Ең бастысы – тәуелсіздік. Одан кейін келісім, достық және адал еңбек. Сонда ғана Ұлы Даланы мекендеген Мәңгілік Еліміз мәңгіліктерге қадам баса беретін болады


Әсел АСҚАР, дубай қаласының «Hamdan Sports Complex»



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата06.03.2017
өлшемі4,05 Mb.
#8182
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Әсел АСҚАР,

дубай қаласының «Hamdan Sports Complex» 

базасында ЮСИМАС Академиясының менталды 

арифметика бойынша өткен XXI халықаралық 

жарыста 3-орын иеленді.  8 жаста.

Перизат 

АЛМАХАновА,

 Өскемен 

қаласында өткен 

ҚР чемпионатында 

қыздар арасындағы 

еркін күрестен 3-ші 

орын иегері. 12 

жаста.

Бетті дайындаған Құралай СЕЙСЕнБЕКҚызы.

Жарыста әлемнің 57  елінен 4000-ға жуық қатысушы бақ сынасты. Әлемдік 

аренада Қазақстанның намысын қорғау үшін еліміздің бүкіл аймақтарынан 68  

бала аттанған еді. Бұл жарыс еліміздің балаларына әлемдік қауымдастықта өзін 

көрсету үшін үлкен мүмкіндік болды. Дода «Discovery Foritude» («Рух қуатын 

ашу»)  атты ұранмен өтті. 

Әсел өз білімін 6 жасында Алматы қаласындағы ЮСИМАС менталды 

арифметика ілімін меңгеруден бастапты.  Араға жыл салып Тараз қаласына 

көшіп келген Әселдің анасы енді қызын қаламыздағы менталды арифметика 

орталығына апарып, ілімін жалғастыру мақсатында осы орталықтың директоры 

Дана Есімбаеваға табыстайды. 

- Әсел менталды арифметиканың 3-ші деңгейінің аяғында келді. Сандарды 

абакус, яғни шотпен есептеу тәсілі, көбейту кестесі, ойша есептеуге жан-

жақты үйретеміз. Бір топқа төрт-бес баланы қамтып, жылдамдықтарына қарай 

отырғызамыз. Әсел қатысқан олимпиадаға Тараздың өзінен бес бала қатысып, 

оның арасынан Әсел ғана келесі халықаралық олимпиадаға өтіп, 8 минутта 

200 есептің 117-сін шығарып, үмітімізді ақтады, - дейді Әселдің нұсқаушысы 

Әмина Сембекқызы. 

Анасы Айнұрдың айтуынша, кішкентай дарын иесі қабілетін ерте танытып, 

анасын түрлі бағытта  қолдау көрсетуіне тікелей Әселдің өзі себепші болғанын 

айтады.

- Қызым билейді. Ән салады. Ағылшын тілінде кітаптар оқып, аударады. 



Алматы қаласында тұрғанда, ағылшын тілін тереңдетіп оқыды. Өзім де ағылшын 

тілін меңгергенмін. 6 жасар ұлым Әлмақтұмның да түрлі бағытта дамуына атса-

лысып жатырмыз. Ұлым  4 жасында сан жаза алмайтын болғандықтан, 5 жасынан 

менталды арифметикаға бердік. Әлмақтұм менталды арифметиканың төртінші 

деңгейінде, - деді. Сондай-ақ Әлмақтұм ән салғанды ұнатады екен. Жуырда 

ғана республикалық «Ғұмырдария» байқауының ән айту номинациясынан бас 

жүлдені алыпты. Қос бірдей перзентін өнерге, білімге баулып отырған жас ана: 

«Қазіргі уақытта баланың қолы бос. Балалар тез дамып келе жатыр. Әлденемен 

алдандырмасаң, әлеуметтік желіден артық информацияны өзіне сіңіре бастай-

ды. Уақытын тиімді өткізіп, тапсырма беру үшін өз қызығушылығына қарай 

балаларымды баулыдым. Кішкентай кездерінен ұлым да, қызым да есеп жазып 

ойнайтын. Менталды арифметикаға келуіміздің бір себебі сол. Бұл қабілет 

атасы мен әжесінен дарып, қанымен берілді деп ойлаймын. Атам Пернебай 

Асқаров физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор болса, енем 

Бибіқатша Ералиева есепші. Күніне кемінде жарты сағат уақыт жаттығулар 

жасаймыз. Есеп шығару барысында әр секунд құнды. Жолдасым Қанат екеуміз 

балалардың патриоттық рухта биік жетістікке жетіп, қазақты сүйіп өсуі үшін 

барымызды саламыз, - деді анасы Айнұр Жексембинова. 

Кішкентай Әселдің жанары ойлы көрінді. Көп сөйлемейді, ойын жинақтап, 

салмақтап айтады. Ол өзінің халықаралық олимпиадада 3-ші орын алғанына 

мұңайғанын жеткізді. Себебі үшінші орынға көңілі толмапты. 

- Қазір менталды арифметикадан бесінші деңгейге келдім. Үш таңбалыны 

бір таңбалыға көбейтемін, төрт таңбалыны бір таңбалыға бөлемін. Бір таңбалы 

он төрт қатар шығара аламын және алты қатар екі таңбалы сандарды ойша 

шығарамын, - дейді.

  Облыстық  Н.  Тілендиев  атындағы 

мектеп-интернатының  6  «А»  сынып 

оқушысы Перизат Алмаханова спортты 

төңіректеп жүрген балауса қыздардың бірі. 

– П е р и з ат қ а   қ а р ап   с п о рт п е н 

шұғылданады деп ойламайсың. Өте би-

язы, талдырмаш қыз. Мінезі де көркіне 

сай  салмақты,  артық  ауыз  сөзі  жоқ, 

тәрбиелі. Бірақ еркін күреске қатысып 

жүр. Мен Перизаттың әлі талай  жеңіске 

жететініне сенімім мол, - дейді мектептің 

ұйымдастырушы-педагогы    Айжан                   

Мирзахметова.

Расында,  қос  бұрымы  иығында 

бұлғақтап, ажарын аша түскен  күлімкөз 

арулардың  спорттың  жолында  аянбай 

еңбек еткені құрметке лайық. Перизаттың 

спортты жаны сүйеді. Сонымен қатар, 

өлеңге ынтық, әдебиетке құмар. Ол өзінің 

көп  уақытын  спорттық  жаттығуларға 

жұмсайды.  Одан  өзге  уақытында 

өлең  шығарып,  ақын-жазушылардың 

шығармаларын оқығанды ұнатады екен. 

- Менің спортпен шұғылданғаныма 

көп бола қойған жоқ. Құрбым Ақтоты 

«күреске кел» деген соң қызығып барған 

едім.  Енді  бар  уақытымды  спортқа 

арнауға тырысып жүрмін. Таңғы алты-

да  жүгіремін.  Денені  шынықтыратын 

тәсілдерді  меңгердім.  Пресс  жинап, 

белімді майыстырып, шпагатқа отырып, 

түрлі  жаттығуларды жасаймын. Соның 

нәтижесі болса керек, жуырда Өскемен 

қаласында  өткен  чемпионатта  қыздар 

арасындағы  еркін  күрестен  3-орын 

алдым. Күресте төрт қызбен бақ сынас-

тым. Бірінші ірі денелі қызылордалық 

қызбен шыққанда диірмен әдісіне салып, 

аз ғана уақыттың ішінде жеңіп кеттім. 

Ал екінші шыққан Түркістанның қызы 

бірінші шыққан қыздан да шымыр әрі 

ірі  екен.  Бұл  жолы  бір-бірімізге  дес 

бермей  тұрғанда,  уақыт  бітіп  қалды. 

Балым жоғары болған соң ұтысқа жеттім. 

Үшінші кезеңде Өскеменнің қызымен 

шықтым. Ол қыз менен бір жас үлкен 

екен. Бірақ мен оны шыға салып жықтым. 

Ал төртінші қыз Шымкент қаласынан 

болып шықты. Екеуміз біраз алыстық. 

Ол мені бір сәт қапсыра құшақтағанда 

ауа жетпей қиналып кеттім. Сөйтіп, ол 

қыздан жеңіліп, үшінші орын алдым,- 

дейді Перизат. 

Жас қыз өзінің үшінші орынға іліккенін 

білгенде,  жан  елжіретер  әсерлі  сәтте 

анасын ойлап көзіне жас алыпты. Себебі 

ең  аяулы  адамының  енді  өзін  мақтан 

тұтатынына қуанды. Перзенттік парыз 

деген осы шығар...

–Жаттықтырушым  Ға лымжан 

Мырзабаевтың  арқасында  белестерді 

бағындыратыныма,  анамның  сенімін 

ақтау  үшін  маңдай  терімді  аянбай 

төгуге дайынмын. Мая Манеза, Зульфия                                                                                               

Чиншанло  сынды  спорттың  қайсар 

қыздарына  қызығамын.  Жерлесіміз 

Ақжүрек  Таңатаров    сияқты  спорт 

шеберлері намысымды жаниды. Болашақта 

спортшы боламын ба, болмаймын ба кім 

білсін?! Әйтеуір қазақтың көк байрағы 

желбіреп тұрса, анамның, елімнің арын ой-

лар рухты қыздарының бірі болғым келеді. 

Кітапқа деген құмарлығым, әдебиетке 

деген махаббатым мені әдебиетке алып 

келетін секілді, - дейді Перизат ойланып.



таРазДың 

ЖаС талаНттаРы

әЛеуМеТ

8

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №47 (1335), 23 қараша  2016 Жыл  //



Құралай СЕЙСЕнБЕКҚызы

Шара өткен ғасырдың алып тұлғасы 

Тәуке  хан  мен  жаңа  заман  өкілі,  

жаңа ұрпақтың арасында сыр-сұхбат 

ретінде  басталды.  Тәуке  хан  өз  за-

манында  білектің  күші,  найзаның 

ұшымен қорғалған қазақ жері ұрпаққа 

мұра  болып  қалғаны  жайлы  айт-

са,  жаңа  заман  өкілі  Қазақстанның 

тәуелсіздік  алғалы  бері  жеткен 

жетістіктерін мақтанышпен жеткізді. 

Ке ш   б а р ы с ы н д а   қ ат ы су ш ы 

балабақшалардың  педагогтері 

мен  бүлдіршіндері  тақырыпқа  сай 

концерттік бағдарламаларын көрсетті.  

Кеш шымылдығы  №33  «Айсәуле» 

балабақшасының  педагогы  Аруана 

Үскенбаеваның  орындауындағы 

Асан  қайғының  сөзіне  жазылған 

Бағлан  Омаровтың  «Мұны  неге 

білмейсің?»  әнімен  түрілді.  Одан 

кейін  №35    балабақшаның  ере-

сектер  тобы  «Гүлдене  бер,  кең-

байтақ  Қазақстан»  әнін  шырқады.

Тәуелсіз  елдің  азаматтарының 

тарихымен  бірге  жасасып  келе 

жатқан    халық  бойындағы  басты 

қасиеттері айшықталған Мемлекеттік 

рәміздері көрсетілді. №33 «Айсәуле» 

балабақшасының №8, 9 топтарының  

тәрбиешілерінің  бастамасымен 

жалаушаларын  жоғары  көтеріп, 

патриоттық өлеңдер оқыды.  Сондай-

ақ №16 балабақша балғындары әсем 

Астананың  сұлулығын  паш  етіп, 

бәйтерегін  бедерлеп,  көз  тұнған 

көркемдігін бейнелейтін композиция  

ұсынды.  

Салтанатты кеште салауатты өмір 

салтын  дәріптеу  де  ұмыт  қалмады. 

Қысқы спорт  түрлерінен «Азиада» 

спорт  нөмірін  көрсетіп,  «спорт  - 

денсаулық кепілі» екенін еске түсірді. 

Тәрбиешілер  мен  тәрбиеленушілер 

құстың қос қанатындай қатар жүріп, 

егемен еліміздің кешегісі мен бүгінін 

жырға қосып, тереңнен тамыр тартқан  

тарихи күндерден де көрініс көрсетті.  

Сондай-ақ  №16  балабақшаның 

ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 

550    жылдығына  арнап  би  биле-

се,  №33  «Айсәуле»  балабақшасы 

ұлтымыздың  «өзім»  деп  келгенді 

өзегінен теппейтін бауырмашылдығы 

мен қонақжайлығын паш етіп,  достық 

туралы  попурри  мен  «Жаңа  ғасыр 

композициясын»  қойды.  Бәрінен 

де үкілі домбырамен «Аққу арман» 

және  «Бұлқынды  жүрек»  әндерін 

нақышына келтіріп орындаған №33 

балабақша  психологы  Эльенора 

Нұрмашева көпшіліктің қошеметіне 

бөленді. 

-  Қа ла лық  білім  бөлімінің 

ұйымдастыруымен балабақшалар ара-

сында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 

арналған  фестиваль  өте  жоғары 

деңгейде  өтті.  Әрбір  баланың  бой-

ына  патриоттық  сезімді  сіңіріп, 

болашағымыздың жарқын болуы үшін  

балаларға  жан-жақты  тәрбие  беріп 

келеміз. Көрсетілген әрбір қойылым, 

ән мен биден бүлдіршіндердің еліне 

деген қуаныш пен мақтаныш сезімі 

білініп  тұрды,  -  деді  №8  арнайы 

логопедтік  балалар  бақшасының 

меңгерушісі Гүлмира Айтқұлова. 

 

„

тараз қаласы әкімдігінің білім бөліміне қарасты № 33, 35, 16, 22 



балабақшаларының қатысуымен қР тәуелсіздігінің 25  жылдығына 

арналған «25 жылдың 25  сәті»  атты фестиваль ұйымдастырылды. 

Ел ЖЕтіСтіктЕРі - 

БүлДіРШіНДЕР тілЕгі

 

„

қала тұрғындары республикалық «әділет кеңес 



береді» атты акциясы аясында қабылдауға келді.

 

„

конрад адэнауер атындағы қордың қолдауымен 



Жамбыл облыстық  кәсіпкерлер палатасы, іскер әйелдер 

кеңесімен серіктесе отырып, «қазақстанның әйел 

кәсіпкерлер одағы»  қБ ұйымдастыруымен  «Жамбыл 

облысындағы әйел кәсіпкерлігінің инновациялық 

дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

кеңес алды

кәсіпкер әйелдердің белсенділігі 

басым

Шынболат СЕЙдУАЛИЕв

Шараны «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы облыстық әділет 

департаменті, Қазақстан Заңгерлер одағы өңірлік филиалдарымен бірлесіп өткізді. 

Қабылдау барысында заңгерлер мен адвокаттар тұрғындарға құқықтық түсіндірме 

жұмыстарын жүргізді.  

Құқықтық кеңес алуға алғашқылардың бірі болып келген «Дорожник» иіні, 

Жұмабаев көшесі, 73 үйдің тұрғыны Баушахан Есенаман өзінің базынасын айтты. 

Ол 2002 жылы «Жансая» мөлтек ауданынан алған пәтерін 2003 жылы дүкен ретінде 

құжаттарын қайта тіркеп, жеке кәсібін ашыпты. Ал 2011 жылы басқа аумаққа қоныс 

аударуына байланысты дүкенін сатып, жеке кәсіпкерлігі мен касса аппараттарының 

барлығын жауып тастаған. Дегенмен араға 5 жыл салып, тұрғынға салық органда-

рынан жеке кәсіпкерлігіне салық төлемегендігі жөнінде хабарлама келіпті. Бұрынғы 

кәсіпкердің жағдайымен толық қаныққан облыстық кірістер басқармасының 

өндірілмеген төлемдер бөлімінің бас маманы Талғат Фазылов салық органдарының 

жіберіп отырған хабарламасы заңды екенін алға тартып, тиісті салықты төлеу керектігін 

жеткізді. Өйткені тұрғын жеке кәсіпкерлігі мен кассалық аппаратын жапқан кезде, 

дүкенді сатқандығы туралы анықтаманы еш жерге тіркетпеген. Осының салдарынан 

жыл сайынғы салық көлемі арта берген көрінеді. Бүгінгі күні тұрғынның салық 

органдарына берешек сомасының көлемі 750 мың теңгеге жеткен және бұл соманың 

өсімі тағы бар. Қалай дегенде де Баушахан Есенаман салық төлеуі керектігін құзырлы 

мекеме 5 жылдан кейін бір-ақ ескерткеніне наразы. 

Ал Ұлбике ақын көшесі, 132 үйдің тұрғыны Татьяна Назарова сол аумақтағы 

тұрғындардың өтінішін айта келіпті. Сол маңдағы 2 қабатты тұрғын үйдің жері кон-

доминиум бойынша жекенің атына өтіп кетіпті. Енді тұрғындар осы уақытқа дейін 

суармалы шағын жеріне бақша өсіріп келген алқап пен балалар ойнайтын алаңқайынан 

да қағылып отыр. Өйткені ол жерді заңдастырып алған иесі басқа мақсатқа пайдалануды 

көздеп отыр екен. Тіпті тұрғындар жердің заңды иесімен соттасқан, бірақ сот қазіргі 

егесінің пайдасына шешіп берген. Қабылдау барысында тұрғын сала мамандарынан 

осы мәселенің оңды шешілу жолдарын сұрады. Ондағы құзырлы орган өкілдері Татьяна 

Назароваға Жоғарғы сотқа шағымдануды ғана ұсынды. Себебі мұндай мәселені жіктеп 

беру жергілікті атқарушы органның құзырындағы дүние емес екен.   

диляра дАРХАн

Жиын барысында нәзікжанды кәсіпкерлердің экономикалық белсенділігін, олардың 

қоғамдағы рөлі мен маңыздылығын арттырудың мәселелерін, түрлі салада пробле-

малар және оларды шешудің жолдары жайлы кеңінен әңгіме өрбіп, қиындықтар мен 

кедергілерге қарсы тұрудың жолдары қарастырылды. 

- Қазіргі уақытта Қазақстан өзінің даму қарқынымен жаңа сатыға өтті. Әлемнің 

анағұрлым бәсекеге қабілетті және қарқынды дамушы елдерінің қатарына қосылу 

міндеті алдымызға қойылғаны бәрімізге аян. Бүгінде қазақстандық әйелдер  іскерлік, 

кәсіптік белсенділікті танытудың көптеген саласын, әсіресе, бизнесті, оның ішінде 

ауылдық жердегі бизнесті де игеруге атсалысуда, - деп атап өтті  «Қазақстанның әйел 

кәсіпкерлер одағы» ҚБ атқарушы директоры Гүлнар Кушмурзина. Сонымен қатар, 

әйел кәсіпкерлігін тиімді дамыту үшін оларға ақпараттық қолдау көрсетудің жолдары 

аса қажет екені айтылды.

Отбасы ошақ қасында отырып та, қарап қалмайтын қыздар қауымы кез келген 

жағдайда оң шешім тауып кететіндіктерін тілге тиек етті. Тіпті шалғай ауылдарда  

бүгінде кәсібін дөңгелетіп отырғандар да бар. Мәселен, киім тігіп, тоқып, түрлі 

әшекейлер жасап, шеберлік сыныптары, сауда үйлері мен сән салоны, шаштараз ашып, 

табыс көзіне айналдырып отырғандар да жеткілікті. 

Ал Қазақстандағы Конрад Адэнауер атындағы қор өкілдігінің директоры  Томас 

Хельм: «Трансформациялау процесіндегі елдерде барлық таланттарды дамыту мен 

қолдаудың және кәсіптік әлеует деңгейін арттырудың маңызы зор. Осының негізінде 

әйел кәсіпкерлігін қолдауға айрықша мән берілуі тиіс» - деп атап өтті. 

Жиын «Жамбыл облысындағы әйелдер  кәсіпкерлігінің жасыл инновациялық техно-

логиялары  мен тәжірибесінің дамуы» тақырыбындағы семинар-тренингке жалғасты.



 

„

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған 



«тәуелсіз қазақстан – менің мақтанышым» атты қала 

мектептерінің оқушылары арасында ұйымдастырылған 

шығармашылық фестиваль М.әуезов атындағы №33 

орта  мектепте жоғары деңгейде өтті.

Егемендікті жырлады

Мерекелік кешке ұстаздар, мектеп оқушылары  және қала әкімдігінің білім бөлімінің 

мамандары қатысты. Шарада қонақтар мектеп ұжымы дайындаған шағын концерттік 

бағдарламаны тамашалады. 

Фестивальде «Қазақстан, алға!» атты ән орындалып, Сүгір күйіне «Аққу» биін 

биледі, «Біз Отанның ұланымыз» атты  8-9 сынып оқушылары хор айтты.Тәуелсіздіктің 

25 жылдығына арналған 11-сынып оқушысы Меруерт Сайлауханның «Келді бақыт 

армандаған» атты авторлық өлеңі оқылды. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында құрбан 

болған ұл-қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға 

не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру мақсатында «Қайсар рухты 

Қайрат» атты сахналық қойылым қойылды. «Қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар, 

ол – бірлік» демекші, ел басына күн туған замандарда халқымызды ұлт ретінде сақтап 

қалған - ынтымағы мен бірлігі. Елбасының «Көп ұлтты болуымыз - біздің байлығымыз, 

мақтанышымыз» деген қанатты сөзін ескеріп, 7 «А»  сынып оқушылары әр ұлттың 

киімдерін киіп, сән үлгісін көрсетті. Сондай-ақ кітап көрмесі ұйымдастырылды.

динара ТоКМЕТовА, 

М.Әуезов атындағы № 33 орта мектеп

 директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Көк туымыз желбіреп.

   Суретті түсірген Н.тұрғынбек.

 

„

Мектебімізде оқушылардың 



патриоттық сезімдерін қалыптастыру,  

Желтоқсан оқиғасына қатысқан 

жастардың ерлігін үлгі етіп,  туған 

жерін, көп ұлтты халқын сүйіп, 

құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында  

«тәуелсіз қазақстан  - менің 

мақтанышым!» атты фестиваль өтті.  

тәуелсіз қазақстан - менің мақтанышым

Фестивальге мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысты. 

Жас  ақындар  Тәуелсіздіктің  25  жылдығына    арналған  

жүрекжарды жырларын тарту етті. Олар 25 жыл ішінде 

Тәуелсіз Қазақстанды қалыптастырып, әлемнің  өркениетті 

мемлекеттерінің қатарына қосыла алғанымызды, елімізді 

ең  мықты  мемлекеттер  танитындай  деңгейге  жеткізген 

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегін жыр-

лады. 9-сынып оқушылары 1986 жылдың желтоқсанындағы  

бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап,  жүрегіне ызғар шашып 

кеткен, бостандық үшін құрбан болған өрімдей жастардың 

келбетін  сахналады.    Вокал  үйірмесінің  мүшелері  мен 

ұстаздар патриоттық тақырыптағы әндер шырқады.  Көп 

ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан 

халықтарының бірлігі. Қазақ елінде тұратын ұлттар мен 

ұлыстардың ұлттық билерін биледі,  киім үлгілерін көрсетті. 

Ал 10-сынып оқушысы Б.Темірхан «Тәуелсіз Қазақстанның 

азаматымын!» деп, Мәңгілік Елдің мызғымас жеті тұғырын 

нығайтуға  өз үлесін  қосатынын мақтаныш сезіммен жеткізді.

Гульнур АГАдИЛовА, Әмина МАМыРБЕК

ы.Сүлейменов атындағы №37 орта мектептің

 бастауыш сынып мұғалімдері.


//   «Жамбыл - Тараз»  //  №47 (1335), 23 қараша  2016 Жыл  //

ОҚЫрМАН ОТАуЫ

9

әлЕуМЕттік ЖЕлігЕ ЖЕліМДЕНБЕ!

Жалпы  әлеуметтік  желінің 

пайдасы  не?  Бірі    жастар  үшін 

жоғарыда  айтылғандай,  сырласу 

орны  болса,  енді  бірі  үлкенді-

кішілі  компаниялардың  жарна-

масына, тағы бірі  қандай да бір 

«саяси  шешім»  қабылдау  үшін 

қолданылады. Әйтсе де, бұлардың 

барлығын ретімен қолданса жөн 

ғой.  Себебі  бүгінде  әлеуметтік 

желінің  кесірінен  ұлтаралық 

шиеленіс пен түрлі қылмыстардың 

пайда болу көрінісі де белең алуда.

Дегенмен қазір әлеуметтік желі 

коммуникация  орталығы  болып 

саналады. Статистикалық мәлімет 

бойынша,  еліміздегі  3,3  милли-

он  адам  әлеуметтік  желілерді 

күнделікті пайдаланады екен. Ал 

Қазақстандағы  ең  танымал  әрі 

жиі  пайдаланылатын  әлеуметтік 

желілердің  қатарына  мыналар 

жатады:


1. «В контакте» - 1945 миллион 

адам тіркелген;

2. «Instagram» - 1336 миллион, 

оның 71,9% әйел адам, 28,1% ер 

адамдар;

3. «Мой мир» - 155,3 мың адам;

4. «Facebook»  - 125,8 мың адам;

5. «Twitter» - 16,6 мың автор.

Сондай-ақ  жүргізілген  зерт-

теулерге  сүйенсек,  ғаламтор 

желісінде  әрбір  екінші  адам  өзі 

жайлы өтірік мәлімет жазады екен. 

Сол секілді сауалнама дерегі бой-

ынша, жастардың 60%-ы интернет 

арқылы танысып, үйленуге болады 

деп есептейді (Тengrinews.kz).

Тіпті,  қазір  ғаламтор  арқылы 

танысып, тіл табысып, үй болып 

жатқандарды көптеп кездестіруге 

болады. Дегенмен олардың өздері 

жайлы қате мәліметтер жазуына 

сақтана қарау керек. Жасыратын 

несі бар, бүгінде елімізде із-түссіз 

жоғалып кеткендер, болмаса адам 

сенгісіз түрлі қатыгездікке ұшырап 

жатқандар баршылық.

Әлеуметтік желі – жарнамалық 

орта. Шағын және орта бизнестердің 

жарнамасы, түрлі номинация иегері 

 

„

қазір техника дамыған заман. Сондықтан болар, күн сайын 



экранға телміріп отырғанымыз. қала берді қазір ақпарат, нарық, 

ғылым, коммуникация – барлығы да ғаламторға тәуелді. әсіресе, 

адамдар арасындағы қарым-қатынасты да әлеуметтік желі арқылы 

шешіп, тілдесуіміз әлеуметтік желіде жүреді. 

атану үшін жасалатын үгіт-насихат 

жүргізу  көздері  әлеуметтік  желі 

арқылы  жүргізіледі.  Ғаламтор 

арқылы өзін-өзі жарнамалау дерегі 

де байқалады. 

«В  контакте»  әлеуметтік 

желісінде  қыздардың  өздеріне 

«демеуші»  күйеу  жігітті  іздеуі, 

тағы  басқа  жағымсыз  жайлар 

жиі  кездеседі.  Ел  қауіпсіздігіне 

айтарлықтай  қауіп  туғызатын 

жағдай  –  жат  діни  ағымды 

ұстанушылардың әлеуметтік желіні 

пайдалануы. Кейбір сауаты төмен, 

солқылдақ мінезді адамдардың теріс 

ой  ықпалында  қалу  мүмкіндігін 

уақыт өзі көрсетіп отыр.

Әлеуметтік желідегі түрлі «па-

бликтерден»  үй шаруашылығына, 

денсаулық күтіміне, киім киюге бай-

ланысты, сондай-ақ психологиялық, 

мотивациялық кеңестер, әдеби пор-

талдарды, түрлі жанрдағы кітаптар 

мен олардың аудио нұсқасын табуға 

болады. Ең бір пайдалысы осы ма 

деп ойласаң, мұның да бұрыс жағы 

кездеседі екен. Мәселен, денсаулық 

күтіміне байланысты кеңестердің 

рас-өтірігіне күмәнданасың. Себебі 

«пабликтегі» жаңалық лентасының 

сағат сайынғы жаңаруы – заңдылық. 

Сауатына қарай адам ойына келген 

түрлі  дүниелерді  жаза  салуы  да 

әбден мүмкін. Сондай-ақ кітаптар 

мен  фильмдерге  байланысты  да 

ойланарлық жайлар көп. Тіпті, тый-

ым салынған, адам психологиясына 

кері әсерін тигізетін, тіпті суицид 

пен  мизантропқа  (адамзатты  жек 

көру) әкеліп соғатын әдебиеттер мен 

деректі фильмдердің кездесетінін 

қайтерсің?!

Қалай  дегенде  де,  әлеуметтік 

желіні  дұрыс  пайдаланған  жөн. 

Әрине, адам өзін бұл тәуелділіктен 

айырғысы келгенмен, кейде қолдан 

келмей  жатады.  Сондықтан  мем-

лекет  тарапынан  қандай  да  бір 

шектеулер  керек-ау.  Мәселен, 

порнографиялық видеоларға қалай 

тыйым салынды, сол секілді қоғамға 

кері  әсерін  тигізетін  әлеуметтік 

топтардың  жабылуы,  қандай  да 

бір  посттың  жарияланбас  бұрын 

тексерілуі  заң  жүзінде  реттелуі 

тиіс.  Өйткені  тәуелділік  -  осы 

күндегі адам бойындағы ең қауіпті, 

жазылуы  қиын  дерттің  бірі.  Ал 

оны  жеңуге  жасалған  қадамның 

өзі – батылдық. Осы жөнінде бірге 

ойланайық, замандас! 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет