( МК) , (Ұ) «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісінен зат есім баяндауыш болғанда, оған І, ІІ жақта жіктік жалғауы жалғанған сөздерді тауып, талдау жасау.
Мұғалім ертегіден зат есім баяндауыш болғанда, оған І, ІІ жақта жіктік жалғауы жалғанған сөздерді тапқызып, талдау жасатады. Бұл сөздерді түбір мен қосымшаға ажыратқызады. Мысалы:
азаматсың (азамат – түбірі,
-сың – жалғау).
Мұғалім «азаматсың», «кімсің?» сөздерінің сөйлемде қандай мүше болып тұрғанын байқатады. Зат есім баяндауыш болғанда,
оған бірінші, екінші жақта жіктік жалғауы
жалғанатынын, жіктік жалғауының жекеше,
көпше түрлерінің болатынын мысалдар келтіру арқылы түсіндіреді.