсіздігіміздің  25  жылдығы. 

Еліміздің  тарихы  осы  мерзім  аралығында 

көптеген  жетістіктерге  толы  болды.  Жыл 

басынан облыста тәртіп сақтау мен құқық 

бұзушылықтар профилактикасын жүзеге асы-

ратын жергілікті полиция қызметі құрылды. 

Жеке әкімшілік ғимарат бөлініп, оған ағымды 

жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жергілікті 

полиция  қызметінің  құрылуы  жергілікті 

қоғамдастықтың  алдында  ашықтық  пен 

есептілікке негізделгені баршаға аян. Осы 

уақыт ішінде жергілікті полиция қызметі өзінің 

міндеттерін тиісті деңгейде атқарып отыр. 

Ағымдағы жылдың он айында өңірде тіркелген  

қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны 

11 пайызға төмендеді. Сондай-ақ  аса ауыр 

қылмыстар, қоғамдық орындарда, көшелерде 

жасалатын және бөтен мүлікті ұрлау деректері 

азайды. Бұл  профилактикалық жұмыстардың 

күшейіп,  қылмыстардың  алдын  алуға 

тиімді  істердің  өз  деңгейінде  атқарылып 

жатқандығын көрсетеді. Ол үшін бізде барлық 

мүмкіндіктер  бар.  Ағымдағы  жылы  Ішкі 

істер департаментіне 6 млн. теңгеге жуық 

қаражат бөлінсе, оның ішінде жергілікті по-

лиция қызметін қаржыландыруға 557 млн. 

теңге қаралды. Кілтін табыстағалы отырған 

жаңа автокөліктер қылмыспен күресу ша-

раларын жетілдіруге өз үлесін қосады деген 

сенімдемін,  -  деген  өңір  басшысы    ішкі 

істер органдары қызметкерлерін алда келе 

жатқан  ҚР  Тұңғыш  Президенті  күні  және 

Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтап, 

көліктердің кілтін табыс етті. 

Ал  Кәрім  Нәсбекұлының  қолынан 

қызметтік автокөліктің кілтін алған полиция 

қызметкерлері  Қазақстан Республикасына 

адал қызмет етуге жеке-жеке ант берді. Су 

жаңа 83 қымбат автокөліктің 70-і жергілікті 

полиция  қызметіне  берілсе,  қалған  13-і 

жедел  басқару  орталығына  табысталды. 

Тізгінге отырған полиция қызметкерлері жаңа 

теміртұлпарларымен бірге салтанатты сап 

түзеп, қоғамның тыныштығын күзетуге бағыт 

алып, жұмыстарына аттанды. 

-  Бұл  -  жамбылдық  полицейлер  үшін 

ғана емес, барлық облыс тұрғындары үшін 

қуанарлық  жағдай.  Себебі    материалдық-

техникалық  базаның  жақсаруы  аймақ 

тұрғындарының мүддесі үшін қылмыспен 

күресуде  қоғамға  тиімдірек  қызмет  етуге 

септігін тигізеді. Жамбылдық полицейлердің 

сапалы қызмет атқару  ісінде өңір басшылығы 

баға жетпес көмек көрсетті әрі көрсетіп келеді 

де. Заманауи автокөліктердің табыс етілуі– 

осының іс жүзіндегі айқын дәлелі, - деді ОІІД 

басшысы, полиция генерал-майоры Тлеген 

Маткенов.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет