Білім алушының есебі Таңдау практика



Дата01.03.2023
өлшемі14,67 Kb.
#70872
түріСабақ

Білім алушының есебі


Таңдау практика

Мен Каиргельдина Лаура 2022 жылдың 23 қарашадан 30 қарашаға дейін таңдау практикасы атты педагогикалық практиканы өттім.


Практиканы өту барысында көптеген тапсырмаларды орындадым, уақытында тапсыруға тырыстым. «Our World» тақырыптарына сабақтарын құрастырып, көрнекілік дайындадым. Әр практика – сабақта іс – шара, күнделікті сабақ, сынып сағаттарға қызықты презентация жасадым. Балалар тамсана сабаққа қатысты.
Өз қабілетімді барынша пайдалануға тырыстым. Өзімнің бойымдағы мұғалімдік мамандыққа деген тұрақты қызығушылығым мен сүйіспеншілік сезімдерімді педагогикалық іс – тәжірибе кезінде барынша дамытуға тырыстым.
Болашақ педагог ретінде оқу – тәрбие мекемесінің материалдық –техникалық базасымен, педагогикалық ұжыммен және де мұғалімдердің міндеттері, құқықтарымен таныстым. Сонымен қатар, студенттердің міндеттері және құқықтарымен толық танысып шықтым. Өткен тақырыптарыма байланысты көрнекілік құралдарын дайындап және де студенттердің дене және психикалық даму деңгейін ескере отырып, мұғалімдік жұмыстың ең нәтижелі формаларын және де әдістерін ұғынуға ұмтылдым.
Абильтаева Асемгуль Вахитовна колледждегі іс-тәжірибе жетекшім ретінде маған көп көмегі тиді. Жетекшімнің сабақтарын қызығушылықпен күзеттім.
Практиканы өту барысында қиындық туған жоқ. Түсінбеген, білмеген нәрселер студенттермен және мұғаліммен талқыланды. Практика барысында көп нәрсені үйрендім.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет