Ең жиі кездесетін әлеуметтік қауіпті ауруларды ерте анықтау бойынша жұмыстарды ұйымдастырудағы орта медицина қызметкерлерінің РӨЛІ


Әлеуметтік мәні бар аурумен ауыратын азаматтар үшін медициналық көмек түрлері



бет3/4
Дата06.06.2023
өлшемі25,54 Kb.
#99227
1   2   3   4
Әлеуметтік мәні бар аурумен ауыратын азаматтар үшін медициналық көмек түрлері
– Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға көрсетілетін медициналық көмек диагностиканың, емдеудің, динамикалық байқаудың медициналық қызметтерін қамтиды.
Әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын науқастарға (яғни, оларға диагноз қойылған болса және олар өз емханасында әлеуметтік мәні бар ауру бойынша диспансерлік есепте тұрса) негізгі ауруы бойынша медициналық қызметтер ТМККК шеңберінде көрсетілетінін түсіну маңызды. Осылайша, жүргізілетін терапияны түзету немесе созылмалы аурудың өршуі кезінде медициналық қызметтер ТМККК шеңберінде ұсынылады, демек, МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесіне қарамастан қолжетімді болады. Алайда диспансерлік есепке қою үшін диагностикалық процедуралар мен мамандардың консультациялары талап етіледі. Ондай қызметтер МӘМС пакетіне енгізілген. Осыған орай әлеуметтік мәні бар ауруды анықтау үшін бастапқы диагностика, сондай-ақ, басқа ауруларды, оның ішінде әлеуметтік мәні бар ауру расталған кезінде ілеспе ауруларды диагностикалау МӘМС жүйесінде жүргізіледі, яғни ол қызметтерді алу үшін сақтандыру мәртебесі қажет.
Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға медициналық көмек амбулаториялық, стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда көрсетіледі. Егер учаскелік дәрігер (ЖПД, терапевт немесе педиатр) пациентте әлеуметтік мәні бар аурулардың белгілерін байқаса, онда ол оны тиісті бейінді маманға (тар бейінді дәрігерге, психологқа) консультацияға жібереді. Бұл ретте бейінді мамандардың консультациялары МӘМС пакетіне жатады, сондықтан бұл қызметті алу үшін науқастың сақтандырылған мәртебесі қажет (диагностикасы ТМККК-де жүргізілетін және сақтандырылмаған науқастарға қолжетімді болатын туберкулезге және АИТВ инфекциясына күдіктенуді қоспағанда). Көрсетілімдер болған кезде дәрігер науқасты диагностикаға жібереді, олар басқа бейінді мамандардың консультациялары, инструментальдық және зертханалық зерттеулер болуы мүмкін. Диагнозды растағаннан кейін учаскелік дәрігер пациентті диспансерлік есепке қояды және ол қажетті медициналық көмекті ала алады.
Әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде медициналық-әлеуметтік көмек кешенді жан басына шаққандағы нормативке кіреді және пациенттерге емханада тіркелуі бойынша ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет