4.2.4.1 – мəтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сəйкестігін анықтау жəне ондағы негізгі ойды тұжырымдау.
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:
Барлық оқушылар жасай алады:
Мəтіндегі негізгі ойды анықтайды. Шылаудың жазылуын біледі.
Оқушылардың көбі жасай алады:
Мəтін мазмұнына сүйеніп, тірек сөздермен эссе жазады.
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.
БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙІ:
Мəтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сəйкестігін анықтайды. Шылаулар мен шылау тұлғалас қосымшалардың жазылуын біледі.
ТІЛДІК МАҚСАТ:
Берілген тақырып бойынша мəтін мазмұнын айта алады.
ҚҰНДЫЛЫҚТАР:
Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тəрбиелеу.
ПƏНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС:
Жаратылыстану.
АКТ ҚОЛДАНУ ДАҒДЫЛАРЫ:
Компьютерді қолдану.
АЛДЫҢҒЫ БІЛІМДЕР:
Шылау.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-əрекет
Дереккөздер
Сабақтың басы минут
минут
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі.
«Жүректен жүрекке» ойыны.
Даламдай кең пейілім (құшақтарын ашады).
Жүрегім толы мейірім (жүрек тұсын қолдарымен ұстайды). Мен үшін жоқ уағың (қолдарымен кіші дегенді көрсетеді). Бəріңе ортақ шуағым (екі қолдарын көтереді).
Топқа бірігу.
«Кім жылдам?» ойыны. Оқушылар алдымен туған айлары бойынша тізбек құрып тұрады. Əрі қарай жыл мезгілдеріне байланысты топтарға бірігеді. Топқа ат қойып, топ ережесін естеріне түсіреді.
Көңілді əуен қосып қою
Сабақтың ортасы
2 минут
31-жаттығу. (МК; Ж) Мəтінді оқу.
Мəтін мазмұны бойынша бір-біріне сұрақ қою. Мəтіндегі негізгі ойды анықтап, жаңа сөздердің мағынасына назар аудару.
(Ө) Мəтіндегі соңғы сөйлемді көшіріп жазып, септік жалғаулы сөз бен шылаудың жазылуына назар аудару. Каллиграфиялық нормаларды сақтап, жазу техникасын жетілдіреді.
№4 дəптермен жұмыс
5 минут
32-жаттығу. Эссе жазу.
Оқыған мəтін бойынша тірек сөздерді пайдаланып, «Мəңгілік ел болашағы» тақырыбында эссе жазу.
Оқулықта берілген тірек сөздерді пайдалану арқылы сауатты да көркем жазуға бейімдеу.
№4 дəптермен жұмыс
7 минут
(Т; Ұ) Жазған эсселерін «Автор орындығы» стратегиясы бойынша топта жариялайды.
34-жаттығу. (Ө, Қ) Өлең жолдарын оқып, жатқа жазу.Шылаулардың астын сызып, жұрнақтарды тиісті белгімен белгілеу.
№4 дəптермен жұмыс
5 минут
(МК; Ұ) Сабаққа рефлексия жасау.
«Менің сөзім» стратегиясы бойынша сабаққа рефлексия жасайды. Сыныптан бір оқушы тұрып, жұмысқа өз көзқарасын білдіреді. Тақырыптың ашылуы, тілдік нормаларды дұрыс қолдана алуына талдау жасайды. Айтып болған соң, басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушы сабақты
қорытындылауға осы ретпен қатысады.
Сабақтың соңы
3 минут
(Ө; Қ) «Бір сөзбен...» Төмендегі сөздерден сабақтағы көңіл күйіңді білдіретін бір сөзді белгіле. Парталас досыңа ол сөзді не үшін таңдағаныңды айтып, өз ойыңмен бөліс.
№4 дəптермен жұмыс
2 минут
(Ө; Қ) Бағалаудың шартты белгілеріне сəйкес өзін-өзі бағалау. Жұмыстарын топта жариялап, дəлелдеу.
Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында жұмыс дəптеріндегі «Өз жұмысыңды бағала» тапсырмасы орындатылады. Бірінші тұрған «сауатты жазу», екінші тұрған
«көркем жазу», үшінші тұрған «шығармашылық жұмыстарды орындау» дөңгелектері тиісті қарындаштармен боятылады. Нəтижелері топта жарияланады.