Ә. Е. Жұмабаева, Г. И. Уайсова, А. Т. Тұралбаева Қазақ тілі диктанттар жинағЫ 1-бөлім



Pdf көрінісі
бет18/23
Дата07.01.2022
өлшемі215,29 Kb.
#19429
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
ДИКТАНТТАР ЖИНАҒЫ.2 сыныпpdf

МЕНІҢ ТУҒАН ӨЛКЕМ

 Лепті сөйлем

Көру диктанты

Кенге толы қойнауы

 Анамыздай тілеуі ақ,

Төлге толы жайлауы

 Отан бізде біреуақ,

Ол – біздің Қазақстан! 

 Ол – біздің Қазақстан!

                                                          Мұзафар Әлімбай

•  Өлеңді жатқа жаздыру.

Өздік диктант

Жұмбақ

 

Қуану, ренжу, өкіну,



 

Мақсатым – соны сездіру.

 

Ұранды да айтамын,



 

Қарқындап барып қайтамын.



•  Жұмбақ шешуіндегі сөз туралы мәтін жаздыру.

Шығармашылық диктант

1. … әкем келді! 

2. … кеше келсемші! 

3. … әдемі сурет! 

4. ... көркем табиғат! 

5. ... жерананың құдіреті! 

6. ... туған жерімай! 

•  Сөйлемдерді алақай, қап, қандай, неткен, паһ шіркін, 

беу сөздерінің тиістісін қойып жаздыру.

***

Ертіс – үлкен өзен. Оның бойына сәулетті қалалар салынған. 

Ертіс жағасының құнарлы топырағы жылда мол өнім береді.

•  Бірінші сөйлемді лепті сөйлемге айналдырып жаздыру.



33

Терме диктант

Қаратайға  әкесі  малақай  сатып  алып  берді.  Малақай 

балақайға ұнады.

– Алақай, малақайым әдемі! – дейтін ол.

Сөйтіп  жүргенде  ауылдан  әжесі  келді.  Қаратай  оның 

алдынан жүгіріп шықты.

– Алақай, әжем келді! – деді ол.

– Айналайын, Қаратайым, – деп әжесі немересінің бетінен 

сүйді.

– Әже, мені біреулер Алақай деп атайды, – деді балақай.



– Алақай деген жақсы сөз, балам. Қуанғаныңды білдіреді. 

Қуанып,  шат  болып  жүрсең,  тез  өсесің.  Айтса,  айта  берсін,  – 

деді әжесі.

Қаратай кәдімгідей қуанып қалды. Қуанып, шаттанған соң 

бұрынғыдан да бойы өсіп, есейе түскендей көрінді.

                                                                 Қ. Шотбасов

•  Мәтіннен лепті сөйлемдерді теріп жаздыру.

***

Жарас жазғы демалысында үлкендерге көмектесуді ұйғар

ды.  Сөйтіп  ол  хат  тасушы  болды.  Хат,  газетжурнал  толы 

сөмкені велосипедінің арт жағына қойып, мықтап байлап ала

ды да, жайлауға қарай тартып отырады. Әнеміне дегенше са

лып ұрып жетіп келеді.

Шопандар қарқ болып қалады.

–  Міне, жігіт!

–  Көп жаса!

–  Өркенің өссін, қарағым!

–  Қатарыңның алды бол! – деп, алғыстарын үйіптөгеді.

                                                                  Ғ. Тәшімбаев

•  Мәтіннен лепті сөйлемдерді теріп жаздыру.



34



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет