|
|
орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобиль жолдары жəне теміржол арқылы байланысқан.
Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр.
1957 жылдың 4 қазанында Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш зымыраны сəтті ұшырылды. Ол дүниежүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін орбитаға шығарды. Байқоңыр əлемдегі ең ірі ғылыми ғарыш полигоны болып табылады. Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, «Восток», «Восход»,
«Союз», «Прогресс» ғарыш кемелері ұшырылды.
1991 жылы 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Əубəкіров «Союз Т-13» ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері
Т. Мұсабаев ғарышта үш рет (1994, 1998, 2001) болды.
Байқоңыр кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптары бар: Қазақстан жеріне жылына 30–35 мың тонна улы заттар таралады. Зымырандардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар жəне Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтірді.
|
Мəтіннің бірінші бөлімінде не туралы айтылған? «Байқоңыр қайда орналасқан?» («Байқоңыр» ғарышайлағы елді мекендерден қашық, Экватор жазықтығына жақын жерде орналасқан».)
Екінші бөлімі не туралы? «Байқоңырда нелер ұшырылды?» (Жердің, Айдың, Шолпанның, Күннің жасанды серіктері; ғарыш кемелері ұшырылды.)
Үшінші бөлімде не туралы айтылған? Байқоңыр кешенін пайдаланудың қандай зардаптары бар? (Экологиялық зардаптар; улы заттар; зымыран қалдықтары.) Оның негізгі ойы қандай?
Мəтіннің тақырыбы мəтін мазмұнына сəйкес келе ме?
Мəтіннің тақырыбын сен қалай өзгертер едің?
Сұрақтарға жауап алу барысында мəтіндегі əр бөліктің түйінді ойын білдіретін тірек сөздер анықталады. Бұл əр бөлікке ат қоюды мүмкін етеді:
І. Ғарышайлағы, ғарышайлағын салу себептері.
ІІ. Ең ірі ғылыми ғарыш полигоны. ІІІ. Байқоңырдың экологиялық зардаптары.
Мұғалім оқушылардың бөлім тақырыптарына сүйене отырып, мəтіннің тақырыбы мен мазмұнының сəйкестігін
анықтау жұмысын ұйымдастырады, орындалуын қадағалайды.
|
|