Жалпыхалықтық тіл терминжасамның



бет1/2
Дата27.11.2022
өлшемі25,95 Kb.
#52916
  1   2
Байланысты:
түркі тілдеріне ортақ терминқор


Тілдер дамуының әлеуетін көрсететін бірліктің бірі –терминология. Түркі тілдеріне ортақ терминологиялық қор жасау мәселесінде термин жасау үлгілерін зерттеп-зерделеу, жүйелелу, оны ортақ қолданысқа түсіру, терминжасам жолдарын ғылыми негіздендіру, көптілді терминологиялық сөздіктер жасауды қолға алу өте маңызды. Кеңестік Одақ заманында түркі тілдес халықтардың тығыз байланыста болмауы олардың тілдерінің, оның ішінде терминжасам мәселелеріне де кері ықпалын тигізді. Осымен байланысты Ш.Құрманбайұлының: «Түркі тілдері арасындағы терминдерді біріздендіруге, өзара терминалмасым үдерісін жолға қою арқылы ортақ терминдер қорын молайта берудің маңыздылығын көрсететін негіз жеткілікті», - деген тұжырымы орынды [1,7].
Жалпы алғанда, жаңа бір ұғымды атауда түркі тілдерінде бірлесе отырып термин жасау тәжірибесінің болуы ортақ терминологиялық қорды дамытумен бірге, түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасын құрастыру, көптілді терминологиялық сөздіктер даярлау, тілдерді үйрету, жоғары оқу орындарында филолог мамандардың кәсіби-тілдік құзыреттілігін қалыптастыру үшін де маңызды.
Жалпыхалықтық тіл терминжасамның қайнар көзі екені белгілі, бірақ барлық түркі тілдерінде оның терминжасамға қатысы бірдей емес. Ортақ терминдер жасау мәселесінде ескерілетін басты мәселелердің бірі - осы, яғни түркі тілдеріндегі сөздердің ұқсастығы – оның лексикалық қорында, жалпыхалықтық лексикасында.
Қазақ және туыстас түркі тілдерінде терминдер жасау үлгілерін белгілеу – терминжасам жолдарын дамытудың бір жолы және терминдерді қалыптастыруда термин-модель, термин-үлгілермен алмасу жолдарын қалыптастырады, сондай-ақ түркі негізді сөзжасам жолдарын анықтауға негіз болады. Қазақ және түрік тілдеріндегі ортақтық жалпыхалықтық лексикасында сақталғанмен, екі тілдің де терминжасамында бұл мәселеде ұқсастық, ортақтық аз. Жалпы алғанда, Совет үкіметі дәуірінде тарихи даму тұрғысынан түркі тілдері бір-бірінен оқшауланғаны белгілі. Әрбір тілдің сөздік қоры үздікісіз жаңа ұғымдар мен терминдермен сол тілдік қор арқылы және кірме сөздермен толықтырылып отырады. Мәдениет, әдебиет, ғылым мен техника, білім беру, қоғам талаптарына сай жоғары оқу орындарында мамандық түрлерінің артуына байланысты да терминдер дами түседі.
Жалпыхалықтық, жалпыәдеби тілден алынған сөздер – ұлттық терминжасамның қайнар көзі болатындығына үлгі. Біздің басты ұстанатын тірегіміз ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы ұлтымыздың ұлығы А.Байтұрсынұлы бастап берген жол – қазақ терминологиясын дамытудағы сүре де күре жол. Сол замандағы тілімізге еніп бүгінге дейін қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан қазақ тіл білімі терминдері, оның өміршең үлгісі жалғасын табуы үшін тіл жанашары, белгілі ғалым Б.Қалиев айтпақшы: «Қазақша термин жасау үшін не істеу керек? Қазақша термин жасау үшін бір-ақ нәрсе керек. Ол қазақ тілі дамытуға, жетілдіруге деген ақ ниет пен шынайы намыс қана» [2,121].
Белгілі терминолог Ш.Құрманбайұлы бұл салада терминжасамның лингвистикалық мәселелерін арнайы сөз етіп, салалық мамандарға арналған олардың сөздік түзу, термин жасау барысында басшылыққа алуына болатын әдістемелік, көмекші құралдар дайындаудың қажеттілігі, қазақ тіліндегі сөз тудырушы жұрнақтардың қазіргі терминжасам үлдерісінде қаншалықты тиімді пайдаланылып жатқандығын анықтап, оларды термин шығармашылығында қалай орнымен қолданған жөн екендігін көрсетіп бере алатын практикалық тиімділігі бар құралдар дайындаудың маңызы өте зор екендігі, көмекші мрорфемалардың табиғатын, олардың мағынасы мен қызметін жақсы ажырата білетін, сөзжасам, терминжасам мәселесінен хабары мол маманның атқаратын ісі екендігін, салалық маман, ғалымдардың, арнайы зерттеушілердің қолынан келетін іс ретінде танытуға болатындығын тұжырымдайды [1,143].
Баспасөз бетінде жиі қолданылып жүрген кейбір атаулардың тез сіңісіп, біразының шектеліп қалып, қалтарыста қалып қоятындығын айта келе, сондай-ақ ол атауларды дер кезінде ыждағаттылықпен жинақтап, лингвистикалық сұрыптаудан өткізіп, ұтымды жасалғандарын іріктеп алу жұмыстары уақытылы жүргізілмегендіктен, қалып қоятындығын айта келе, «мұндай олқылықтарға жол беру тіліміздің лексикалық қорының баюына, оның сапалық тұрғыдан дамуына мұқияттылық танытудың, әдеби тілдің сөздік қорын қалыптастыруға зор жауапкершілікпен қараудың жеткіліксіздігін көрсетеді. Бұл түптеп келгенде, қазіргі лексикология мен лексикографияның, сөзжасам мен терминжасамның, сөз мәдениетінің де маңызды мәселесі»,- дейді белгілі терминолог ғалым Ш.Құрманбайұлы.
Түркітілдес тілбілімі терминдері жалпыәдеби, жалпыхалықтық тілден, дилектілерден, тарихи мәтіндер мен басқа туыстас түркі тілдерінен алудың тиімді жақтарын бүгінде өмірлік тәжірибе дәлелдей бастады. Басқа тілдің ықпалы жөнінде С.Исаев: «Тіл қанша бай болғанмен, басқа тілдермен қарым-қатынассыз өз бетімен тек өзінің ішкі мүмкіншіліктерінің шеңберінде ғана қалып қоймайды. Сол тілдің иесі басқа халықтармен әр жағдайда қарым-қатынас жасаудың нәтижесінде тілдердің бір-біріне ауыс-түйіс жасап әсер-ықпал етіп отыратын белгілі. Әсіресе қоғамдық өмірде ұлы өзгерістер болып жатқанда, жеке бір тілдің ішкі материалдары жетісе бермейді. Сондықтан халықтармен қарым-қатынас жасап отырған тілдің лексика саласында әсіресе жаңа ұғымға байланысты сөз ауысуы - заңды құбылыс. Әсіресе лексиканың терминдер саласында өте-мөте білім мен техникасы дамыған елдің ықпалы ерекше болатыны белгілі»,- деп пайымдаған еді [3,501-502], сондықтан басқа тілдің тілімізге қаншалықты дәрежеде ықпал еткендігі, оның салдары қандай болатындығы болжанып, әсіресе терминдерді қабылдаудағы ғылыми ұстанымдардың негіздемесін жасау қазіргі кезеңдегі аса маңызды, жауапты іс екендігі есімізде болғаны абзал. Жаңа ұғымдарды білдіруде қазақ тілінің өз ішкі мүмкіндігінің мол екендігін дәлелдеу үшін сөздік қордың бай қабаттарын жіті сүзіп қолдану жолдары да айқындалуы тиіс. Бұл тұрғыдан қазіргі кезеңде шығып жатқан Қазақ тілінің түсіндірме, аймақтық, фразеологиялық, этимологиялық, жеке авторлық т.б. толып жатқан сөздіктер мен анықтағыштардан, энциклопедияларынан тілдің мол қазынасын сарқа пайдаланғанымыз жөн.
Жалпыхалықтық қордағы сөздердің терминденуі тұрғысынан түркі тілдерінің ішінде түрік тілі үлгісі - озық. Қарастырып отырған түрік тіліндегі терминдердің қалыптасуы мен дамуын үш кезеңге бөліп қарастыру дәстүрі қалыптасқан: 1) Танзимат дәуірі (Tanzimat Dönemi). Бұл кезең – 19 ғасырдың соңындағы жаңаландыру дәуірі, ұлттық мемлекет жасаудағы жаңа саясат дәуірі болды. Алғаш ана тілінде оқу мәселелері және термин мәселелері көтеріле бастады. 1851 жылы құрылған Реттеуші орталық мектеп пен жоғары оқу орындары үшін оқулықтарды осы бағытта даярлаумен айналысты. 2) Ұлттық әдебиет дәуірі (Milli Edebiyat Dönemi) 1911-1923 жылдар арасын қамтиды. 3) Республика кезеңі (Cumhuriyet Dönemi). Бұл жылдардағы елеулі оқиғалардың бірі Ататүріктің тікелей басшылығымен 1932 құрылған Түрік тілі құрылымының құрылуы болды (Türk Dil Kurumu). Бұл кезеңде Ататүріктің қолдауымен үш рет Тіл құрылтайы шақырылды. Басты мақсаты - тіл тазарту, яғни араб, парсы тілдері мен батыс тілдерінен енген сөздерден тазарту мәселесі өзекті болды. «Түрікшелендіру» деп аталған («Türkçeleştirme») бұл кезеңде түрік тілінің даму қарқыны артты, жүздеген жылдар бойы үстемдік еткен араб, парсы, батыс тілдерінен енген сөздер мен терминдерді ұлттық тілде жасаудың ғылыми негізі қаланды. Түрік терминдерінің дамуында ХХ ғасыр басындағы тіл біліміндегі үш бағыттың функционализм, лексикографизм, структурализм негіз болғанын байқауға болады. Осы кезеңдегі терминдерді түрікше жасауда Желал Нуридің «Түрік реформасы» атты еңбегінің маңызы ерекше.
Терминдерді «түрікшелендіру», түрік тілін өктем тілдердің шырмауынан алып шығу тартыссыз болмады. Көптеген түрік білім адамдарының батыста білім алып, батыс тілдері мен араб-парсы терминдерінің жалғасын табуын талап еткенін сол заман тарихын оқи отырып, куә боласың. Сол тартыстарға қарамастан, түріктің алдыңғы қатарлары озық ойлы ағартушылары өжеттілікпен, батылдықпен, өлермендікпен терминдерді түрікшелендіруді ұлы жолға қойған екен. Бүгінде бұл жол – ғылымға бастар даңғыл жол болып, түрік ғылым тілінің қарқынды дамуына мол мүмкіндік берді.
ХХ ғасырдың 50-жылдарында болған бір Түрік тілінің құрылтайында түрік қоғам қайраткерлерінің бірі Весим Аталай: «Анадолының өліп бара жатқан сөздерін алып, тірілткіміз келеді. Бұл қылмыс па екен?», – деп, түрік тілінің ғылым тілі болатындығына сенбегендерге өзінің Мысырдан әкелген арабтардың тек төл тілінде жасалған 6 томдық терминдер сөздігін алға тартады. Содан соң 1949 жылы түрік тілінің терминқорын жасау мақсатында халық аузынан жинаған 5 томдық кітап 1957 жылы шыққан еді.
Жалпы алғанда, тарихи даму тұрғысынан түркі тілдері бір-бірінен оқшауланды. Әрбір тілдің сөздік қоры үздікісіз жаңа ұғымдар мен терминдермен сол тілдік қорда немесе кірме сөздермен толықтырылып отырады да арнайы лексиканы бір-бірінен ажырата, айыра түседі. Түбі бір болғанмен, қазіргі кезде түрік тілдеріндегі сөздер алшақтана бастады. Себебі әдебиетінің, ұлттық мәдениет айырмашылығы, адам саны, шекарасына байланысты. Мәдениет, білім беру, жоғары оқу орындарында мамандақтықтардың көбеюіне байланысты да терминдер дами түседі. Түркі тілдеріндегі терминдердің тарихи даму жолдары да әртүрлі.
Осы тұрғыдан түркі тілдерінің көптілді терминологиялық сөздіктерін құрастырып, шығарудың түркі тілдерінің терминдік қорының дамуына қосар үлкен үлесі болатынын және өте маңызды іс екендігін баса айтқымыз келеді.
Қазақ, түрік тілдеріндегі грамматикалық терминдердің ортақтығы, оған жетудің тиімді жолдары бар ма, ол мүмкін бе деген сауалдарға жауап - грамматикалық терминдердің көп тілді сөздіктерін жасау, салыстыру, ортақтықтарын табу, ортақ терминжасам тәсілдері мен үлгі-моделдерін жандандыру, белсендіру.
Түркі тілдерінің ортақ терминдер қорын жасау мәселесі түркі мемлекеттерінің тәуелсіздік алған кезеңінен басталды. Алғаш рет қазақстанда түркітілдес мемлекеттері ғалымдарының 1997 жылы көптілді терминологиялық салыстырмалы сөздіктерін жасаудан бастауы - осының дәлелі. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі жылдары алғаш бұл игі іс 1997 жылы Түркістанда Қожа Ахмет Йассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде бастайды. Салалық көптілді терминдер сөздіктерін жасауға Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Татарстан, Башқұртстан, Қарақалпақстаннан ғалымдар қатысқан болатын.
Белгілі татар ғалымы М.Зәкиев терминологиялық сөздіктер жасау ісіне атсалысақан ғалымдардың бірі болды. Ол аталған мәселенің түркі халықтарының сақталуы мен дамуында маңызды рөл атқаратындығына баса мән бере отырып, ең алдымен барлық салалар бойынша салыстырмалы көптілді терминологиялық сөздіктерін жасаудан бастау қажеттігін айтады. Сөздіктер жасау барысында ғылыми терминдердің жалпытүркілік қорын түркі тілдерінің және топтары үшін мәселен, оғыз немесе қыпшақ тілдері бойынша жасау мүмкіндіктерін анықтау мақсатын басты етіп қояды.
1997 жылдары басталған әлеуметтану, саясаттану, құқықтану және экономика салалары бойынша он түркі тіліндегі (қазақ, түрік, азербайжан, башқұрт, қарақалпақ, қырғыз, өзбек, татар, түрікмен және ұйғыр) терминдер сөздіктері даярланды. М.Закиев баянамдамасында аталаған бағыттар бойынша даярланған сөздіктерді лексикографтарға өз тіліндегі терминқорға мүмкіндігінше жақындатау үшін (ұқстауға) тарату қажеттігін айта отырып, белгілі себептермен еңбек баспаға даярлану кезінде тоқтап қалғандығын қынжыла баяндайды. Ғалым бұл жұмыстағы маңызды мәселе деп ғылымның барлық салалары бойынша көптілді терминоллогиялық сөздік жасау үшін түркі тілдерінің дамыған терминқорының мүмкіндігі, әлеуеті мәселесін қояды [4].
Азербайжан тілі терминология саласының белгілі маманы С.А.Садыкова ең өзекті мәселе түркі тілдерінің ортақ терминдер қорын жасауға баса мән беру қажеттігіне тоқталады. Ол терминдерді түркі тілдеріне ортақ және басқа тілдерден енген терминдер деп топтай отырып, ортақ терминдер санын арттыруда түркі тілдерінің өзара тәжірибе алмасуының маңыздылығын айтады. Жалпытүркілік қор үшін терминологиялық көптілді сөздіктердің қажеттігін, бүгінде оның өте өзекті екендігіне баса мән береді. Ортақ терминдердің жазылу ережелерін бекітіу, қорыта айтқанда, қазіргі түркологиядағы маңызды мәселенің бірі ретінде түркі тілдідеріне ортақ терминдерді қалыптастыру мәселесі екендігіне баса мән береді [4].
«Түркі тілдерінің ортақ терминқорын қалыптастыру – түркі тілдерінің қазіргі ғылым, салалық кәсіп тілін өзара дамыта отырып, ортақ ғылым, кәсіп тілін қалыптастырудың маңызды қозғаушы күші. Осы арқылы түркі тілдері өзара сөздік қорын қалыпына келтіруге жол ашады. Термин жасау ісінде тәжірибе алмасудың құралы – түркі тілдерінің көптілді терминологиялық және де басқа сөздіктерін жасау» [4,111].
Бүгінде түркі тілдеріндегі көптілді терминологиялық сөздіктер жасау мәселесі - өте өзекті. Бұл мәселеде мына еңбектерді атап өтуге болады: Э.Севортянның «Түркі тілдерінің этимологиялық сөздігі», Хасан Ереннің «Түркі тілдерінің этимологиялық сөздігі, С.Старостин т.б. «Алтай тілдерінің этимологиялық сөздігі», Ресей ғылым академиясының Тіл білімі институтының көптомдық түркі тілдерінің этимологияилық сөздігі т.б. Ерекше атап өтетін еңбектердің бірі - «Түркі тілдерінің салыстырмалы сөздігі [5]. Редакциялық алқасын басқарған, белгілі түрік профессоры, түркітанушы А.Ержіласұн бұл сөздікті Кеңестер Одағы жығылып, Қазақстан секілді бірқатар түркі мемлекеттерінің тәуелсіздік алған жылдарымен бірге туындаған шығарма деп баға береді. Сөз басында редакциялығына жетекшілік еткен Ахмет Ержіласұн: «Тіліміз бен әдебиетіміз, мәдениетіміз жаңа бір дәуірді бастан кешуде. Жүз жылдар бойы араб, парсы, соңғы ғасырларда батыс тілдерінің ықпалында болып келген түрік тілі бұдан соң өзінің қайнар көзінен қуат алып, дамиды. Бір-біріне жабық қақпалар ашылып, әдебиеті мен тілі бірі-бірінен толықтырылады, одан әрі дамиды» - деп жазған еді. 1200 бет көлеміндегі үлкен көп тілді сөздікте (9 түркі тілі мен соңында орыс тілінде берілген жиілігі жоғары сөздер қамтылған) түркі тілдерінің қысқаша грамматикасы мен айтылым үлгілері де берілген. Сонымен қатар тіл білімі терминдері тұрғысынан Е.Гүрсой-Наскалидің «Түркі әлемінің грамматикалық сөздігі». Бұл сөздікте автор 20 шақты түркі тілдеріндегі грамматикалық терминдерді салыстырып берген. Сөздікті құрастырудағы қиындықтардан ең алдымен кирилл әріптерін қолданатын түркі тілдіеріндегі терминдердің латынша жазылуымен берудегі қиындықтар деп көрсетеді.
Бұл аталаған санаулы сөздіктер - түркі тілдерінің дамуына қосылған үлкен үлес.
Бүгінгі заман - ақпараттық технологияның қарқынды дамыған кезеңі, сондықтан интернет желісіндегі көптілді сөздіктер жөнінде қысқаша айтып кетуге болады. Интернет - кең виртуалды орта, ақпарат алмасу құралы. Интернет желісіндегі маңызды сайттардың бірі - eionet.europa адресімен берілген 35 тілді терминологиялық сөздік. Бұл сөздікке түркі тілдерінен екі тіл, бірі- әзірбайжан, екіншісі түрік тілі енген. Мұндай типті он-лайн жүйесіндегі электронды сөздік 1971 жылы ЮНЕСКО және ғылыми байланыстар халықаралық комитеті (ICSU) ЮНИСИСТ (UNISIST – World Science Informational System) Э.Вюстердің жетекшілігімен ақпараттардың халықаралық жүйесі жобасы негізінде құрылған. Бұл стандартталған терминдердің көптілді терминолгиялық жүйесі. Стандарттардың халықаралық ұйымы (ISO) әлемде стандарттау жұмыстарын реттейді. Осы аталған комитеттің ISO/TC-37 «Терминология (ұстанымдары мен реттелуі)» атымен берілген бөлігі терминологияны стандарттаумен айналысады.
Түркі тілдерінің терминологиясы осы жерден орын алуын да мақсат тұтуымыз керек. Бұл тұрғыдан маңызды жайттардың бірі – қазақ тілінің ең танымал автоматты аударма Google –аудармашы жүйесіне енгізілуі. 1998 жылы құрылған Coogle компаниясы басты әлемдік нарықта лидер веб-корпарация болып табылады. Бұл –ең үлкен жетістік. Бұл Билайн корпарациясы қолдауымен WikiBilim қоғамдық қоры арқылы жүзеге асты. 2012 жылы басталған көп ерік-жігері қажететені еңбек 2011 жылы желтоқсан айында іске қосылып, жұртшылықты қуантты. Қазақ тілі он-лайн жүйесінде 90 тілге аударылады және керісінеше 90 тілден қазақшаға автоматты аударма жасалады. 2014 жылы ең танымал Мәселен, googl trans latede 2014 жылы енді. Бұл - үлкен жетістік.
Он-лайн жүйесіндегі көптілді терминологиялық сөздіктердің бірі - Windowsқа арналған рolyglossum ver.4. бағдарламасы. Бұл - ғылыми –техникалық терминологиялық көптілді сөздік.
Сонымен, жоғарыда айтылған мәселелерді түйіндей келгенде, түркі тілдерінде пайда болған жаңа ұғымдарды атауда ортақ тәжірибе алмасудың маңыздылығы түркі тілдеріне ортақ терминологиялық қор жасауға, ортақ терминдер жасаудың озық үлгілерін анықтауға негіз болуында. Қазақ және түрік тілдеріндегі терминдер жасау үлгілерін белгілеу – терминжасам жолдарын дамытудың бір жолы және терминдерді қалыптастыруда термин-модель, термин-үлгілермен алмасу жолдарын қалыптастырады, сондай-ақ түркі негізді сөзжасам жолдарын анықтауға негіз болады. Түркі тілдеріндегі терминдер қорын арттыру түркі тілдерінің сөздік қорының артуына, жақындасуына үлкен ықпал етеді.
Қорыта айтқанда, түркі тілдеріне ортақ терминологиялық қор жасауда түркі тілдеріндегі терминдердің жасалуының тәсілдерін (лексика-семантикалық, морфологиялық, синтаксистік,), функционалдық, өзіндік ерекшеліктері мен ортақ қырларын анықтау, тілдік тұрғыдан жүйелеу , осы тұрғысыснан ұлттық терминқорды жасауда ұлт тіліндегі термин шығармашылығына нұсқан келтірмес үшін түркі тілдерінің терминжасамдағы озық үлгілері негізінде терминжасамның ұлттық үлгі/модельдерін қалыптастыру қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет