Ə. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова, М. А. Данабаева



бет292/305
Дата06.01.2022
өлшемі2 Mb.
#11310
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   305
Байланысты:
Қазақ тілі 4-сынып

Ұлт болашағы – ана тілі



САБАҚ: Қазақ тілі ТАҚЫРЫБЫ: 128-сабақ.

Одағай сөздер



МЕКТЕП:

КҮНІ:

МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ:

СЫНЫП: 4

қатысқандар саны:

қатыспағандар саны:

ОҚУ МАҚСАТЫ:

4.1.3.1 – сұхбаттасының жасын, жай-күйін ескере отырып, белгілі бір тақырып аясында тілдік нормаларды сақтап əңгімелесу.

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

Барлық оқушылар жасай алады:

  • Одағай сөздерді сөйлем мен сөйлеуде қолданады.

Оқушылардың көбі жасай алады:

  • Тыңдарманның назарын аударып сөйлеуді біледі.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

  • Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙІ:

Белгілі бір тақырып аясында тілдік нормаларды сақтап əңгімелеседі. Одағай сөздерді сөйлеуде қолданады.

ТІЛДІК МАҚСАТ:

Берілген тақырып бойынша мəтін мазмұнын айта алады.

ҚҰНДЫЛЫҚТАР:

Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тəрбиелеу.

ПƏНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС:

Жаратылыстану.

АКТ ҚОЛДАНУ ДАҒДЫЛАРЫ:

Компьютерді қолдану.

АЛДЫҢҒЫ БІЛІМДЕР:

Шылау.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Дереккөздер

Сабақтың басы

2 минут


(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылар шеңбер құрып, өлеңді хормен айту арқылы бір- бірлеріне сəттілік тілейді.

Қайырлы таң, достым! Қайырлы күн болсын. Бүгінгі күн біз үшін Сəттілікке толсын!


Көңілді əуен қосып қою

3 минут

(Ұ) «Мозаика» əдісі бойынша оқушыларды топтарға біріктіру.

Оқушылар сюжетті суреттердің мозаикасы арқылы топқа бірігеді. Топта жұмыс істеудің ережелерін еске түсіреді.



Сюжетті суреттер

Сабақтың ортасы

3 минут



40-жаттығу. (МК; Ұ; Ө) Өлеңді оқу.

Өлеңді дауыс екпіні мен ырғағын сақтап оқу.

Қарамен жазылған сөздердің мағынасына, тыныс белгісіне назар аудару.


Оқулықпен жұмыс

2 минут

(МК; Ұ) Жаңа ақпарат.

Сөйлеушінің сөйлемде айтылған ойға қатысты əр алуан көңіл күйін білдіретін сөздерді одағай сөздер дейді. Одағайлар сөйлемдегі басқа сөздермен байланысқа түспейді, сөйлем мүшесі бола алмайды.

Мысалы: Бəрекелді, өнерлі бала екен!








41-жаттығу. Берілген тақырыптардың бірі бойынша диалогке түсу. Сөйлеу мəдениетін сақтау.




3 минут

42-жаттығу. (Ө; Ж) Берілген одағайларды қатыстырып, сөйлем құрап жазу.

Одағайлардан кейін қандай тыныс белгісін қойғанын талқылау. Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.



№4 дəптермен жұмыс

3 минут

43-жаттығу. (Ө) Сөйлемдерді жазу.

Сөйлемдерді одағай сөзі бар сөйлемге айналдырып жазу. Каллиграфиялық нормаларды сақтап, жазу техникасын жетілдіреді.



№4 дəптермен жұмыс

3 минут

44-жаттығу. (Ө; Ж) Жаңылтпашты оқып, жатқа айту. Берілген жаңылтпаштан одағай сөзді тауып, қарамен жазылған сөздерді салыстыру.

Олардың қайсысы сын есім, қайсысы шылау екендігін анықтау. Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды. Мақалдың мағынасына талдау жасап, өз пікірін білдіреді.






2 минут

Ой сергек!

Бейнежазба əуенімен қимылдау.



https://www.you tube.com/watch

?v=fY0N407X

Xj0&list=PLyv 3wPdSdAyAnT f b3HqZSNE Q7O4GRNX




2 минут

45-жаттығу. (Ө; Ж) Шығармашылық үзіліс.

Ребусты шешу. Шешуіндегі сөзді шылаулармен салыстырып, бір-бірінің айырмашылығын табу.

Жауабы: алақай.





4 минут

7 минут



  1. жаттығу. (Ө; Т; Қ) Топ алдында сөйлеу.

«Ұлт болашағы – ана тілінде» тақырыбында сөз сөйлеуге дайындалу. Ол үшін оқушыларға:

    1. Тақырып төңірегінде дереккөздерден мəлімет жинау.

    2. Сөйлейтін сөзінің жоспарын құру.

    3. Қолданылатын мақал-мəтелдерді анықтау.

    4. Ой дəлелді болу үшін мысал іздеп, қолдану.

    5. Айтар ұсынысын тұжырымдау.

    6. Сөйлеу барысында дауыс екпіні мен ырғақты сақтау.

Газет, журналдар

1 минут

«Микрофон» əдісі арқылы оқушылардың сөйлеуін ұйымдастыру. (Ө; Ұ; Қ) Берілген тапсырманы орындау деңгейіне рефлексия жасау.

Оқушылар бір-бірінің жұмысын көңіл күйді білдіретін



«Смайликтер» əдісі арқылы өз іс-əрекеттеріне рефлексия жасап, бағалайды.

Микрофон

Сабақтың соңы

3 минут


(Ө; Қ) Анықтаманы толықтыру жəне дұрыс жауапты белгілеу.

№4 дəптермен жұмыс

2 минут

(Ө; Қ) Бағалаудың шартты белгілеріне сəйкес өзін-өзі бағалау. Жұмыстарын топта жариялап, дəлелдеу.

Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында жұмыс дəптеріндегі «Өз жұмысыңды бағала» тапсырмасы орындатылады. Бірінші тұрған «сауатты жазу», екінші тұрған

«көркем жазу», үшінші тұрған «шығармашылық жұмыстарды орындау» дөңгелектері тиісті қарындаштармен боятылады. Нəтижелері топта жарияланады.


№4 дəптермен жұмыс

Түрлі түсті қарындаштар



Қосымша ақпарат



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет