Еуразия технологиялық университетінің Хабаршысы. 2021. №2
61
-
"Қазақстан-2050"
бағдарламасын ескере отырып, ұзақ мерзімді
перспективада инновациялық экономиканы қалыптастыруды және орнықты
индустриялық - инновациялық дамуды қамтамасыз ететін Қазақстан экономикасын
трансформациялаудың қазіргі заманғы үрдістері мен бағыттарын ашу";
- Біртұтас экономикалық кеңістік құру процесінде Қазақстан экономикасының
құрылымдық-инновациялық серпінінің тетіктерін әзірлеу;
- Қазақстанның индустриялық әлеуетін
жаңғыртудағы құрылымдық
стратегиялық басымдықтарды негіздеу және өсімін молайту процесінде
технологиялық серпіліс деңгейіне шығу үшін оларды іске асыру тетіктерін ұсыну;
-
интеграциялық процестерді ескере отырып,
ЕурАзЭҚ елдерінің
инновациялық-инвестициялық әлеуетін қалыптастыру мен пайдаланудың тиімді
жолдарын айқындау;
-меншіктің аралас нысандарының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы
инновациялық кәсіпкерлік пен қаржылық менеджменттің макроэкономикалық
сипаттамаларын қарастыру;
- біртұтас нарықтық инфрақұрылым құру барысында
өндірістік процестерді
мемлекеттік реттеуді жетілдіру бағыттарын ұсыну;
- Қазақстанға ұзақ мерзімді инвестицияларды тартудағы ақша-кредит
тетіктерінің рөлі мен
функцияларын ашу;
Мемлекетіміздің даму стратегиясындағы инновациялық бағыт – бұл ұрпақ
үлесін ғасырлар қойнауына апаратын сара жол. Инновация дегеніміз –
жаңалықтарды іске асыра отырып, жасалынып жатқан үдерістер
мен өнімдердің
сапасын арттырып, оларды нарық үшін бәсекеге қабілетті ету болып табылады.
Осы жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының жаңаруы жағдайындағы
мемлекеттік құрылымның барлық саласында инновациялық зерттеулер жүргізу
бүгінгі қоғамның сұранысы.
Мемлекеттің инновациялық саясаты қаншалықты табысты екендігін анықтау
үшін бірнеше сандық және сапалық көрсеткіштерге сүйенеміз. Қазақстанның
жаһандық инновациялық- технологиялық саладағы бүгінгі
деңгейін сипаттайтын
көрсеткіштер еліміздің әлемдік деңгейден көп төмен екенімізді көрсетіп отыр.
Алайда Қазақстанның инновациялық даму жолына салыстырмалы түрде кейін
келгенін ескере отырып, бұл сандарды болашаққа бағдар етіп алу керек. [1]
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Президентінің жолдаулары мен
мемлекеттік даму бағдарламаларымызда отандық өндірушілер мен барлық
әлеуметтік қызметтегі тұлғалардың қызметі әлемдік
қарым-қатынастар аясында
бәсекеге қабілетті болу мақсаты атап көрсетіледі. Қазіргі күнгі дүниежүзіндегі
экономикалық дағдарыстар, халықаралық сауданың әрқилы жағдайларға ұшырауы
елімізге де теріс әсерлерін тигізді. Осындай халықаралық экономикалық
қатынастарда Қазақстанның дамуы отандық өндірушілер мен кәсіпорындардың
бәсекеге қабілеттігіне байланысты болып табылады. [1]
Достарыңызбен бөлісу: