Ә. Ж. Хазимова, Б. О. Салыхова, М. Ж. Бейсебекова Қазақ тілі әдістемелік нұСҚАУ



бет1/180
Дата21.11.2022
өлшемі3,65 Mb.
#51617
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   180
Байланысты:
1класс МЕТОДИКА


Ә.Ж. Хазимова, Б.О. Салыхова, М.Ж. Бейсебекова
ҚАЗАҚ ТІЛІ
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Оқу қазақ тілінен басқа тілде оқытылатын жалпы білім беретін мектептің
1-сынып мұғалімдеріне арналған
Қазақстан Республикасының
Бiлiм және ғылым министрлiгi ұсынған
АЛМАТЫКІТАП БАСПАСЫ
2021
Хазимова Ә.Ж. т.б.
Қазақ тілі. Әдістемелік нұсқау. Оқу қазақ тілінен басқа тілде оқытылатын жалпы білім беретін мектептің 1-сынып мұғалімдеріне арналған. / Ә.Ж. Хазимова, Б.О. Салыхова, М.Ж.
Бейсебекова. – Алматы: Алматыкітап баспасы, 2021. – 282 б.
© Хазимова Ә.Ж., Салыхова Б.О., Бейсебекова М.Ж., 2021
© «АЛМАТЫКІТАП БАСПАСЫ» ЖШС, 2021
КІРІСПЕ
Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде емес) бойынша дайындалған «Қазақ тілі» оқу-әдістемелік кешені (1-сынып) тілді меңгертудің А1 (бастапқы) деңгейін қамтиды.
Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік кешенге:

  • Қазақ тілі оқулығы;

  • №1 жұмыс дәптері; №2 жұмыс дәптері; №3 жұмыс дәптері;

  • Аудиодиск (оқулық, жұмыс дәптерлері бойынша тыңдалым материалдары және оқулыққа арналған электрондық қосымша тапсырмалар);

  • Әдістемелік нұсқау кіреді.

Оқу-әдістемелік кешеннің базалық білім мазмұны оқу бағдарламасында көрсетілген мынадай ортақ тақырыптардан тұрады:

  1. «Өзім туралы»

  2. «Менің мектебім»

  3. «Менің отбасым және достарым»

  4. «Бізді қоршаған әлем»

  5. «Саяхат»

  6. «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»

  7. «Тағам мен сусын»

  8. «Дені саудың – жаны сау»

Аталған ортақ тақырыптар өз ішінде бір-бірімен лексика-грамматикалық жағынан тығыз байланысты бірнеше сабақтан тұрады. Әр сабақтың мазмұны жеңілден күрделіге қарай принципі бойынша құрастырылған. Оқушылардың белсенді сөздік қоры әр сабақ сайын арта түседі, дегенмен әр сөздің қайталану жиілігі оқулық мазмұнында ерекше ескерілген. Сондай-ақ оқулықта ешқандай грамматикалық атаулар қолданылмайды, грамматиканы тек құрылымдық үлгі ретінде салыстырмалы түрде үйрету ұсынылады. Мысалы, бірінші сынып оқушысы үшін мен сөзімен тіркескен етістіктер оқимын, жазамын, аламын, ішемін, жеймін, сурет саламын, ойнаймын, барамын түрінде, ал сен сөзімен оқисың, жазасың, аласың, ішесің, жейсің, сурет саласың, ойнайсың, барасың түрінде өзгеретінін есте сақтау жеткілікті. Сол сияқты көп кітап болса, кітап сөзі кітаптар түрінде өзгеретінін есте сақтау арқылы сөздердің көпше түрі туралы түсінік алады. Осы мақсатта барамын етістігін үйге барамын, мектепке барамын, дүкенге барамын, тауға барамын деген тіркес түрінде үйрету арқылы барыс септігінің жалғауы қамтылады. Мысалы:
1-сыныпта оқушылардың барыс септігі жалғауын барлық сөздермен қолдана білуі міндетті емес, сондықтан барыс септігі жалғауларының бәрін түсіндіру әрі үйрету қажет емес. Аздаған сөздер қатарына жалғанатын жалғауларды оқушылар дыбыс үйлесімділігі бойынша ғана есте сақтайды. Мысалы: мектеп – мектепке, үй – үйге, дүкен – дүкенге, тау – тауға, саябақ – саябаққа, спортзал – спортзалға. Барлық басқа жалғаулар да (септік, көптік, жіктік, тәуелдік) осындай құрылымдық үлгі бойынша үйретіледі.
Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік кешен (ОӘК) мазмұнына сәйкес аталған әр ортақ тақырып бойынша оқушылардың төмендегідей дағдылары қалыптасады:





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет