Ə. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова, М. А. Данабаева



бет155/305
Дата06.01.2022
өлшемі2 Mb.
#11310
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   305
    Бұл бет үшін навигация:
  • (МК; Ұ)
Байқоңырым – мақтанышым

2.4 Мəтіннің тақырыбы жəне негізгі ойды анықтау.

4.2.4.1 – мəтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сəйкестігін анықтау жəне ондағы негізгі ойды тұжырымдау.

(МК; Ұ) Мəтінді оқу. Сұрақтар қою арқылы мəтін тақырыбы мен мазмұнын салыстыру, сəйкестігін анықтау.
Байқоңыр ғарышайлағы Байқоңыр – Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан ғарыш алаңы. Іргесі 1955 ж. қаланған.

Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, зымыран ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы т.б. факторлар



ескерілді. Байқоңырдың басты жəне көмекші объектілері мен қызмет ету

Мұғалім мəтінді үш бөлікке бөліп, оқушыларға тыңдатады.
Мəтіннің əр бөлігінің мазмұны сұрақтар қою арқылы талданады.



https://kk.wikipedia. org/wiki

Байқоңыр ғарышайлағы










орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобиль жолдары жəне теміржол арқылы байланысқан.

Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр.

1957 жылдың 4 қазанында Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш зымыраны сəтті ұшырылды. Ол дүниежүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін орбитаға шығарды. Байқоңыр əлемдегі ең ірі ғылыми ғарыш полигоны болып табылады. Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, «Восток», «Восход»,

«Союз», «Прогресс» ғарыш кемелері ұшырылды.

1991 жылы 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Əубəкіров «Союз Т-13» ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері

Т. Мұсабаев ғарышта үш рет (1994, 1998, 2001) болды.

Байқоңыр кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптары бар: Қазақстан жеріне жылына 30–35 мың тонна улы заттар таралады. Зымырандардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар жəне Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтірді.


  • Мəтіннің бірінші бөлімінде не туралы айтылған? «Байқоңыр қайда орналасқан?» («Байқоңыр» ғарышайлағы елді мекендерден қашық, Экватор жазықтығына жақын жерде орналасқан».)

  • Екінші бөлімі не туралы? «Байқоңырда нелер ұшырылды?» (Жердің, Айдың, Шолпанның, Күннің жасанды серіктері; ғарыш кемелері ұшырылды.)

  • Үшінші бөлімде не туралы айтылған? Байқоңыр кешенін пайдаланудың қандай зардаптары бар? (Экологиялық зардаптар; улы заттар; зымыран қалдықтары.) Оның негізгі ойы қандай?

  • Мəтіннің тақырыбы мəтін мазмұнына сəйкес келе ме?

  • Мəтіннің тақырыбын сен қалай өзгертер едің?

Сұрақтарға жауап алу барысында мəтіндегі əр бөліктің түйінді ойын білдіретін тірек сөздер анықталады. Бұл əр бөлікке ат қоюды мүмкін етеді:



І. Ғарышайлағы, ғарышайлағын салу себептері.

ІІ. Ең ірі ғылыми ғарыш полигоны. ІІІ. Байқоңырдың экологиялық зардаптары.
Мұғалім оқушылардың бөлім тақырыптарына сүйене отырып, мəтіннің тақырыбы мен мазмұнының сəйкестігін

анықтау жұмысын ұйымдастырады, орындалуын қадағалайды.







Не?

Қайда?

Қашан?

Не істеді?










































Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет