Ә. Ж. Хазимова, Б. О. Салыхова, М. Ж. Бейсебекова Қазақ тілі әдістемелік нұСҚАУ


Сабақ барысында қолданылатын интербелсенді әдіс-тәсілдер



бет6/180
Дата21.11.2022
өлшемі3,65 Mb.
#51617
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   180
Байланысты:
1класс МЕТОДИКА

Сабақ барысында қолданылатын интербелсенді әдіс-тәсілдер


Бастауыш сыныпта қазақ тілін қызықты және тиімді оқыту үшін түрлі әдістәсілдерді қолдану өте маңызды. Оған қоса жыл өткен сайын әдіс-тәсілдер жаңарып жатыр. Сондай-ақ 1-сынып оқушыларының жас ерекшелігін ескере отырып, сабақ барысында ойын түрлері де жиі қолданылатыны да рас. Сабақ барысында көрнекі құралдар, түрлі суреттер, кестелер, ойыншықтар, санамақтар, сергіту тақпақтары, өлеңдер, бейнематериалдар қолданылса, оқушылардың сөздік қоры толығып, сөздерді есте сақтау оңайырақ жүзеге асып, ауызша ойын жеткізу дағдылары да жан-жақты дамиды, сабақтың сапасы да арта түседі. Мұғалім оқушының жеке тұлға ретінде сезіне білуіне мүмкіндік туғыза отырып, сaбaқтa оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тaлaпқa сaй, тиімді қолдануы керек.
Мұғалімнің алдында тұрған мақсат-міндеттер: оқушыны оқуға, білім алуға қызықтыру, қабілетін арттыратын жағдай туғызу, оқу үрдісін түрлендіру, жаңалықтар енгізу, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алуға мүмкіндік жасау, балаларды бірлесе әрекет етуге үйрету.
Осы мақсат-міндеттерді жүзеге асыру барысында интербелсенді әдістерді қолдану өте маңызды. Интербелсенді әдістер дегеніміз – оқушылардың қарым-қатынасына жағдай жасайтын, оқушыларды әрекет арқылы, әрекет жасату арқылы үйретін әдіс-тәсілдер. Бұл көбінесе топтық және жұптық жұмыстар арқылы жүзеге асады. Оқушылар бірлесе отырып, бір-біріне көмектесу арқылы үйренеді. Интербелсенді әдіс-тәсілдерді төмендегідей қарастыруға болады:

  • Жеке, жұптық және топтық жұмыстар барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер;

  • Ойын түрлері;

  • Сергіту сәттері;

  • Қалыптастырушы бағалау (кері байланыс);

  • Сыныптан тыс оқыту жұмыстары (жарыстар, көрме, қойылым, концерт).

Интербелсенді әдіс-тәсілдер арқылы оқушылар лексика-грамматикалық материалды жақсы қабылдайды, есте сақтайды, сабаққа қызығушылықтары артады, белсенді болады.
Сабақ барысында бастауыш сынып оқушыларының жас eрeкшeліктeрін eскeрe отырып, ынтымақтастық ахуалын қалыптастыру, көтеріңкі көңіл күй, жағымды жағдай жасау бағытында жұмыстар жүргізіледі. Мұғалім eң алдымен сынып немесе топ eрeжесін құрып, оны түсіндіруі керек, бұл ереже жыл бойы әр сабақта қайталанып отырылады. Сабақ барысында оң ахуал тудыру, бірлeскен іс-әрeкeттер, жеке, жұптық, топтық жұмыс ұйымдастыру, қолайлы орта туғызу да – мұғалімнің міндеті.

«Шаттық шеңбері» әдісі Сабақты көтеріңкі, жақсы көңіл күймен ұйымдастыруға бағытталған әдіс. Мұғалім балалармен бірге шеңбер құрып тұрады, жақсы сөздер, әр түрлі тақпақтар, өлеңдер айтады. Шеңберде тұрған бала өзін еркін сезінеді, өзіне, өзгелерге деген сенімі артады.
«Жүректен-жүрекке» әдісі Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Бір-біріне жақсы тілектер айтады, жылы сөздер айтады.
«Күлкі сыйла» әдісі Балалар дайын суреттерді (күліп, жымиып тұрған) таңдап алады. Оны сыныптағы кез келген оқушыға
сыйлайды. Осылай жағымды көңіл күй қалыптастырады.
«Сиқырлы алаң» әдісі Тақтада бақтың суреті бар үлкен плакат ілулі тұрады.
Бірақ гүлдері жоқ. Балалар алдын ала дайындалған
гүлдерді алып, жапсырады. Сонда әдемі гүл бағы пайда болады. Осы әдемі баққа қарап, балалардың көңіл күйі көтеріледі.
«Көңіл күйді анықтау» әдісі Оқушыларға А4 қағаз бен маркер таратылады.
Оқушылар параққа өзінің көңіл күйін сипаттайтын
сурет (смайл) салады.
«Кластер құру» әдісі Тақырып бойынша тірек сөздерді жинақтап, жүйелеп жазып шығу.
«Ғажайып көрме» әдісі Оқушылардың суретінен, басқа да шығармашылық жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.
«Жұбыңды таңда» әдісі Мұғалім бір оқушыны тақтаға шақырады. Ол оқушы сыныптан бір оқушыны таңдайды. Екеуі тақырып
бойынша үйренген сөздерді атайды. Ең көп сөз атаған
жұп жеңіске жетеді.
«Сұрақ-жауап» әдісі Бұл әдісте мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, диалог құрады.
«Ішкі және сыртқы шеңбер» Оқушылар сыныпта ішкі және сыртқа шеңберге бөлініп тәсілі тұрады да, бір-біріне сұрақтар қояды. Сыртқы
шеңбердегілер қозғалмай тұрады, ал ішкі шеңбердегілер жылжып, орын ауыстырып отырады.
«Тірек сөздер» стратегиясы Бұл стратегия тірек сөздер бойынша мәтін мазмұнын әңгімелеу, тірек сөздер бойынша мәтін құрау, тақырып
бойынша ассоциаграмма құрау кезінде тиімді қолданылады.
«Кім жылдам?» әдісі Бұл әдісті топтар арасында ұйымдастырылатын жарыс түріндегі тапсырмада тиімді қолдануға болады.
«Қызықты суреттер» тәсілі Бұл әдісті суреттер бойынша әңгіме құрау, суреттерді мәтін мазмұны бойынша орналастыру, суреттерді сөзге айналдырып жазу сияқты жұмыс түрлерін ұйымдастыруда тиімді қолдануға болады.
«Араласқан әріптер» ойыны Оқушылар әріптері араласқан сөзден өздері білетін




сөзді құрайды. Мысалы: жұлдыз (ұжлдзы).

«Жоғалған әріптер» ойыны

Мұғалім оқушыларға кейбір әріптері түсіп қалған сөздер қатарын (жазылған тапсырма) береді. Оқушылар сөздерді толықтырып жазады. Бұл тапсырманы слайд арқылы ауызша да жүзеге асыруға болады.

«Сөздер эстафетасы» ойыны

Топ мүшелері тақтаға шығып, тақырып бойынша сөздерді жазады. Сөздерді дұрыс және көп жазған топ жеңіске жетеді.

«Сиқырлы сандық» әдісі

Мұғалім жыл басында әр сабақта үйренетін сөздерді жинақтауға арналған сандық (сандық түрінде әдемі қорап алуға да болады) дайындайды. Осы сандыққа жаңа сөздер қатары (сурет түрінде) салынады. Бұл сандықты сабақ барысында сөздерді қайталау мақсатында үнемі қолданып отырады. Оқушылар сандықтан карточканы алып, сөзді атайды. Мұны жеке, жұптық немесе топтық жұмыс түрінде де ұйымдастыруға болады.

«Шеңбер» ойыны

Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Мұғалім оқушыларға суретті карточкалар тарады. Содан кейін мұғалім екі сөзді атайды. Мысалы: терезе – есік. Терезе мен есіктің суреті бар оқушылар орындарымен ауысады.

«Не жоқ?» ойыны

Мұғалім суретті карточкаларды немесе заттарды (оқу құралдарын, ойыншықтарды, жеміс-көгөністер муляжын т.с.с.) партаның үстіне қояды. Оқушылар карточкаларды (немесе заттарды) мұқият қарап алады. Содан кейін мұғалім бір сәтке көздерін жұмуды сұрайды. Оқушылар көздерін жұмғанда, бір карточканы (немесе затты) жасырып қояды. Оқушылар жоғалып кеткен карточкадағы сөзді (затты) атайды.

«Доп лақтыру» ойыны

Мұғалім бір оқушыға доп лақтырып, сұрақ қояды. Оқушы сұраққа жауап беріп, допты қайтадан мұғалімге лақтырады. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, «кешіріңіз, білмеймін», «кешіріңіз, түсінбедім», «келесі сұрақ» деген сияқты жауаппен қайтаруына болады. Бұл ойынды мұғалім мен оқушы (жеңіл түрі) немесе оқушылар арасында (күрделі түрі) ұйымдастыруға болады. Күрделі түрінде оқушы тек сұраққа жауап берумен қатар, өзі сұрақ қоя алуға жаттығады.

«Ойлан, тап!» ойыны

Мақсаты: мұғалім сұрағына сәйкес жауап беру. Мәселен, Мұғалім кім? деген сұрақ қойғанда, оқушылар ата, әже, жұлдыз, іні деп жауап беруі тиіс. Мұғалім қандай? деген сұрақ қойғанда, әдемі, көңілді, ақылды, күшті деп жауап берулері керек. (Мақсаты: оқушылар қойылған сұрақты түсініп, оған дұрыс жауап таңдай білулері керек. Яғни, кім? деген сұраққа дәптер деген жауап берілмейді).

«Қайталай ғой» ойыны

Ойын шарты: бір оқушы қандай да бір сөзді атайды, ал екінші оқушы оны қайталап, тағы бір сөзді қосады. Үшінші оқушы екеуін қайталап, үшінші сөзді қосады. Осылай ойын 6-7 сөзге дейін жалғасады. Бұл ойынды барлық лексикалық тақырыптар бойынша өткізуге болады.

«Мені түсін» ойыны

Бұл ойынды жекелеген сөздер мен сөз тіркестерінің айтылуын меңгерту кезеңінде қолдану тиімді. Ойынның бір артықшылығы – алдын ала қосымша дайындықты қажет етпейді. Мұғалім оқушыларды тақта алдына бір қатар етіп тұрғызады. Қатардың бас жағында өзі тұрып, жанындағы оқушыға жаңа сөздердің бірін сыбырлап айтады. Оқушы дәл осылай сол сөзді келесі оқушыға сыбырлап айтады. Ойын осылай жалғасады. Қатар аяқталғанда, соңғы тұрған оқушы өзі естіген сөзін дауыстап айтады. Алғашында мұғалім жасырған сөз бен соңғы сөз салыстырылып, бастапқы сөзді бұзып айтқан оқушы сол сөзді бірнеше рет қайталайды. Осылайша бірнеше сөз жасырылып, олардың айтылуы бірнеше рет қайталанады. Мұғалімнің орнына сыныпты топқа бөліп, жарыс ұйымдастырғанда, әр топ мүшелерінің бірі ойынды бастауына болады.

«Тақырыптық сөздер» ойыны

Лексикалық тақырыптарды пысықтау кезінде қолдануға қолайлы ойын түрі. Оқушылар шеңбер жасап, дөңгелене тұрады. Мұғалім басты тақырыпты айтады. Мысалы, мұғалім «Отбасы» деген тақырыпты айтады. Оқушылар осы тақырып бойынша сөздерді бір-бірден атайды. Осылайша шеңбер аяқталғанға дейін осы тақырып бойынша сөздер айтыла береді.

«Өз жұбыңды тап» ойыны

Сөз тіркестерін меңгертуге арналған ойын. Мұғалім сабақта өткен сөз тіркестерінің лексикалық мағынасын жаттықтыру мақсатында осы ойынды ойнатуына болады. Бұл ойында оқушылар саны жұп болуы керек. Мұғалім бірінші топқа сұрақтарды береді. Екінші топқа жауаптарды береді. Оқушылар өз жұбын табуы қажет болады.

«Көп және тез» ойыны

Мұғалім қазақ тіліне тән белгілі бір дыбысты атайды, оқушылар сол дыбыс кездесетін сөздерді атауы керек. Әрбір дұрыс айтылған сөз үшін мұғалім оқушыға жұлдызша береді. Көп жұлдызша жинаған бала жеңімпаз атанады.

«Сөзден сөз тіркесіне» ойыны

Бұл ойын арқылы оқушылардың сөзден сөз тіркесін құрай алу дағдылары қалыптастырылады. Мысалы, мұғалім бәтеңке деген сөзді айтады, оқушылар қара бәтеңке, қызыл бәтеңке, екі бәтеңке, үлкен бәтеңке, менің бәтеңкем т.с.с. сөз тіркестерін айтады.

Сыныпта ынтымақтастық ахуалын қалыптастыру мақсатында сергіту жаттығуларын жасаудың мәні зор. Сергітуді екі бағытта ұйымдастыруға болады: 1) мұғаліммен бірге көрсетілген қимыл, әрекеттерді қайталау, 2) сергіту тақпақтары мен қимыл, әрекеттерді қайталау. Сонымен бірге сергіту жаттығуларын сабақтың ортасында оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында өткізуге болады. Оқушылар көңілдерін сергіту жаттығуына бөліп, түрлі қимылдар жасау арқылы ширайды және мұғалімнің келесі тапсырмасына бар ынтасымен кіріседі. Осыған орай сіздерге сабақта ұйымдастыруға болатын сергітулер жиынтығын ұсынып отырмыз. Оқушылардың қабылдауына, қызығушылығына қарай таңдап алу мұғалімнің құзырында. Әрине, тілді енді ғана үйрене бастаған оқушылар үшін кейбір сергіту сәттерін жатқа айту қиындық туғызуы әбден мүмкін. Мұндай жағдайда оқушылар сергіту жаттығуларын мұғалімнің айтуымен жүзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет