Ə. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова, М. А. Данабаева


(Ө; Ж; Қ) Сабақтан игерген білімдерін бекіту мақсатында «Ойлан – жұптас – талқыла»



бет39/305
Дата06.01.2022
өлшемі2 Mb.
#11310
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   305
Байланысты:
Қазақ тілі 4-сынып

(Ө; Ж; Қ) Сабақтан игерген білімдерін бекіту мақсатында

«Ойлан – жұптас – талқыла»

стратегиясы бойынша

«ББҮ» кестесімен жұмыс жүргізу











Білемін

Білгім келеді

Үйрендім










Кестенің үшінші бөлігін толтырады. Жұбымен ой бөлісіп, талқылайды. Топта жариялап, диалог құрау арқылы ой бөліседі.

3.3 Оқыған, тыңдаған жəне аудиовизуалды материалдар бойынша жазба жұмыстар жазу.

4.3.3.1* – оқыған, тыңдаған жəне аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып, мазмұндама/ тірек сөздерді

пайдаланып эссе жазу.



(МК; Ұ) «Арыстан баб туралы аңыз» мəтіні бойынша мазмұндама жазу.

Жоспар құру. Мəтінді қайта оқу, талдау.



(Т) Жоспар бойынша мазмұндау. Мазмұндауда көмекші сөздерді (алдымен, сонан соң, содан кейін,

ақырында, менің ойымша, сондықтан,



Мəтін қайта оқытылады. Талдау жұмысы ұйымдастырылады.

Əр топ оқушыларының жоспар бойынша мазмұндауы қадағаланады.















т.б ) қолдану.

(Ө; Қ) Жоспар бойынша мазмұндама жазу.

Оқушылардың жұмыстары жай қарындашпен тексеріледі, қателердің тұсына белгі қойылады. Қатемен жұмыста саралау жүзеге асырылады. Қате жіберілген сөздің асты сызылады немесе жазу жолының тұсына белгі қойылады.




4.2

Грамматикалық нормаларды сақтау.



4.4.2.1 – күрделі сөздердің түрлерін ажырата алу (біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз).

(МК) Сөздерді салыстыру. Оларға сұрақ қою.

Мұғалім екі бағандағы сөздерді салыстырғызып, оларға сұрақ қойдырады. Оқушылардың не байқағанын сұрап, күрделі сөз туралы қорытынды тұжырым жасауларына басшылық етеді. Бағанның оң жағындағы сөздердің неліктен күрделі сөз деп аталатындығы анықтатылады. Күрделі сөздің түрлерін ажырату жаттығулары жүргізіледі.

Қос сөз, біріккен сөз, қысқарған сөз. Күрделі сөздің сөз тіркесіне ұқсастығы мен айырмашылығын таныту үшін төмендегі кесте пайдаланылады:

Күрделі сөз

асық жілік тасбақа



не? не?
жиырма-отыз медбике
қанша? кім?







Қадір, қасиет

Қадір-қасиет

Ағайын, туған

Ағайын-туған







Күзді, күні

Күздігүні







Қол, өнер

Қолөнер







Жеті, ата

жеті ата







Көк, ала

көгала






















Мұғалім екі сөздің бірігіп не қосарланып немесе тіркесіп бір ғана мағына білдіретіндігін, бір ғана сұраққа жауап беретіндігін, өздігінен сөз тіркесі бола алмайтындығын түрлі тапсырмалар арқылы оқушыларға түсіндіреді.




3.6 Каллигра- фиялық нормаларды сақтау.

4.3.6.1 – каллиграфиялық нормаларды сақтау, жазу техникасын жетілдіру.

(Ө) Сөздерді көркем жазу.

Мұғалім оқушыларға сөздерді көркем əрі əдемі жазуын ескертеді.




Мақала жазамын

1.3 Түрлі

4.1.3.1 –

(Ж) «Мұражай» тақырыбы аясында

Мұғалім үлгі бойынша оқушылардың




жағдаяттарда

сұхбаттасының

əңгімелесу.

сұхбаттасуын ұйымдастырады.

сөйлеу

жасын, жай-күйін

Нұржан: – Əлихан, сен «Алтын

Оқушылардың сұрақты дұрыс қойып,

мəдениетін

ескере отырып,

адамды» көрдің бе?

жауапты толық айтуын қадағалап

сақтау.

белгілі бір тақырып

Арнұр: – Иə, өткен демалыста

отырады. Үлгіден тыс тақырып бойынша




аясында сөйлеу

əкеммен Қазақстан

оқушылардың «Алтын адам» туралы




мəдениетін сақтап,

Республикасының Ұлттық

қосымша ақпараттарды қолдануына




диалогке қатысу.

мұражайына барғанда көрдім.

мүмкіндік жасайды.







Нұржан: – «Алтын адамды» қай

Мұғалім диалогтен күрделі сөздерді







жерден жəне оны кім тауыпты?

тапқызады: мұражай, таутеке, «Алтын







Арнұр: – «Алтын адамды» Алматы

адам», ата-ана.







облысындағы Есік өзенінің сол жақ

Қарамен жазылған «Қазақстан







жағалауындағы қорғаннан 1969 – 1970

Республикасының Ұлттық мұражайы»







жылы археолог Кемел Ақышев

сөздерін оқушылардың қысқартып жазуы







тапқан.

жүзеге асырылады.







Нұржан: «Алтын адамның»










киімінде нелер бейнеленген?










Арнұр: «Алтын адам» киімінде










барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі













құс бейнелері бейнеленген.

Нұржан: – Менің де «Алтын адамды» көргім келеді. Бүгін ата-анаммен сол жөнінде сөйлесемін.







3.7

Пунктуациялық нормаларды сақтау.



4.3.7.3 – диалогке тəн тыныс белгілерді қою.

(Ж) «Ескерткіштер – ел тарихы» тақырыбына диалог құрап жазу жəне тыныс белгілерін қою.

Оқушылар өз өлкесіндегі тарихи ескерткіштер туралы диалогін жұп

арқылы құрастырып жазады. Диалогке тəн тыныс белгілерін қояды.






3.2 Түрлі стильде мəтін жазу.

4.3.2.1* – тірек сөздерді қолданып, белгілі бір стильде мəтін (мақала, мінездеме) жазу.

(Ө) Хабарламаны оқу.

Наурыз айының 30-ы күні 4 Ə сынып оқушылары өлкетану мұражайына барды.



(Т) Өз нұсқасын ұсыну.

(Ө) Хабарлама мен мақаланың ұқсастығы мен өзгешелігін анықтау.
(Ө) Мақала жазу.
Өлкетану мұражайында Наурыз айының 30-ы күні 4 Ə сынып оқушылары өлкетану мұражайына барды.

Қала орталығында орналасқан өлкетану мұражайы бүгінгі күн талабына сай безендірілген.

Мұражайда өте көп тарихи жəдігерлер сақталған. Мұражай қызметкері Айжан Асанқызы əр экспонаттың ерекшелігіне тоқталып, қызықты ақпараттар берді. Оның, əсіресе

«Алтын адам» туралы айтқан ақпараты балаларды қатты



Мұғалім дайын хабарламаны оқытады. Оқушыларға топта өз хабарламаларын құрастыруды ұсынады.
Мұғалім қызықты оқиғалар туралы хабарлауда нақты уақыты, болған жері, кімдермен өткізгені туралы фактілердің болатындығына көз жеткізеді. Дəл осы элементтердің мақала жазуда да қолданылатындығы, бұларға қоса өз пікірін, көзқарасын, сезімін білдіру қажеттілігі айтылады.

Мақала жазуда қашан? қайда? не? кіммен? жəне қалай өтті? сұрақтарын басшылыққа алу қажеттігін ескертеді. Мақала жазуға қойылатын талаптар:



  1. Тақырып қызықты, анық жəне ақпараттық болу керек.

  2. Мақаланың кіріспе бөлігінде ақпараттың негізгі мəнін жеткізе алатын, осы арқылы

қызығушылықты тудырып, оқырманды мақаланың соңына дейін ұстап тұратын сөйлемдер













қызықтырды.

Туған табиғатымыздағы түрлі аң- құстардың қатырылған бейнесін кəдімгі тірі аң-құстардан ажырату бізге қиынға соқты.

Балалар мұражайдан көтеріңкі көңіл күймен қайтты. Əрқайсысы көргендерімен бөлісуге асықты.


қажет.

  1. Негізгі бөлімде оқиғаның кіммен жəне қалай өткені баяндалуы қажет.

  2. Мақаланың қорытынды бөлігі автордың сол нəрсенің пайдалы не пайдасыздығын көрсетуімен немесе соған өз сезімін білдірумен аяқталуы тиіс.

  3. Мақала қысқа, сауатты, дəлелді деректермен жазылуы қажет.

Мұғалім мақаланы талдауды

«Бағытталған жазу» стратегиясын қолдану арқылы жүзеге асырады. Мұндай жұмыс түрі шамамен 5–10 минутты қамтиды.




3.5 Қатені табу жəне түзету.

4.3.5.1 – стилистикалық қателерді мұғалімінің көмегімен анықтап, түзету; жазба жұмысын пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық нормаларға сəйкес өз бетінше редакциялау.

(МК; Ө) Мақаланы тексеру.

Жазба жұмыстарында жіберілген қателерінің түріне байланысты оқушылар топтастырылады. Тапсырманы қатесіз орындағандар өз алдына топ құрайды жəне оларға өз бетінше жұмыс беріледі. Мұғалім қате түрлеріне байланысты тапсырмаларды алдын ала дайындап келеді жəне оқушыларға түсіндірме жұмысын жүргізеді. Топ оқушылары қатеге байланысты берілген тапсырмаларды орындайды.






Қазақ тілі. 4-сынып

4-бөлім: Мамандықтар əлемі

Осыған дейін меңгерілген білім

Бұл бөлім 1–3-бөлімдерде меңгерілген білім мен дағдыларға негізделеді. Оқушыларда əдеби мəтіндердің бірнеше түрін оқу жəне жазу тəжірибесі болуы керек жəне олар əрқайсысының қалай құрылғанын білулері керек. Олар ақпаратты таныс аудиторияға көрсете алуы тиіс.



Мəнмəтін

Бұл бөлім мамандықтар əлемін ашады. Мұғалімдер тақырыпқа сəйкес оқушыларға əңгімелер мен өлеңдерді айтып, оларға мұқият тыңдатып, сол əңгімелер мен өлеңдер қалай аяқталатынын болжау үшін мүмкіндіктер беруі тиіс. Бөлімде сөз жəне оның мағыналары, сөз тіркесі, тұрақты сөз тіркестерін дұрыс қолдану практикалық тұрғыда меңгертіледі. Оқушылардың сауаттылығын арттыруға, көркем жазу, дұрыс оқу дағдыларын қалыптастыруға жəне сөйлеу мəдениетін дамытуға мəн беріледі.

Қысқаша шолу

Бұл бөлімде оқушылар кəсіпкерлердің бірнеше презентациясын тыңдай отырып, түрлі мамандық мүмкіндіктерін табады. Олар өздерінің мамандық таңдаулары туралы сөздерін жазады жəне көрсетеді. Жұмысты жақсы істеуге қажетті қасиеттерді қарастыра отырып, фильмдер мен мəтіндердегі кейіпкерлерді, олардың жұмыстарын зерттейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет