өзінің атын айта алу, басқа біреумен таныса алу (Менің атым – ... . Сенің атың кім?);
кім? сұрағына жауап беретін сөздер қатарын атай алу (ата,
әже, мұғалім, оқушы);
не? сұрағына жауап беретін сөздер қатарын (кітап, дәптер, қалам, қарындаш, доп, текше) атай алу;
неше? сұрағына жауап бере алу; 1-ден 10-ға дейін санай алу; - өзінде не бар екенін айта алу (Менде доп бар. Менде сары доп бар. Мен екі сары доп бар);
өзінің жасын айта алу (Мен алты жастамын. Мен жеті жастамын);
жекелеген сөздерді (қарындаштар, кітаптар, қаламдар, оқушылар, ойыншықтар) көпше түрде айта алу;
бір нәрсені сұрап ала алу (Маған кітап берші/беріңізші); - алғыс айта алу (Рақмет!);
отыр, тұр етістіктерін түсіну, мұғалімнің көмегімен қолдана алу.
2.
Менің мектебім
қандай? сұрағына жауап беретін сөздерді (үлкен, кішкентай, әдемі) атай алу;
не? сұрағына жауап беретін сөздерді (мектеп, сынып, парта, тақта, есік, терезе, үстел, орындық) атай алу;
мектебінің, сыныбының қандай екенін айта алу (Менің мектебім (сыныбым) үлкен/кішкентай, әдемі);
нешінші? сұрағына жауап бере алу (бірінші, екінші т.б); - нешінші сыныпта оқитынын айта алу (Мен бірінші сыныпта оқимын);
сыныптағы заттарды атай алу, айта алу (Сыныпта тақта бар);
оқу құралдарын атай алу (қалам, қарындаш, дәптер, кітап);
өзіне қажет затты сұрап ала алу (Маған қарындаш берші/беріңізші);
кейбір сабақтарды атай алу (қазақ тілі сабағы, орыс тілі сабағы, математика сабағы);
өзінің мектепте не істейтінін айта алу (Мен мектепте жазамын, оқимын, сөйлеймін, тыңдаймын);
түстерді ажырата алу, қандай да бір заттың түсін айта алу (қызыл қарындаш).
3.
Менің отбасым және достарым
отбасы мүшелерін атай алу (ата, әже, әке, ана, әпке, аға, іні, қарындас/сіңлі);
өзінің ата-әжесі, әке-шешесі, аға-әпкесі, іні-қарындасы/сіңлісі туралы (атын, қандай екенін) айта алу (Бұл – менің әкем/анам.
Оның аты – ... . Ол күшті/ақылды/әдемі);
отбасы мүшелерін жақсы көретінін құрылым бойынша айта алу (Мен анамды жақсы көремін);
өзінің не істейтінін/істемейтінін айта алу (Мен доп ойнаймын/ойнамаймын. Мен сурет саламын/сурет салмаймын. Мен велосипед (коньки, шаңғы) тебемін/теппеймін);
өзінің досы туралы айта алу (оның аты, жасы, қандай екені, нешінші сыныпта оқитыны, не істейтіні туралы айта алу (Бұл – менің досым. Оның аты – Қанат. Ол жеті жаста. Ол бірінші сыныпта оқиды. Ол сурет салады, доп ойнайды, велосипед теппейді).