Е. О. Алауханов (гылыми редактор)



Pdf көрінісі
бет8/37
Дата28.02.2017
өлшемі2,71 Mb.
#5046
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37

Литература: 
 
1  ТРК «Хабар» -2011. февраль - 20. 
2  ТРК «Хабар»- 2011. сентябрь.-12. 
3 Государственная программа развития цифрового 
телерадиовещания в Республики Казахстан на 2008 
2015 годы. 
 
 
Мақала  республиканың  2015  жылғы  индустриялы-инновациялық  дамуға  өтуіне  байланысты  Қазақстанның  қазіргі 
ақпараттық инфрақұрыглымын таныстырады. 
Автор  елдегі  ақпараттық  қоғамның,  телекоммуникациялық,  хабар  индустриясы  дамуының  ерекшеліктерін  аша-ды. 
Оқырман  бұл  мақаладан  электрондық  үкiметтiң  дамуының  мемлекетгік  бағдарламалары,  Қазақтелекомның  бастаушы 
телекоммуникациялық  операторының  жұмысы,  қазiргi  авдараттыіқ-технологиялық  Қазақстан  инфрақұрыглымымен 
танысты-рады: кабелдiк, 
СПУТНИКТ
І 
серіктестіктердің жұмысы, интернеттiң дамуы жаңа деңгейдегі жаппай коммуникацияның 
қазiргi құралдарымен танысады. 
 
This article is about modern new information infrastructure of the Kazakhstan, which go to new level with transition the republic 
to industrial-innovation development, which transition to the digital broadcasting on 2015. 
The  author  shows  the  specific  of  the  telecommunication  development,  broadcasting  industry,  which  are  the  base  of  the 
information  society  in  the  country.  The  reader  will  brow  with  the  government  programme  of  the  «electronic  government», 
telecommunication national company «Kazakhtelecom», modern information infrastructure of the Kazakhstan, with a work of cable, 
satellite companies, development Internet, modern mass media and mass communications in the country. 
 
К. Қабылғазина 
Әлемді жайлаған ақпарат 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. 
УДК 316.77 
Аңдатпа. Мақалада бүгінгі қоғамдағы ақпараттың алатын орны, маңызы сипатталады. Автор ақпараттың аудиторияға 
ашық  жеткізілуінің  тәсілдерін  талқылайды.  Халықтың  әлеуметтік-экономикалық  әл-ауқаты  артқан  сайын  мемлекет 
ішінде  болып  жатқан  тоқтаусыз  процестерге  көзі  қарақты  көрерменнің  күн  өткен  сайын  қызығушылығы  да  арта 

С. Барлыбаева 
KazNU Bulletin. Journalism series. №1 (31). 2012 
46 
ISSN 1563-0242 
түсетіні заңды құбылыс. Мұның үстіне қазіргі Конституциялық заңдылықтар бойынша кепіл берілген сөз бостандығы 
мен  пікірлер  алуандығына  мүмкіндігінше  ерік  берілген  заманда,  сол  демократиялық  құндылықтардың  мінберіне 
айналған ақпараттық бағдарламаға сұраныс бәсеңсімейтіндігі баяндалады. 
Журналистика.  Халық. Қоғам. 
 
Қазіргі  дүние  біртұтас  жүйеге  айналып  келеді. 
Бүкіл  әлем  жаһандық  қоғамға  тәуелдену  процесін 
бастан  өткеруде.  Бұлай  ықпалдасу  өмірдің  кез 
келген  саласына  -  саясат,  экономика,  қауіпсіздік, 
ғылыми-техникалық,  ақпараттық  және  басқаларға 
қатысты.  Бүгінгі  әлемді  ақпараттық  құралдарсыз 
елестету  қиын,  өйткені  олар  халықпен,  бүкіл 
қоғамдық 
өмірмен 
біте 
қайнасып 
кеткен. 
Дүниежүзінде  болып  жатқан  оқиғалар  тек  осы  әр 
тілдегі,  әр  бағыттағы  ақпарат  құралдары  өкілдері 
арқылы  таралып  жатады.  «Журналистика  -  халық  - 
қоғам»  деп аталатын үштік бірінсіз-бірі қызмет етуі 
мүмкін емес. 
Әрине,  қай  қоғамда  болмасын  БАҚ  өкілдеріне 
қандай ақпаратты таратамын, кімді, нені жақтаймын, 
қандай  мәселені  көтеремін  десе  де  еріктері,  өйткені 
демократиялық  бағыттағы  үкіметтің  ұстанған 
саясаты  осындай.  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев: 
«Қазақстан 
қоғамы 
жаһандану 
мен 
ұлттық 
мемлекетті  жаңа  тұрғыда  нығайту  процесін  бастан 
өткізуде.  Капитал,  өндіріс,  шикізат,  интеллект 
қозғалысы 
бір 
немесе 
бірнеше 
елдер 
ынтымақтастығы 
шеңберінен 
сыртқа 
шығып, 
глобальді қауымдастық шең-берінде қадамдар жасау 
жағдайын  респуб-ликаға  барынша  жақындатады. 
Мақсат  -  оның  сыртында  қалып  қоймай,  керісінше, 
тепе-теңдік құқында ол процестің ішіне ену. Бұл елді 
дамытуға  жаңаша  көзқарасты  талап  етеді.  Соған 
байланысты  Қазақстан  қоғамы  тек  экономиканы 
сандық,  көлемдік  жағынан  ғана  көтеріп  қоймай, 
ендігі 
жерде 
оны 
ғылымның, 
техниканың, 
технологиялардың,      коммуникативтілік      жүйе-
лерінің  озық  жетістіктерімен  үйлестіре  отырып, 
көрсетуге  бағыт  ұстайды.  Осындай  жауапты 
қадамдар  мен  міндеттер  тек  етек  жеңі  жинақы, 
ұйымшыл, 
білімді, 
жоғары 
мәдениетті, 
интеллектуалды  әрі  адамгершілікті  елмен,  оның 
осыған  сай  азаматтары  арқасында,  олардың  тиімді 
еңбегі  арқылы  ғана  мүмкін  болмақ.  Батыс  елдер 
тарихы  мен  әлеуметтік  тәжірибесінде  жоғары 
рухани 
мәдениетсіз, 
терең 
тамыр 
жайған 
адамгершіліксіз  ешқандай  озық  техника  мен 
технология жекелеген елдерді, олардың азаматтарын 
да  бақытты  ете  алмайтыны  дәлелденді.  Жоғары 
дамыған  материалдық  байлық  қоғамдық  ортада 
жоғары дамыған рухани кеңістікке жол ашады. Яғни 
еліміздің табысты тіршілігі мен тәуелсіз әрі бәсекеге 
төтеп  беретін  мемлекет  болу  кепілдігі  -  біздің 
адамдарымыз.  Біз,  қазақстандықтар,  сан  жағынан 
шағын  елміз.  Алайда  басты  мәселе  тек  халық 
санында ғана емес, алдымен, сапада, жоғары рухани 
мәдениеттілік, 
интеллект 
пен 
патриоттық 
үйлесімінде.  Қазіргі  тарихи  уақыт  пен  глобальді 
қауымдастыққа  тепе-теңдік  прин-ципі  негізінде 
тіршілік  ету  жаңа  типті  адам  тәрбиелеуді  алға 
қойды.  Ол  -  білімді,  тәрбиелі,  коммуникативтік 
қабілеті  жоғары,  биологиялық  және  психологиялық 
дені  сау,  әлеуметтік  бағдары  мен  рухани  мәдениеті 
қалыптасқан  адам»,  -деген  болатын.  Яғни,  елдің 
айнасы  -  бұқаралық  ақпарат  құралы,  сол  арқылы 
мемлекет  мүддесі  айқындалып  отыруы  тиіс.  Қазіргі 
кездегі  әртүрлі  партиялық,  экономикалық  үрдістер, 
дүниежүзілік  қарым-қатынастың  күшеюі,    соғыс 
әрекеттері тәрізді жайлар информациялық тасқынды 
кү-шейтіп  отыр.  Оқырман  ба,  тыңдарман  ба,  көрер-
мен  бе  нені  оқып,  нені  тыңдап,  нені  көрер 
мәселесіне халық ретінде аса талаппен қарайды. Осы 
тұрғыдан келгенде кез келген журналист өз өнімінің 
өтімді  болуы  үшін,  өз  рейтингі  жоғары  болуы  үшін 
күреседі. 
Ақпараттық  және  басқа  технологиялардың  осы 
заманғы дамуы - шектеусіз. Әлемдік рынокқа шығу, 
бүкіл дүниежүзімен сауда жасау мүмкіндігі, әлемдік 
білім  мен  ақпараттың  негізгі  ортасына  қосылу 
мүмкіндігі,  бүкіл  әлеммен  еркін  байланысқа  түсу, 
басқа 
елдерден 
үйрену, 
өзге 
халықтардың 
мәдениетін  білу  арқылы  рухани  баю  -  мұның  бәрі 
қазіргі  дүниенің  бізге  беретін  нәрсесі.Әлемде  озық 
технологиялардың  дүниеге  келуімен  байланысты 
ақпарат  кеңістігі  де  айтарлықтай  ұлғая  түсті.Ұлы 
державалар  да  өздерінің  жетістіктерін  пайдаланып, 
өз  ықпалдарын,  пәрменділіктерін  жүргізуге  ұм-
тылуда.  Әрине,  әлемдік  деңгейде  болып  жатқан 
өзгерістерден  табиғи  және  адами  байлығы  мол 
Қазақстан да шет қалуы немесе оқшаулануы мүмкін 
емес,  Біздің  еліміздің  ақпарат  кеңіс-тігіндегі 
модернизация  үрдісінің  ерекшелігі  адамдардың 
тарихи  мәдени  ерекшелігіне,  ұлттық  менталитетіне, 
мемлекетте  қалыптасқан  этно-мәдени  және  тілдік 
жағдайға  негізделген.  Кейінгі  кезеңде  еліміздің 
ақпарат  кеңістігі  бірнеше  эволюциялық  жаңғыру, 
жаңару 
кезеңдерін 
бастан 
өткерді. 
Бүгінде 
ақпараттық  кеңістік  бұрын  болмаған  жеке-дара, 

К. Қабылғазина 
KazNU Bulletin. Journalism series. №1 (31). 2012 
47 
ISSN 1563-0242 
діни,  партиялық,  интернеттік,  жарнамалық  ,тағы 
басқа пішіндік, мазмұндық өзгерістерге түсті. 
Жоғары 
деңгейде 
дамыған 
ақпараттық 
технологиялардың  арқасында  АҚШ  бүгінгі  күні 
әлемдік  ақпарат  нарығында  басты  позицияны 
ұстанып  отырғаны  бізге  мәлім.  Америкалық 
экспортта  ақпарат  өндірісі  жыл  сайын  250  млрд 
доллармен  өлшеніп,  қорғаныс  өндірісінен  кейін 
екінші  орынды  алады  екен.  Сонымен  бірге  АҚШ 
әлемдегі  ең  ірі  ақпарат  өндірушілер  мен  сатушылар 
болып  табылады.  Көптеген  шетелдерде  ақпарат 
өнімдерін 
шығарғаннан 
гөрі 
америкалық 
фильмдерді,  телебағдарламаларды,  журналдарды 
сатып  алған  оңайға  түседі.  Осыған  байланысты 
бүгінгі  таңда  ақпарат  нарығындағы  жаһандану 
экономикалық  сипат  алып  отыр.Қазіргі  уақытта 
ақпараттық  әсердің  жаһандануында      ЮПИ,   
Ассошэйтед   пресс, 
Рейтер,  Франс-Пресс,  ИТАР  -ТАСС  секілді  ірі 
ақпарат агенттіктерінің орны ерекше. 
Журналистикада  ақпараттың  орны  ерекше. 
Себебі  ақпарат  -  журналистиканың  әсерлі-лігі  мен 
тиімділігін  арттыратын  фактор.  Шын-дығында, 
ақпараттың қоғам дамуындағы  рөлін, әсіресе қазіргі 
заманда  ескермеу  мүмкін  емес.  Онсыз  техникалық 
үрдіс  пен  ғылым,  қоғам  жаңалықтарын  уақыттан 
қалыспай біліп отыру неғайбіл. Тұрмыс-тіршіліктегі 
өсіп-өркендеу  де  нақ  соған  байланысты.  Ол  үшін 
ақпаратты  жинақтап,  жедел  түрде  жариялап 
отырудың 
маңызы 
зор. 
«Ақпарат» 
сөзіне 
энциклопедияда  бірнеше  анықтама  берілген:  соның 
ішінде,  журналистикадағы  ақпарат  -  қайсібір  оқиға, 
құбылыстар  туралы  түсіндіріп,  мәлім  ету,  дерек 
беру,  өз  туындысын  жасау  кезінде  журналистің 
қолында  бар  және  жұмыс  істейтін  мәліметтер 
жиынтығы,  оны  аудитория  әртүрлі  орындардан 
соның  ішінде  БАҚ  көздерінен  де  ала  алады. 
Ғылымның  түрлі  салаларында  «ақпарат»  сөзіне 
берілетін 
анықтама 
әртүрлі. 
Бұл 
сөздің 
мағынасының ауқымы кең болғандықтан біз тек қана 
журналистикада  теория  жүзінде  қолданылатын 
ұғымдармен шектелдік. 
Ресейлік  зерттеуші  Георгий  Кузнецов  маңызды 
ақпаратты бағалаудың бес критерийін ұсынады: 
1.
 
Егер көрермен ақпараттан өзінің іс-әрекетіне 
пайдалы  болар  мағлұмат  ала  алса,  онда  мұндай 
жаңалықтың  маңызы  зор.  Мұндай  жаңалықтар 
қатарына  сән  әлемі  мен  ауа  райы  және  валюта 
бағамы сияқты мәліметтер жатады. 
2.
 
Егер  ақпарат  онымен  құлақтанған  адамның 
беделін  арттыратын  болса  немесе  ақпараттың 
көмегімен 
халықтың 
қызығушылығы 
қанағатттандырылса.  Теледидардан  бір  мәліметті 
естіген  адам  оны  біреуге  айтып  беру  арқылы  өзінің 
мерейін үстем қылғаннан ләззат алады. 
3.
 
Көрерменнің  уайымын  туғызатын  ақпарат 
(жағаның  бір  шетінде  қайырымды  істер,  ерліктер 
тұрса, екінші шепте апаттар, қылмыс тұрады). 
4.
 
Егер  ақпарат  белгілі  бір  жағдайға  қатысу 
ниетін  оятса;  (оның  орнында  мен  болсам  қалай 
жауап берер едім?) 
5.
 
Егер  ақпараттың  эстетикалық  құндылығы 
болса. 
Бұған қоса, мынадай белгілердің де маңызы 
зор: 
1. Бас кейіпкердің бар болуы (оқиғаға жеке адам 
тұрғысынан келу). 
2.
 
Материалдың  негізгі  идеясы  нақты  көрініс 
берілген,  басты  маңызды  мәселелердің  барлығына 
жауап берілген. 
3.
 
Сауатты  грамматика,  орфографиялық  қа-
телердің жоқтығы. 
4.
 
Жаргондар мен штамптардың жоқтығы. Егер  
материал жоғарыда аталған талап- 
тардың бір де біреуіне сай келмейтін болса, онда ол 
журналистер 
жұмысын 
құлдыратып 
жіберді. 
Өйткені  кез  келген  ақпараттың  құндылығы  немесе 
жарамсыздығы  оған  деген  көрермен  көзқарасын 
алдын  ала  болжап  отыру  арқылы  ғана  анықталады. 
Тек, өкінішке орай, ақпараттандырушылар көрермен 
мүддесін  ойлаудан  гөрі,  телеарна  басшылығына 
қалай  жағынуды  ойлап  кететін  жайлар  аз  емес  деп 
жазады өз зерттеуінде ресейлік маман. 
Қазақстанның  журналистикасы  ұзақ  жылдар 
бойы  Кеңес  одағының  журналистикасына  тәуелді 
болып 
келді. 
Кеңестік 
журналистика 
«медиацентристік»,  яғни  аудиторияға  әлдебір 
тәсілдер  көмегімен  әсер  ететін,  бір  идеологияға 
бағытталған  журналистика  болды,  кейіннен  енген 
демократиялық журналистика  -  «адами-центристік», 
яғни 
адамның 
мүддесі 
мен 
қажеттіліктерін 
қанағаттандыруға  бағытталған  деп  бұқаралық 
ақпарат 
құралдарының 
заманауи 
шетелдік 
теорияларын 
қарастырып 
келдік. 
Бұл 
екі 
ұстанымның 
да 
олқы 
тұстары 
бар 
деген 
қорытындыға 
келеміз. 
Соңғы 
ұстанымның 
журналистикада  кеңінен  қолданылуы  жайсыз 
нәтижеге  әкеп  тіреді:  БАҚ  аудиторияға  тек  жаппай 

К. Қабылғазина 
KazNU Bulletin. Journalism series. №1 (31). 2012 
48 
ISSN 1563-0242 
сұранысқа  ие  болған  нәрсені  ғана  ұсынады.  Бұл 
«журналист  аудиторияның  ішінде»  ұстанымының 
кеңес  уақытындағы  ақпаратты  бұрмалап  беру 
тәсілінен  еш  айырмашылығы  жоқ  болып  шығады. 
Басты  айырма  -  тек  ол  тұста  барлығы  жақсы  болса, 
қазір  бәрі  жаман.  Яғни  аудиторияға  қажетті 
негативті  ақпаратты  ұсыну  үшін  болған  жайды 
бұрмалап  беруге  қашан  да  дайын  тұрады.  90-
жылдардың  басында  еліміз  дағдарысты  жағдайды 
бастан  кешірген  тұста  халық  арасында  жаппай 
жұмыссыздық, 
кедейшілік 
сияқты 
әлеуметтік 
құбылыстар  етек  алды.  Қиын-қыстауда  ашынған 
бұқараға  ел  үкіметін  бар  қиыншылықтың  бастауы 
ретінде  көрсететін  журналистика  қажет  еді. 
Осылайша,  сынайтын,  мінейтін  журналистика 
арқылы  халық  өз  сұранысын  қанағаттандырып 
отырды.  Сондықтан  да  журналистикадағы  көптеген 
рухани  жанрлар  жойылып,  тек  кемшіліктерді 
көрсету 
арқылы 
адамдардың 
санасындағы 
эстетикалық  құндылықтарға  көлеңке  түсе  бас-тады. 
Сондықтан  тек  «қара»  ақпараттарға  жол  бере 
бермей, адами құндылықтарға, адами еңбекке, соны 
қадірлеуге 
де 
назар 
аударған 
жөн 
деген 
қорытындыға  келуде  көптеген  зерттеушілер.  Ал 
ғалымдар  да  бұқаралық  ақпарат  құралдарының 
дамуындағы табысты белес ретінде медиацентристік 
және  адамицентристік  ұстанымдар  элементтерін 
біріктіруді жөн деп санайды. 
Бүгінде  Қазақстан  телеарналарының  эфир 
кестесінде 
тұрақты 
орын 
алған 
ақпараттық 
бағдарламалардың 
маңызы 
өзге 
бағыттағы 
ақпараттарға  қарағанда  басым  болып  отыр. 
Халықтың 
әлеуметтік-экономикалық 
әл-ауқаты 
артқан  сайын  мемлекет  ішінде  болып  жатқан 
тоқтаусыз процестерге көзі қарақты көрерменнің күн 
өткен  сайын  қызығушылығы  да  арта  түсетіні  заңды 
құбылыс.  Мұның  үстіне  қазіргі  Конституциялық 
заңдылықтар 
бойынша 
кепіл 
берілген 
сөз 
бостандығы 
мен 
пікірлер 
алуандығына 
мүмкіндігінше 
ерік 
берілген 
за-манда, 
сол 
демократиялық құндылықтардың мінберіне айналған 
ақпараттық  бағдарламаға  сұраныс  бәсеңсімейді. 
Көрерменнің  саяси  мә-дениетін  қалыптастырып, 
мемлекеттег  і  үздік-сіз  үрдістерді  ұғындыратын 
мұндай  бағдарла-маның  тұрақты  шығып  отыруы 
мемлекеттік  саясатты  жүргізіп  отырған  билік 
органдары  өкілдеріне  тиімді.  Өйткені  белгісіздік 
қашан да сұрақтар тудыратыны аян. Сол сияқты сөз 
бостандығына  тұсау  салынған  қоғамдағы  адамдар 
санасын  торлаған  сан  сауалға  жа-уап  таппай 
қиналады.  Ал  мүмкіндігінше  қоғамдық-саяси, 
әлеуметтік  өмірдегі  ағым-дарға  кең  түсінік, 
комментарий  берілген  ашық  қоғамда,  сәйкесінше, 
өмір 
сүрген 
де 
оңайырақ. 
Ақпараттық 
телебағдарламалардың 
танымал-дылығы 
әрі 
өзектілігі, 
міне, 
осындай 
жағдай-лармен 
түсіндіріледі. 
Қазақстандағы  ақпараттың  жасалу  техноло-
гиясы  әлдеқайда  қуатты  Ресей  телеарналарының 
ақпараттық бағдарламалары мен бәсекелестікке түсе 
алмаса  да,  көрілімдігі  жағынан  олардан  кем 
түспейді,  өйткені  Қазақстан  жаңалықтары  Ресей 
арналарында аз мөлшерде ғана қамтылады, тиісінше, 
елдегі  ішкі  жағдай  туралы  ақпаратты  Қазақстан 
тұрғындары  отандық  телеарналардан  толыққанды 
алуына  мүмкіндік  бар.Ал  Ресей  жаңалықтарына   
біздің   мемлекетіміз   ерекше құлақ түреді, өйткені 
бұрынғы  және  қазір  де  жалғасын  тауып  жатқан 
экономикалық  тәуелділік  бар,  оның  үстіне  ірі 
держава  болғандықтан,  олардың  жүргізіп  отырған 
саясатынан шетте қалуға мүдделі емеспіз. 
Орыс  тілді  ақпараттық  кеңістіктің  орасан  зор 
дамуы қазақ тіліндегі ақпараттың дамуына кері әсер 
етіп отыр, соның салдарынан ақпараттық бағдарлама 
жасайтын  қазақ  редакциясының  тілшілері  орысша 
ойлап,  қазақша  ой  қорытуы  салдарынан  тіке 
мағынасында 
аударылған 
калька 
сөздер 
көбейді.Тілдік  құрылымға  да  нұқсан  келуде. 
Қоғамдық  байланыстың  дамуы  күнделікті  жаңа 
сөздерді,  неологизмдерді  өмірге  келтірді.  Бұл 
сөздердің тілдік қорымызға сіңуіне оларды эфирден 
бірінші болып тарататын ақпараттық бағдарламаның 
ықпалы зор. 
Ақпараттық  бағдарламаның  брендін  қалып-
тастыру хабардың жоғары көрілімдігін арттыру-дың 
алғышарты. 
Ақпараттық 
бағдарламалар-дың 
өнімдері  -  жаңалықтар  табиғатына  сәйкес  шынайы 
және виртуалды болып бөлінетіндігін сараптай келе, 
мемлекеттік және коммерциялық бұқаралық ақпарат 
құралдарының  меншік  ие  сінің  ұстанымына  сай 
ақпарат  тарататындығын  байқадық.  Яғни  өмірдегі 
шынайы  болған  оқиға,  құбылысты  әрбір  БАҚ  өз 
тарату  саясатына  сәйкестендіріп,  ақпарат  таратуы 
айқын  мысал  бола  алады.  Бұл  тұрғыдан  алғанда 
коммерциялық 
телеарналарда 
қазіргі 
таңда 
«инфотеймонт», яғни ақпаратты ойнатып беру тәсілі 
кеңінен  қолданысқа  енген.  Жалпы,  шолу  мен  кіш-
кентай 
детальдардың 
қоспасы 
инфотеймонт 

К. Қабылғазина 
KazNU Bulletin. Journalism series. №1 (31). 2012 
49 
ISSN 1563-0242 
тәсілінің басты қағидасы. Яғни бұл жерде оқиғаның 
болғаны  ғана  маңызды  емес,  оқиғаның  қалай 
болғаны, 
ондағы 
қызықты 
детальдарды 
бейнематериалға  арқау  етіп,  жаңалықтар  жасау 
коммерциялық телеарналарға тән үрдіс. 
Информацияның  негізгі  өзегі  -  шапшаңдық  әрі 
бұл тек ақпарат жанрына тән ерекшелік болса керек. 
Бұл  үрдіс  қазір  де  сақталған.  Жалпы  ақпараттар 
редакциясында  бір  ғана  тілшінің  тек  бір  тақырыпқа 
бейімделуі  экономикалық  жағынан  алғанда  өзін-өзі 
ақтамайтын  тәсіл.  Өйткені,  бір  журналистің  бір 
салаға байланып қалуы оның шығармашылық аясын 
шектейді. Тек әскери салаға жазатын журналист бұл 
салаға  дилетанттық  тұрғыдан  емес,  кәсіби  маман 
көзқарасымен 
маманданса, 
оның 
дайындаған 
бейнематериалының  көрерменге  түсініксіз  болуы 
ықтималдығы  жоғары.  Ал  ақпараттық  бағдарлама 
журналистері  өз  мәтінін  барынша  жеңіл  тілмен 
түсінікті  жазуы  тиіс.  Бағдарлама  жасау  барысында 
бір  тараптан  ақпараттық  жанрдың  жылдар  бойы 
қалыптасқан 
бұлжымас 
ережелерін 
сақтауға 
тырысты: 
-
 
шынайылық; 
-
 
жаңалықтың болуы міндетті
-
 
хабарламаның толықтығы
-
 
шұғылдылық, айтылған деректің өзектілігі; 
-
 
жүйелілік 

шығарылымдар 
жиілігінің 
сақталуы; 
-
 
өмірлік  деректің  құрылымына  негізделген 
оқиғалық материалдың композициясы. 
Ақпараттың 
қысқалығы 
көптеп 
ескеріле 
бастады: 
-
 
эфирге  шығу  саны  көбейтіле  бастады  және 
олардың арасындағы жиіліктің қысқаруы; 
-
 
жаңалықтар  бағдарламасының  таза  ақпарат-
тық 
бағдарламадан 
ақпараттық-ақпараттық-
сауықтыру бағдарламасына айнала бастауы; 
-
 
тақырып  аясының  кеңеюі  және  шығары-
лымдағы 
материалдарды 
орналастыру 
прин-
ципіндегі өзгерістердің көбеюі
-
 
сюжеттердегі  «стэнд-аптардың»  молаюы  және 
арнайы репортаждың дамуы; 
-
 
жаңалықтардың  авторлануы,  сюжет  соңын-да 
таныстырылымның оқылуы. 
Сенсация  қуудың  арты,  заманауи  қоғамның 
өмірі эфир бетінде қылмыстар, апаттар, қақтығыстар 
және  саяси,  қаржылық  серкелердің,  шоу  бизнес, 
спорт  жұлдыздарының  сауықшыл  ғұмыры  ретінде 
көрініс  тапты.  Бұл  қоғамның  басым  бөлігінің 
мүддесіне 
сай 
келмейді, 
нәтижесінде 
олар 
әлеуметтік  саяси  жағдайда  дұрыс  бағдар  ұстауға 
және  өмірлік  маңызды  шешім  жасауға  сеп  болатын 
толыққанды ақпарат ала алмайды. Мысалы, «Форбс» 
журна-лының  кейіпкерлері,  жұлдыздардың  отбасы-
лық  өмірлері,  кім  ажырасты,  кім  қосылды  т.б. 
жағдайлар 
да 
көрермендер 
арасында 
көңіл 
аударатын жайлар болып табылады. 
Ақпараттың  нақтылығын  анықтау  үшін  қа-
зақстандық  журналистердің  жасаған  қадамда-рында 
сәттілік  бар.  Атырау  облысының  Жаңа-өзен,  Шетпе 
қалаларында  болған  қақты-ғыстарда  әр  түрлі 
қауесеттер  көптеп  тарап  кетті.  Теледидарда 
айтылды,  радиодан  естідік,  газетте  жазылды  деген 
сөздерге  шынайы  сену  біздің  халықтың  санасында 
мықтап орналасқан.  Кейбір дерек  көздеріне  ақпарат 
берген нақты адамдардың айтуынша, жүздеген адам 
өлген.  Қартайған,  ақыл-санасы  қалыптасқан,  ересек 
әйел  сұқбат  берген  шетелдік  арналарға.  Онда  ол: 
«Менің  келінім  ауруханада  жұмыс  істеуші  еді, 
соның  айтуынша,  -  ол  өз  қолымен  жүз  адамның 
көзін  жауыпты»,  -  дейді.  Әрине,  ақпарат  нақты 
адамның  аузымен  айтылып  тұр.  Яғни  ақпарат 
құралдары адамдарға өтірік ақпарат берген деген де 
сыбыс  таралған.  Осы  жерде  БАҚ  өкілдеріне  деген 
сенімсіздік  болмауы  үшін  журналист  «Қазақстан» 
телеарнасының  журналисі  Мұрат  Есжан  ақпарат 
шындығын  ашу  үшін,  жаңағы  қарт  адамды  тауып 
алып,  ондай  деректі  айтқан  келінімен  жүздестіруді 
өтінеді.  Шындығына  келгенде,  ол  адамның 
ауруханада  жұмыс  істейтін  ешқандай  келіні  жоқ 
болып  шыққан.  Журналист  өзіндік  тәсіл  тауып, 
кейіпкерді  ірі  планда  көрсетіп,  «міне,  мына  адам 
өтірік  ақпар  таратып,  халық  ішінде  іріткі  салып 
жүр»  деген  рәуіште  ақпаратын  жария  етті.  Бұл 
қадам,  бір  жағынан,  журналистердің  беделін  сақтау 
үшін  қажет  болса,  екінші  жағынан,  кез  келген 
сыбысқа  сенбей  БАҚ  тарапынан  айтылған  дерек 
көздеріне сүйену керектігін меңзейді. Әрине, кейбір 
ақпараттық  құралдардың  өздері  де  ақпараттың 
ақиқатын  анықтамай  жатып  жариялап  жіберіп 
жатады.  Жақында  астаналық  әріптесіміздің  әйелі 
құрсағынан  шыққан  балаларын  тастап  шетелге 
күйеуге  кетіп  қалған,  бес  бірдей  баланы  бір  өзі 
асырап-бағып  отырған  әке  жөнінде  ақпараты 
таратады.  Әлемнің  түкпір-түкпірінде  жүрген  ұлт 
өкілдері жанашырлық танытып, көмек қолын созып, 
әбігерге  түсті.  Кейіннен  ол  жігіттің  әйелінің 
мәлімдемесі  бойынша  бұл  ақпарат  мүлде  жалған 

К. Қабылғазина 
KazNU Bulletin. Journalism series. №1 (31). 2012 
50 
ISSN 1563-0242 
болып  шыққан.  Әйел  ешқандай  күйеуге  кетпеген, 
керісінше, оны ері үйден қуып  жіберген. Балаларын 
көруге  зар  болған  әйелдің  көз  жасы  да  сенімділік 
қалыптастырады.  О  баста  ер  адамның  «әйелім 
шетелдік  адаммен  қашып  кетті»  деген  сөзінің  өзі 
бірден  күдік  тудыратын  еді.  Міне,  бұл  жерде 
журналистің  ақпаратты  анық-қанығын  зерттемей 
жатып жариялай салғаны көрініп тұр. Бұл жерде ол 
ақпаратты  қабылдайтын  аудиторияға  моральдық 
зиян  жасалды.  Сондықтан  ақпараттық  журна-
листикада абай болған жөн. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет