Ең бастысы – тәуелсіздік. Одан кейін келісім, достық және адал еңбек. Сонда ғана Ұлы Даланы мекендеген Мәңгілік Еліміз мәңгіліктерге қадам баса беретін болады



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата06.03.2017
өлшемі4,05 Mb.
#8182
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Шынболат СЕЙдУАЛИЕв

Жамбыл  облысы  Мемлекеттік  кірістер 

департаменті  өңірдің  кәсіпкерлерімен  жүйелі 

жұмыстар  жүргізіп  келеді.  Департамент  ҚР 

Тәуелсіздігінің  25  жылдығы  мен  ҚР  Кеден 

және  Салық  органдарының  құрылғанына 

25  жыл  толуына  орай  жылдың  үздік  салық 

төлеуші және сыртқы экономикалық қызметке 

қатысушылар арасында байқау ұйымдастырған 

болатын.  Салық  төлеудің  16  түрінен  өткен 

байқаудың  қорытындысы  шығарылып,  үздік 

шыққандар марапатталды.Мемлекеттік кірістер 

департаментінің мәжіліс залында өткен салта-

натты шараға облыс әкімінің орынбасары Тимур 

Жанке, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық 

филиалының  инспекторы  Ерғали  Омаров, 

«Атамекен»  ұлттық  кәсіпкерлер  палатасының 

Жамбыл облыстық филиалының бөлім басшысы 

Бағила Абдуллаева қатысты. 

Жиында Мемлекеттік кірістер департаментінің 

басшысы Асқар Тынысбеков ағымдағы жылдың 

10 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік 

бюджетке 55,9 млрд. теңге түскендігін және бұл 

көрсеткіш былтырғы жылдың осы мерзімімен 

салыстырғанда 6,1 млрд. теңгеге артық екендігін 

жеткізді. Сондай-ақ ол көрсетілетін мемлекеттік 

қызметтер  электронды  форматқа  ауысып 

жатқандығын да тілге тиек етті. Мәселен, бүгінгі 

күні  департамент  тарапынан  көрсетілетін  53 

мемлекеттік қызметтің 34-і электронды форматқа 

ауысқан. 

Шараға арнайы келіп қатысқан облыс әкімінің 

орынбасары  Тимур  Жанке  қазіргі  таңда  биз-

нес өкілдеріне деген мемлекеттік қолдау жыл 

өткен сайын жаңаша мазмұнда іске асып келе 

жатқандығына тоқталып, байқау жеңімпаздарына 

ыстық ықыласын білдірді. 

  -  Екі  жыл  бұрын  ғана  қайта  құрулардың 

нәтижесінде  еңсесін  тіктеген  Кірістер 

комитеті  ел  кәсіпкерлерінің  мемлекетіміздің 

әлеуметтік-экономикалық  дамуына  сүбелі 

үлес  қосуы  үшін,  көлеңкелі  бизнесті  тамыр-

латпай,  керісінше,  өз  ісін  заң  талаптарына 

сәйкес  жемісті  жұмыстар  атқарып  келеді.  ҚР 

Салық  кодексіне  енгізілген  өзгерістер  мен 

толықтырулар кәсіпкерлік саласының дамуына 

кедергі  келтіретін  әкімшілендіру  талаптарын 

барынша жеңілдетілген тәртіпке өзгертілуі де 

салаға  деген  қолдауды  айқындап  отыр,  -  деді 

Тимур Амантайұлы.     

Шара барысында облыс әкімінің орынбасары 

мен департамент басшысы өңірдің әлеуметтік-

экономикалық дамуына  үлес қосып, салық және 

басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз 

етіп келе жатқан үздік кәсіпкерлік иелерін мара-

паттап, жұмыстарына табыс тіледі. 



МәңгіЛіК еЛ

4

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №47 (1335), 23 қараша  2016 Жыл  //



БҰл - МЕРЕкЕНің БаСтауы

 

„

қР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы Дала Елі – тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 



жұлдызды күн ішінде атқарылатын іс-шараға алғашқы қадам жасалды. 21 қараша 

қазақстан Республикасының конституциясына  арналды. Соған орай, 16  жасқа 

толған азаматтарға салтанатты түрде куәлік табыс етілді.

Құралай СЕЙСЕнБЕКҚызы

Кәмелет жасына жеткен қуаныш иелерін құттықтаған қала әкімінің орынбасары 

Мақсат Ахаев: «Ел тәуелсіздігіне орай ұйымдастырылған 25 жұлдызды күннің 

алғашқы бастамасын 16 жасқа толған азаматтарға куәлік тапсыру рәсімінен 

бастадық. 25 жылдың ішінде саяси, қоғамдық, экономикалық  деңгейде түрлі 

жетістіктерге жеттік. Елімізде ғылым-білімге ерекше көңіл аударылуда.  Куәлік 

алып отырған қуаныш иелеріне айтарым, арман биік болуы керек. Сол биіктікке 

жету үшін дәл сондай биік талпыныс та қажет» -  деді. Одан соң қалалық қоғамдық 

кеңестің төрағасы Қаржаубай Бекболатов сөз алып, жастарды өмірге басқан 

алғашқы қадамымен құттықтады.

-  Бүгінгі күн мен үшін ең қымбат күн болып есте қалары анық. Өмірімнің 

маңызды күні ел ағаларының ыстық ықыласына бөленіп, куәлігімді алып тұрмын. 

Болашақта елім үшін аянбай еңбек етіп,  тер төгемін. Көңілім толқып,  сондай бір 

шат-шадыман күйді басымнан кешудемін, -  деді  куәлік алған Төле би атындағы 

№8 гимназияның оқушысы Ажар Құрманбаева. 

салтанатты сәт.

   Суретті түсірген л.губашева.

Арайлым БАҚыТжАнҚызы

Шараны «Қоғамдық келісім» КММ директо-

ры Рано Убайдуллаева ашып, жүргізіп отырды. 

Мінберге көтерілген облыстық Қазақстан халқы 

Ассамблеясының медиаторы Сұлтан Әміркенов 

мемлекеттік патриотизм тақырыбында хабар-

лама жасады. 

– Патриотизмсіз жаңа қуатты мемлекет құруға 

болмайды. Адам заңды өзінің құқығын және 

азаматтық борышына  адал болуы мақсатында 

білуі  қажет.    Патриотизм  дәстүрі  барлық 

адамдардың  өмір  салтын,  қоғамның  күш-

жігерін қалыптастырады. Кез келген азамат 

бүгінгі таңда өз өмірлерін өздері басқарып,  

демократиялық мемлекетте өмір сүргендерін 

мақтан тұтуы қажет, – деді Сұлтан Әміркенов.

Ал  сот  органдары  қызметкерлерінің 

тәуелсіздігін қалыптастыру туралы Жамбыл 

облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі  

сот  алқасының  төрағасы  Нұрмұхаммат                                                                                             

Абидов айтып өтті.

- Ел Тәуелсіздігінің 25 жылында еліміздің 

сот жүйесі бір арнаға түсті. Біз үш деңгейлі сот 

жүйесіне көштік. Оның ішінде, сот жүйесіне 

азаматтардың  қолжетімділігіне  мүмкіндік 

туды. Бүгінде ауданаралық мамандандырылған 

қылмыстық істер жөніндегі соттар мен юве-

налды  сот,  аса  ауыр  қылмыс  жасағандар 

ісін қарайтын төрағалар және әскери соттар 

ауқымды жұмыстар жасауда. Мұның барлығы 

егемендігіміздің арқасы деп білемін, – деді 

Нұрмұхаммат Махамматұлы.

Жиын барысында облыстық ҚХА медиатор-

лары Сәуле Даулбаева мен Елена Горбунова 

тақырыпқа сай баяндама жасап, өз ойларын 

ортаға салды. 



 

„

Ел тәуелсіздігінің 



25 жылдығына орай 

ұйымдастырылған 

«Жұлдызды 25 жыл» 

тақырыбында қазақстан 

халқы ассамблеясының жалпы 

республикалық акциясы 

аясында «қоғамдық келісім» 

кММ-де дөңгелек үстел өтті.

конституция – ел 

бірлігінің кілті

Бұл - қазақ халқының ғасырлар бойы көздеген арман-

мұраттарының орындалуы.Тәуелсіз мемлекеттің қазіргі 

келбеті, бастан өткен сәтсіздіктері және жеңістері 

Тұңғыш Президентіміз, Елбасының есімімен тікелей 

байланысты. Тарихи өтпелі кезеңде Елбасының рөлі 

айқын және ашық көрінеді. Президентіміздің сол 

кезеңдегі басты таңдаған стратегиялық бағыты – 

ашық нарықтық экономикаға көшу болды. Түбегейлі 

құрылымдық өзгерістерді жүргізуде шетелдік инвести-

цияны маңызды фактор деп есептеді. Осындай тарихи 

шешімдердің арқасында біз қазіргі таңда әлемнiң 50 

ең бәсекеге қабiлеттi елдері қатарына кірдік. Бұл-  

мақтаныш сезіміне бөлейтін ең маңызды жетістік. 

Біз болашағымызға сеніммен қарай алатын, зайыр-

лы, өркениетті, индустриалдық жаңғырту жолында 

жоғары қарқынмен дамып келе жатқан мемлекетпіз. 

Тәуелсіздік – ұлттық мемлекеттік рух және оның та-

мыры тереңде жатыр. Ал сол рухтың ұранына айналып 

отырған – ел мен халық. Олай болса, өміршеңдік пен 

кемелділік аясында өмір сүріп, бейбітшілік, татулық 

туын биікке көтерген Қазақстан халқы жаңа әлемнің 

жаңалықтарына ұмтыла бермек. 

25 жылда мемлекетіміз күрт өзгерді. Экономикалық, 

әлеуметтік, интеллектуалды тұрғыда өркендеп келеміз. 

25 жыл ішінде жеткен жетістіктердің маңыздылығын 

бағалай  отырып,  біз  болашаққа  сеніммен  қарай 

аламыз. Елбасымыздың стратегиясының арқасында 

біздің еліміз осындай аз уақыт ішінде құрметке ие, 

жетістіктерін танитын, сөзіне құлақ салатын мемлекет-

ке айналып отыр. Көшбасшымыздың осы қиын жолда 

сіңірген еңбегі зор, баға жетпес.

Қазіргі таңда Қазақстанның өзіндік үні, пікірі, 

мәртебесі  бар.  Біз  әлемдік  деңгейде  аяғымызды 

сенімді  басып,  басқа  елдер  бізбен  санасатын 

мемлекетке  айналдық.  Әрине,  сонау  25  жыл-

да  еліміз  түрлі  жетістіктерге  жетті,  биік  белес, 

асуларды  алды.  Маңыздыларын  Елбасымыз                                                                       

«Қазақстан – 2030» Стратегиясының толықтай орында-

луында қорытындылап кетті. Яғни ұлттық қауіпсіздік, 

ішкі саяси тұрақтылық пен бірлік, ашық нарықтық 

экономикаға негізделген экономикалық өсу сияқты 

стратегияда белгіленген негізгі міндеттер орындалды.

Алдымызда 100-ге жуық елдің басын қосатын 

халықаралық көрме «ЭКСПО-2017» тұр. Ол Орталық 

Азияда және ТМД-ға мүше елдерде өтетін алғашқы 

көрме болмақ. Мұндай үлкен шараны біздің елде 

өткізу мемлекетіміздің жоғары деңгейін көрсетеді. 

Көрменің  тақырыбы  «Болашақ  энергиясы»  деп 

аталады, яғни «жасыл технологияларға» арналған. 

Көрме 3 айға дейін жалғасады. Көрмеге 2 миллионнан 

астам адам қатысады деген болжам бар. Өтетін көрме 

елдің өндірістік қуатына мықты серпін бере алады. 

Мұндай ауқымды және жауапты іс-шараны өткізудің 

біздің ел үшін пайдасы мол. Басқа елдермен достық 

қатынастар нығаюымен қатар, жоғарыда айтылғандай, 

елімізге инвесторлар алып келеді, еліміздің мәртебесін 

жоғарылатады. Дербес болуға бағыт алған егемен 

еліміз  Қазақстанды көркейтетін, шаңырағын биіктетіп 

байытатын, абыройын асырып, өз бақытының иесі 

болуына  қол  жеткізіп  отыратын,  білім  мен  білік 

жолын таңдаған кейінгі ұрпақтар, яғни біз жұмыла 

еңбек етуіміз қажет. Осы өнегені, адамгершілікті, 

отансүйгіштік дәстүрді жастардың бойына дарыту, 

патриоттық рухта тәрбиелеу – бүгінгі таңда әрбір 

жүрегі қазақ деп соққан жұрттың, қай салада болмасын 

өз үлесін қосуы  азаматтық борышы деп білемін. 

Алия САРШАЕвА, 

М.Х. дулати атындағы ТарМУ  «Тамақ 

өнімдері мен қайта өңдеу өндірісі техноло-

гиясы және биотехнология» кафедрасының 

оқытушысы, техника және технология магистрі. 

Бегзада  СоЛТыБАЕвА, 

доцент м.а., доктор PhD. 

 

„

тәуелсіздік - барлығымыз үшін ерекше қастерлі ұғым. 



Мемлекетіміздің тәуелсіздігі - халқымыздың бақыты. тәуелсіздік 

оңай жолмен келген жоқ. 

Сындарлы жылдар даңғылға айналды

Сейділдә ТӨРЕн

Қалалық мәдениет үйінде қала әкімдігінің ішкі 

саясат бөлімі Жастар ресурстық орталығының 

ұйымдастыруымен  ҚР  Тәуелсіздігінің  25 

жылдығына орай «Ата Заңым – ардақтым!» 

атты  жас  ақындар  мүшәйрасы  өтті.  Шаһар 

мектептерінің  жоғары  сынып  оқушылары 

арасында  өрбіген  жыр  додасында  21  ақын 

бақтарын  сынады.  Қолдарына  қаламдарын 

енді ғана серік етіп келе жатқан жас буынның 

өлең сайысына қалалық ардагерлер кеңесінің 

мүшесі Мақұлбек Жаналиев, қалалық мәдениет 

үйінің директоры Лесхан Қазанбасов, Жастар 

ресурстық  орталығы  директорының  орын-

басары  Бекзат  Сүйіндіков,  «Қазақстанның 

болашағы үшін» жастар қоғамдық бірлестігінің 

төрағасы Ғабиден Исатай және «Жамбыл-Та-

раз» газетінің тілшісі Шынболат Сейдуалиевтер 

қазылық етіп, әділ бағасын берді. 

Мүшәйра  екі  кезең  бойынша  өтіп,  жас 

ақындардың өлең жазумен қатар, оны оқудағы 

мәнері,  сахнада  өзін-өзі  ұстау  мәдениеті 

бағаланды. Сонымен жас өрендер байқаудың 

бірінші кезеңінде ҚР Конституциясына және 

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған 

өрелі өлеңдерін оқып, көрермен ықыласына 

бөленді.  Ал  екінші  кезеңде  қатысушылар 

еркін  тақырыптағы  өлеңдерін  оқыды.  Бір 

қуанарлығы, ақындардың басым бөлігі бұл 

бөлімде  халқымыздың  бас  ақыны  Абай 

Құнанбаев, қазақ балаларын оқуға шақырған 

Ыбырай Алтынсарин, «ХХ ғасырдың Гомері» 

атанған айтыскер ақын Жамбыл Жабаев, Кеңес 

Одағының  Батыры    Бауыржан  Момышұлы 

секілді дара тұлғаларға өз арнауларын арнап, 

замандастарын ата-баба өмірінен үлгі алуға 

шақырды. Тілге, дінге деген ойлары да өлеңмен 

өрілді. 


Жас  ақындардың  шығармашылықтарын 

дамытуды  мақсат  тұтқан  жыр  сайысының 

қорытындысы  бойынша,  бас  жүлдені 

№ 5 1   м е к т е п т і ң   о қ у ш ы с ы   М и р а с 

Сабырәлі  қанжығасына  байласа,  І  орын-

ды  №49  мектеп-гимназиясының  оқушысы                                                         

Арайлым  Қаныбек  еншіледі.  Ал  ІІ 

орынды  №49  мектептің  оқушысы  Азиз                                                                           

Махамбетов  пен  №51  мектептің  оқушысы                                                                                               

Алмат Бегенов өзара бөлісті. Сондай-ақ жүлделі 

ІІІ  орын  №48  мектептің  оқушысы  Әйгерім 

Жұмаділова  мен  №43  мектептің  оқушысы, 

ұлты  орыс  болса  да,  қазақтың  қара  өлеңін 

жанына серік еткен Ангелина Зикееваларға 

бұйырды.  Байқаудың  жеңімпаздары  мен 

жүлдегерлеріне ұйымдастырушылар тарапы-

нан бағалы сыйлықтар табыс етілді.   

 

„

Жас ақындар ел 



Егемендігінің 25 

жылдығын жырлады. 

тәуелсіздік 

шабыт берді 

Жеңімпаздар.

   Суретті түсірген Н.тұрғынбек.


//   «Жамбыл - Тараз»  //  №47 (1335), 23 қараша  2016 Жыл  //

5

таСыМалДау қызМЕтіНЕ 



ЖаңаШылДық кЕРЕк

 

„

көне шаһардың күре тамыр көшелеріне жан бітіріп



күнделікті тіршіліктің қазанын қайнатып жүрген 

қоғамдық көліктерсіз қала өмірін елестету мүмкін 

емес. Олардың қадірін дәл бүгінгідей қақаған аязда 

аялдамада тұрған тұрғындардан артық білетін ешкім 

жоқ-ау, сірә. қала тұрғындарын таңсәріден балабақша

мектептен бастап жұмысына дейін тыным таппай 

тасымалдап жүрген қоғамдық көліктерге байланысты 

көпшіліктің  көкейінде жүрген  сұрақтарымызды сайлап

тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық 

шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль 

жолдары бөлімінің басшысы Бақытжан Жақсылықовпен 

сұхбаттасқан едік. 

нұржан ҚАдІРӘЛІ

Қаһарына мінген қарашаның алғашқы күндері об-

лыс орталығында алапат жел тұрып, жолындағының 

барлығын жайпап өтті. Әулиеаталықтарды әбден 

әбігерге салған табиғаттың тосын мінезі өткен 

аптада  да  қайталанды.  «Қазгидромет»  РМК 

мәліметі бойынша өңірде екпіні 25-30 м/с дау-

ыл көтеріліп, кей жерлерде ауа температурасы 

түнде 15-20 градусқа дейін төмендеді. Алапат 

дауылдан кейін зардап шеккен көп пәтерлі және 

жеке  сектордағы  үй  иелері  төтенше  жағдайға 

байланысты  қала  әкімшілігіне  жүгініп,  көмек 

сұраған  болатын.    Біздің  газетіміздің  редак-

циясына да тұрғындар тарапынан қоңыраулар 

соғылып, мұндай жағдайда мемлекет тарапынан 

көрсетілетін көмек түрлерін газетке жариялау-

ды  сұрағандардың қарасы көп болды. Мәселен, 

Рахимов  көшесі,  №46  үйдің  тұрғыны  Татьяна 

Савастьянова желден жапа шеккен бойда қалалық 

әкімдікке бірінші жүгінгендердің бірі екен. Нақ 

сол күні екі бірдей ағаштың бөренесі аталған 

мекенжайдағы екі қабатты үйдің төбесіне құлаған. 

Салдарынан үйдің шатыры мен терезесі қирап, 

қылтимасы (балкон) қабырғадан 7 сантиметрге 

жарыла жылжып кеткен. Оқиға болғаннан кейін, 

яғни 4 қарашада  тұрғынның  қағаз жүзіндегі 

мәлімдемесін әкімдіктегілер қабылдап, тұрғын 

үй инспекциясы бөліміне жіберіпті. Бөлімнің бас  

маманы Нұрланбай Серікбаев тұрғынның үйіне 

арнайы  комиссияны  жіберуге  уәде  берген.  Өз 

кезегінде ол тексеру тобы үйдің зардабы мен оған 

жұмсалатын  шығын  көлемін  анықтайды  екен. 

Дегенмен  айтылған іс араға уақыт салып барып 

қана қолға алыныпты. Комиссияны күтіп зәрезап 

болған Татьяна тұрғын үй инспекциясы бөліміне 

тағы да бас сұғып, бұл жолы да салы суға кетіп, 

үйіне оралуға мәжбүр болған. 12 күн бойы күтуден 

шаршап, күдерін үзген  ол ақыры өз қалтасын 

қағып-соғып,  бар  қаражатына  шамалы  шатыр 

жабындыларын    сатып  алып,  жұмысшыларды 

жалдап қойған кезде ғана комиссия есігін қаққан 

көрінеді. Редакцияға осындай шағымын айтып кел-

ген тұрғынның мәселесін зерделеу мақсатында, біз 

Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық 

шаруашылық,  жолаушылар  көлігі  және  авто-

мобиль жолдары бөлімінің басшысы Бақытжан 

Жақсылықовпен  байланысқа  шықтық.  Оның 

айтуынша, табиғи апаттан тұрғын үйлер зардап 

шеккенде, оның шығыны мен жөндеу жұмыстары 

ПИК-тердің  міндеті  екен.  Және  жер  үйлерге 

жергілікті  билік  тарапынан  көмектің  берілуі 

екіталай көрінеді. Бұған қоса, зардап шеккен пәтер 

иелерінің өтініштері тек оқиға орын алғаннан 

бастап бес күннің ішінде ғана қабылданыпты. 

Ал істің басы-қасында жүрген комиссия тобы 

тұрғын  үй  инспекциясы  бөлімінің  мамандары 

болғандықтан, олардан да жалпы ахуалдың жайын 

сұрадық.


-Біз қазір көп пәтерлі үйлерді тексерудеміз. 

Төтенше жағдай орын алғанда, халыққа қаржылай 

қолдау  көрсету  біздің  құзырымызға  кірмейді. 

Дегенмен 100-ден астам тұрғын үйдің шатыры 

дауылдан зардап шегіп, оның 50-і қайта қалпына 

келтірілді. Біз бірінші кезекте көп пәтерлі тұрғын 

үйлердің, әлеуметтік жағдайы төмен және көп 

балалы  отбасылардың  өтініштері  бойынша 

жұмыс жасаудамыз. Үйге келтірілген зардаптың 

анықталған көлемін суретке түсіріп, шығынын 

есептеп, акт толтырамыз, - дейді тұрғын үй инспек-

циясы бөлімінің басшысы Есенкелді  Бейсенбеков.

Бұл аталған сандық көрсеткіштер күннен-күнге 

өсуде. Мәселенің мән-жайын және соңғы дерек-

термен қала әкімдігі аппаратының ұйымдастыру-

инспекторлық бөлімшесінің және азаматтық қорғау 

бойынша бас маманы Бақытжан Саданов бөлісті. 

- Нақты уақытта қалада 117 көп пәтерлі тұрғын 

үйден өтініш қабылданып, олардың 50-ден астамы 

қайта қалпына келтірілді. Комиссияның кешігуін 

де  түсінуге  болады.  Себебі  оның  құрамында 

тұрғын үй инспекциясынан бар болғаны үш-ақ 

адам жұмыс жасайды. Ал қалада 1200-ге жуық 

тұрғын үйлер бар. Олардың әрқайсысын аралап 

үлгере алмай жатыр. Дүйсенбі күні қала әкімі 

қалада  төтенше  жағдайды  жариялау  бойынша 

шешімге қол қойды. Ол шешім 15 күнде әділет 

органдарында  тіркеліп,  10  күнде  өз  күшіне 

енеді. Осы шешімге байланысты облыстық және 

жергілікті бюджеттен зардап шеккен үйлердің 

шығынын өтеуге қажетті қаражат бөлінбек. Және 

олардың қатарында көп пәтерлі тұрғын үйлер 

ғана емес, білім, денсаулық сақтау нысандары да 

бар, - деді ол. 



-

 Бақытжан Алпысұлы, қаладағы қоғамдық 

көліктердің қызмет көрсету сапасы қаншалықты 

жақсаруда? Халық көп қатынайтын бағыттар 

бойынша  шағын  маршруттардың  орны-

на    неліктен  үлкен  автобустар  жүрмейді?                                                                                                                                        

 - Қазіргі таңда қала тұрғындарына жолаушылар 

көлігі тасымалымен 43 бағыт бойынша 11 тасы-

малдаушы мекеме айналысады. Оның ішінде 38-і 

автобус маршруттары, 5-і шағын автобус маршрут-

тары бар. Осы маршруттарда әртүрлі маркадағы 

күнделікті 517 автобус пен шағын автобус қызмет 

көрсетеді. Қалалық бағыттардың жалпы ұзақтығы 

872,1 шақырымды құрайды, ал автобус бағыты-  

789,2, шағын автобус бағыты – 82,9 шақырым. 

Соңғы  екі  жылда  қаламызда  жолаушыларды 

тасымалдауда қауіпсіздікті қамтамасыз ету және 

заң талаптарына сәйкес 19 шағын автобус бағыты  

автобус бағытына ауыстырылды. Бұл қысқартылған 

шағын автобустар қолданыстағы заңнама талапта-

рына сәйкес келмейтін өте төмен сыйымдылықты, 

бір жолаушы есікті шағын автобустар. Ағымдағы 

жылдың соңына дейін қосымша № 38 бен № 34 

шағын автобус бағыттары орташа сыйымдылықты 

автобустарға ауыстырылады. Бұл іс-шараны 2017 

жылдың соңына дейін толығымен аяқтаймыз деп 

жоспарлап отырмыз. 



-  Кейбір  жүргізушілер  өз  кәсібінің 

жауапкершілігін жіті сезінбей, тар жолдар 

мен кептелістерде бір-бірімен жарысып, жол 

қозғалысының  да,  халықтың  да  берекесін 

қашырып жүреді. Олардың бұл әрекетін қалай 

қадағалайсыздар? 

-   2 0 1 5   ж ы л ы   қ а л а л ы қ   т а с ы ма л д ау 

бағыттарындағы  автобустардың  барлығына  

навигациялық бақылау жүйесі (GPS) енгізілген. 

Бүгінгі күні осы бағыттардағы автобустардың 

қатынауы бойынша барлық қажетті ақпараттар 

алынып, сараптама жасалынып, тиісті шаралар 

қолданылуда. Бұл жүйенің енгізілуіне байланы-

сты бағыттардағы көліктердің үздіксіз қозғалыс 

кестелерінің  және  жылдамдық  режимдерінің 

сақталуы үнемі қадағаланып, бақылануда. Оның 

нәтижесін  online  режимде  taraz-bus.kz  сай-

тынан  көруге  болады.    Және  бүгінгі  таңда 

қалалық жолаушы бағыттарының жұмысын үнемі 

қадағалап, бақылап отыру үшін жолаушы көлігі 

секторының мамандары мен тасымалдаушы мекеме 

қызметкерлерінен құралған арнайы топ бекітілген 

кесте бойынша күнделікті жұмыстар жүргізуде.  

Анықталған кемшіліктер, тәртіп бұзушылықтар, 

сондай-ақ  жыл  басынан  бері  жолаушылардан, 

тұрғындардан  түскен  107  арыз-шағым  мен 

ұсыныстар бойынша тиісті шаралар қолданылып, 

арыз иелеріне уақытылы жауап берілді. Ағымдағы 

жылдың  басынан  бері  жолаушыларға  қызмет 

көрсетуде  мәдениетсіздік  танытқан,  дөрекілік 

көрсеткен  және  автобустардың  жүру  кестесін 

сақтамай, жарыс ұйымдастырған 18 жүргізуші мен 

олардың 23 жолсеріктері жұмыстан босатылды. 

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қазан айында 

барлық  бағыттағы  автобустардың  күзгі-қысқы 

мезгілдерде жұмыс атқару дайындығына бекітілген 

кесте бойынша байқау жүргізілді. Нәтижесі бой-

ынша техникалық жағдайы төмен 42 дана автобус  

тоқтатылып, кемшіліктерін жойғанша жұмыстан 

шеттетілді. Әрине, жолаушыларды тасымалдаудағы 

тәртіп  бұзушылықтар,  кемшіліктер  жоқ  емес, 

баршылық. Оларды үнемі анықтап, алдағы уақытта 

да тиісті шаралар қолданатын боламыз.                                                                                  



-  Шаһардан  шалғай  орналасқан  алаптар 

тұрмақ,  әлі  күнге  дейін  қаланың  ішінде  де 

қоғамдық көлік қатынамайтын көшелер бар. 

Бұл мәселе қашан шешіледі? 

- Қоғамдық көлік қатынасымен қамтылмаған 

ТАрАЗЫ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет