№ 22 (3136) 7 тамыз 2015 жыл
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫНЫҢ ГАЗЕТІ
Газет 1961 жылдың
28 қыркүйегінен бастап шығады
kalkangazet@yandex.kz
Е р – е л і н і ң қ о р ғ а н ы
ТƏУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫ
Ұлы Абайдың туғанына 170 жыл өтіпті.
Қарап тұрсақ, аз уақыт емес. Ондаған ұрпақ
ауысып, халқымыз сан тарапты тарих жо-
лын артқа тастады. Абайдың ұлылығы сонда
– оның айтқандарының бəрі де қазір өміршең.
Қалай қиюын келістіріп, қажетін тауып
айт қан десеңші?! Дананың сол айтқанда-
рынан титтей де бір асыл ойды санамызға
сабақтай алып жүрміз бе, оны əрине, əркімнің
ар-ұжданының талқысына табыстаймыз.
Абай таусылмас кен, сарқылмас бұлақ.
Оқисың да ойланасың, оқисың да толғанасың.
Егер Абай айтқан сын-ескертпелерге құлақ
асып, бойымызды асыл қасиеттермен, игі
істермен қуаттандырсақ, біздің халық үшін
асу бермес асқар жоқ. Белгілі бір қаламгеріміз
кезінде мінбеден «Абайды оқымаған қазақ қа-
зақ емес» деп айтыпты. Тура сөз, шыншыл
сөз. Қазақты таныр құндының барлығы Абай-
да. Абайдың запыран құсқан жыры халықтың
қамы, ұлттың келешегі, қазақтың шымбай-
ына тиіп, бүкіл елді бəсекеге қабілетті ел бо-
луға үндеуі.
Құрметті Отан қорғаушы ел азаматта-
ры, Абайымызды қастер тұтайық, сөздерін
жаттайық, ойынан, фəлсафасынан өзіміз-
ге інжу-маржанды табайық. Ұлы ақынның
тойы құтты болсын! Абайдай данасы бар ха-
лық мəңгілік екені естен шықпасын.
Үстіміздегі жылдың 27
шілдесі күні Дүниежүзілік сау-
да
ұйымының
Женевадағы
штаб-пəтерінде осы ұйымға
мүше елдер (ұйымға 161 ел
мүше) өкілдерінің қатысуымен
Қазақстанның мүшелікке қа-
былданғаны туралы хатта-
ма əзірленіп, Қазақ елі беделді
ұйым қатарына қосылды.
Дүниежүзілік сауда ұйымы
Бас кеңесінің отырысында Қа-
зақстанның ДСҰ-ға кіруі бо-
йынша жұмыс тобының төраға-
сы, Финляндия елшісі Веса
Химанен өз сөзінде келіссөз-
дер барысында Қазақстанның
50-ден астам жаңа заң қабылдап,
Кеден одағы мен Еуразиялық
экономикалық кеңістік аясын-
да қабылданған 10-нан астам
халықаралық келісімдерге түзе-
ту енгізгендігін атап көрсетті.
«Президент Нұрсұлтан Назар-
баевтың басшылығымен заңдар
жөніндегі алға жылжушылық
жəне Қазақстанның ЕАЭО бой-
ынша əріптестерімен тығыз
байланыста жұмыс істеуі соңғы
жылдары біздің жұмысымызды
айтарлықтай жылдамдатты. Қа-
зақстанның құжаттар топтамасы
– бұл жоғары сапалы құжаттар
топтамасы», – деді өз сөзінде
В.Химанен.
ДСҰ Бас директоры Ро-
берто Азеведо Қазақстанның
аталған Ұйымға кіру жөнінде
келіссөздер үдерісі барысын-
да Президент Н. Назарбаевтың
көшбасшылық қырлары айқын
көрінгендігін айтып, жоғары
баға берді. Бұл – Қазақстан үшін
де, ДСҰ үшін де шынымен та-
рихи күн. Ұйымға кірудің ар-
тықшылықтары – жаңа жұмыс
орындарын ашу, халықтың та-
бысын арттыру, тұрмыс деңге йін
жақсарту. Қазақстан үшін бұл
сіздердің соңғы жылдары қол
жеткізген жетістіктеріңіз бен
жұмсаған күш-жігерлеріңіздің
мойындалуы. Бұл – реформалар-
дың кешенді бағдарламасының
қисынды нəтижесі, Қазақстан-
ның бизнес үшін ашық екені
туралы бүкіл əлемге жолдауы.
Бұл күн ДСҰ үшін де айшықты
болып табылады. Қазақстанның
қосылуы біздің пікірталастары-
мызға қуатты əрі беделді үн қо-
сады, Ұйымды Орталық Азия-
ның жүрегіне жақындатады,
– деп атап өтті Р. Азеведо.
Отырыста Қазақстан басшы-
сы Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөй-
леді. Елбасы Қазақстан үшін бұл
оқиғаның тарихи мəні зор екенін
айтты. Келіссөздерді жүргізген
он тоғыз жыл уақыттың ішін-
де Қазақстан экономикасының
елеулі өзгеріске түскендігін жет-
кізді. Біріншіден, ол қуатты да
ашық бола түсті. ІЖӨ-нің жан
басына шаққандағы көлемі 18
есе өсіп, Орталық жəне Шығыс
Еуропа елдерінің деңгейіне
жетті. Сыртқы сауда көлемі 120
миллиард долларды құрады.
Сыртқы сауда айналымының
90 пайыздан астамы ДСҰ қата-
рындағы елдермен жасалады.
Сауда қатынасының география-
сы да əлдеқайда кеңейе түсті.
«Егер тоқсаныншы жылдардың
ортасында Қазақстан тек пост-
кеңестік елдермен ғана сауда
қатынасын жасаса, бүгінгі күні
біз əлемнің 185 елімен сауда
жасаймыз. Еуропалық одақ Қа-
зақстанның негізгі экономика-
лық əріптесі болып табылады.
Біздің саудамыздың 40 пайыздан
астамы соның үлесіне тиеді. Ре-
сей, Қытай, АҚШ, Канада жəне
басқа да бірқатар елдер Қа-
зақстанның сауда айналымына
едəуір үлес қосуда», – деп атап
көрсетті Қазақстан Президенті.
Отырыс қорытындысында
мүше елдер өкілдерінің қаты-
суымен Қазақстанның ДСҰ-ға
қабылданғандығы туралы хат-
тама əзірленді. Оны енді Пар-
ламентіміз
ратификациялауы
керек. Қалғаны Қазақстанның
өзінің ішкі рəсімдік мəселелері.
«Қалқан-ақпарат»
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫ –
ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ
Абай – дара,
Абай – дана қазақта!
Қ ұ р м е т т і
оқыр ман, алдымыз-
дағы санаулы күн-
дерден кейін бар-
шамызға қасиетті
де, қастерлі мереке
– Ата Заң күні келе
жатыр. Əрі биыл
бұл алтын тұғыр
– бас құжатымыз-
дың мерейлі сəті
– 20 жылдығын атап өтпекшіміз. Осыған
орай газетіміздің өткен сандарынан бастап
асқаралы істерімізге арқау болған Ата Заңы-
мыздың төл шежіресі жайлы мақалалар
шоғырын назарларыңызға ұсынып келеміз. Бү-
гінгі жазылар жай соның жалғасы, тау тарих
қойнына шегініс жасап Конституцияның қа-
былдану сəтіне үңілмекшіміз.
Тəуелсіз еліміздің тарихында екі мəрте Ата
Заң қабылданғанын білеміз. Оның алғашқы-
сын Жоғарғы Кеңес 1993 жылғы 28 қаңтарда
қабылдап, Конституция халық тə уелсіздігін,
мемлекеттің егемендігін, билікті бөлу қағидат-
тарын, қазақ тілін мемлекеттік тіл деп бекітті.
Аталған Конституцияның өзегі – парламенттік
басқару нысанына негізделген республика құру
еді.
Бірақ… 1993 жылғы Конституция күн-
делікті болып жатқан өзгерістерге шұғыл
түрде ілесе алмады. Жоғарғы Кеңес өзінің
негізгі қыз меті заң шығарудан гөрі, Үкімет-
тің қызметіне жиі араласатын. Нəтижесінде,
республикалық органдар өзара қырғи-қабақ
жағдайына жетіп, конституциялық дағдарысқа
айналып кету қаупі туды. Ақыры XIII шақы-
рылған Жоғарғы Кеңеске сайлау бойынша Ор-
талық сайлау комиссиясының кейбір актілерін
Конституциялық Сот 1995 жылдың 6 науры-
зында Конституцияға кереғар деп таныды. Сол
себепті Жоғарғы Кеңес өз қызметін тоқтатты.
Араға екі жыл салып, 1995 жылы қазіргі
Негізгі заң – Конституция қабылданды. Жаңа
Конституцияда президенттік институт – қыз-
мет атқару механизмдері нақты тұжырымдал-
ды. Конституцияның үстемдігі мен тікелей
қолданылуы жəне мемлекеттік құрылымның
негіздерін қорғау жөніндегі қызметтің ұй-
ымдастырылуы Президентке тиесілі болды.
Халықтың мұң-мұқтажы Ата Заңда шынайы
көрініс тауып, бекітілді.
Конституцияның жобасы екі рет жалпыха-
лықтық талқылауға ұсынылды. Мемлекет бас-
шысы 1995 жылы жаңа Конституцияның жо-
басын талдау жəне оған тəуелсiз сараптаманы
жүзеге асыру мақсатында Сараптық-консульта-
тивтiк кеңес құрды. Оның құрамына еліміздің
белгілі заңгерлерімен қатар шетелдік маман-
дар да кірді. Халықтан түскен 30 мыңға жуық
ескертпе-ұсыныстарды қорыта келе, Сарап-
тық-консультативтiк кеңес Конституция жоба-
сына мыңнан аса өзгертулер мен толықтырулар
енгізді. Нəтижесінде, 1995 жылы 30 тамызда
республикалық референдум нəтижесінде, ха-
лықтың тікелей дауыс беруімен қолданыстағы
Ата Заң қабылданды.
Парламент 1998 жылы жəне 2007 жылдары
Конституциямызға ірі-ірі толықтырулар мен
өзгерістер енгізді. 1998 жылғы бас ты өзгеріс
– Мəжіліс депуттарының саны 10 мандатқа
артып, бұл мандаттар алғаш рет партиялық
тізіммен сайланған депутаттардың үлесіне ти-
етін болды. Екінші ірі өзгеріс, алқа билер соты
құрылды. Əрине, бұлардан да басқа өзгерістер
көп. Алайда, қоғамымыздың одан əрі дамуы
үшін Конституцияға 2007 жылғы 21 мамыр-
да Парламент қабылдап, Елбасы қол қойған
Заңмен енгізілген өзгерістер мен толықтыру-
лардың орны бөлек. Сол жылы іске асырылған
реформалардың нəтижесінде Президент, Пар-
ламент, атқарушы органдар, сот жəне құқық
қорғау жүйелерінің ұйымдастырылуы мен
қызмет негіздерін реттеуші заңнамаға өзгеріс-
тер енгізілді. Адам құқықтары жөніндегі Уəкіл
– Омбудсмен институты құрылып, жаңа са-
яси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар
пайда болды. Ұлтаралық қатынастарды одан
əрі
нығайту
б а ғ ы т ы н д а
Қ а з а қ с т а н
х а л қ ы н ы ң
А с с а м б л е я -
сы Ата Заңда
бекіген жаңа
орнын тапты.
1 9 9 3
жылы
қа-
б ы л д а н ғ а н
алғашқы Ата
З а ң ы м ы з д ы
қ а б ы л д ау ғ а
академик Са-
лық Зиманов,
академик Сұл-
тан Сартаев,
1995 жылғы
Конституция-
ны дайындауда Нағашыбай Шəйкенов бастаған
ғалымдардың еңбегі зор. Сарапшылар қауымы
мемлекеттің іргесін бекемдеу үшін сан алуан
үлгінің ішінде франциял ық үлгіні қош көреді.
Заңгер ғалымдардың пікірінше, АҚШ Консти-
туциясының атасы Джеймс Мэдисон, Франция
Конституциясының дем берушісі жəне идеоло-
гы генерал Шарль де Голль десек, 1995 жылғы
Конституцияның дем берушісі Ел мен Елбасы
деп айтуға болады.
Майор Арман ƏУБƏКІРОВ
АТА ЗАҢ ҚАЛАЙ ҚАБЫЛДАНДЫ?
2
7.08.2015
ÀÑÑÀÌÁËÅß ÆÛËÛ ÀßÑÛÍÄÀ
НОВЫЙ СТАНДАРТ
Қазақ
тілі
мемлекетімізді
біріктіруші күші, тату бірлікке
ұйыстырар алтын тағы. Еліміздің
болашағы да қазақ тілімізде. Яғни,
қазақтың, Қазақстанның мемле-
кеттік тілсіз ордалы ел болуы, ұлт
болып қалыптасуы мүмкін емес.
Бұл жайлы да Елбасымыз «Нұр-
лы жол - болашаққа бастар жол»
Жолдауында лайықты анықтама
беріп, атап өткені аян.
Ұлттық ұлан жеке құрамы ұл-
тымызды ұйытар ана тілімізді қадір
тұтуға, оның өзге ұлт өкілдері
арасында өркендеп қанат жаюы-
на барынша жағдай жасауға, қа-
зақ тілін білсем, оқысам, үйренсем
деушілерге ұдайы қолдау білдіріп
келеді. Биылғы жылғы мерейлі ме-
рекелердің бірі – «Қазақстан халқы
Ассамблеясының 20 жылдығына»
орайластырылып «Мемлекеттік тіл
– менің тілім» байқауы ұйымдасты-
рылып отыр. Жақында бұл сынның
өңірлік қолбасшылықтар деңгейін-
дегі байқауы Оралдағы 5517 əскери
бөлімде өтті.
Мəні мен маңызы зор аталмыш
шараға Ұлттық ұланның Ақтау, Аты-
рау, Ақтөбе, Жаңаөзен жəне оралдық
əскери қызметшілері қатысты.
Дəстүрлі шарада бақ сынасқан
6655 əскери бөлімінің ефрейторы
Константин Андреади, 5517 əскери
бөлімінің кіші сержанты Николай
Колесников, 6656 жəне 3502 əскери
бөлімдерінің əскери қызметшілері
ефрейтор Денис Ващук пен сержант
Олег Дахов, 5546 əскери бөлімінің
сержанты Вадим Грачев мемлекеттік
тілге деген құрметтерін көрсетті.
Бағы мен бабы қатар шапқан
үміткерлердің қазақ тілін білу дең-
гейін, сөз саптау шеберлігін, тапқыр-
лығы мен талантын таразылаған
əділқазылар құрамында облыстық
тіл басқармасының бас маманы
Света Ғаниева, мемлекеттік қызмет-
керлерді қайта даярлау, біліктілігін
арттыру жəне мемлекеттік тілді оқы-
ту орталығының оқыту-əдістемелік
бөлімінің əдіскері Шынар Ықсано-
ва, Батыс Қазақстан облысы ішкі
саясат басқармасының бас маманы
Мирас Тұяқбаев, Батыс Қазақстан
облысы бойынша ІІД мемлекеттік
тіл жəне ақпарат бөлімінің жетекші
маманы Саягүл Садықова болды.
Ал бас төрешілікті Ұлттық ұлан Бас
қолбасшылығының тіл саясаты жəне
ақпарат бөлімінің аға офицері под-
полковник Чапай Сəкенов жасады.
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ –
МЕНІҢ ТІЛІМ
Төрт кезең бойынша бақ сынас-
қан сарбаздар көрерменге өздерін
таныстырып, сахналық қойылым
көрсетіп, мақал-мəтел айтып жа-
рысып жəне түрлі тақырыптағы
ой-толғаныстарын көркемдеп жет-
кізді. Əр əскери қызметші байқауға
барынша дайындалып, кезеңдерден
сүрінбей өтуге тырысқандары бай-
қалды. Ана тілімізге деген дос көңіл,
ізгі ниетті мұнда əрбір жауынгердің
айтқан сөзінен естідік. Əсіресе,
грек ұлтының өкілі, Ақтөбеден кел-
ген сарбаз Константин Андреади-
дің қазақ тілінде еркін сөйлеуі, өзі
сомдаған Абылай ханның образын
шынайы ойнауы көпшілікті таңдан-
дырды. Тіпті «Қазақстанда гректер
де бар екен-ау» деген ойға қалдық.
Өзін «ұлтым грек болғанмен, тегім
– қазақ» деп таныстырған Констан-
тиннің қазақ тілінде өлең шығара-
тын ақындық қасиеті де бар екен.
Байқаудың баяндау бөлімінде тақы-
рыптан сəл ауытқып, əділ қазылар-
дан ескерту алған ол есесіне өзінің
жүрекжарды өлеңін оқып, шығар-
машылық талантын паш етті.
Оралдық сарбаз, орыс жігіті Ни-
колай Колесников қазақ тілінде ер-
кін сөйлей алмаса да, талап үдесінен
шығуға тырысты. Бабалар ерлігіне
тағзым еткен Коля Қасым Аманжо-
ловтың «Үстімде сұр шинелім»
өлеңін жатқа оқып, еліміздегі ұлттар
мен ұлыстар арасындағы достық ту-
ралы ойымен бөлісті. Сөз сайысы-
ның тағы бір үміткері – Ақтаудан
келген украин азаматы Денис Ващук
«Қазақы салт-дəстүрлер» əнін орын-
дап, көрермен қошеметіне бөленді.
Денистің 362 əулиелі Маңғыстау
өңірі туралы ой толғанысы да əсерлі
шықты. «Қазақша бір кісідей сөй-
леп жүрмін» деп шын сырын айтқан
киелі Маңғыстау өңіріндегі əске-
ри бөлімнің сержанты Олег Дахов
Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы
Қайрат Рысқұлбековтің рөлін шебер
сомдады. Ал қазақ жерінде кіндік
қаны тамған атыраулық жауынгер
Вадим Грачев өзі туралы шағын
бейнеүзік дайындапты. Спортқа
бейім бозбала «Баяндау» бөлімінде
арман қала – Астанаға ғашық екенін
аңғартты. Қазақша сөйлеуге біраз
төселіп қалған сарбаздың мемлекет-
тік тілді аз уақыт ішінде меңгергені-
не қайран қалдық. Орыс ұлтынан
шыққан, өз тілінде білім алған Ва-
дим қазақша сөйлеуді əскерге келіп
үйренген. Ең бастысы адамның
ниеті түзу, ынтасы жоғары болса,
алынбайтын қамал болмайтынын ол
өзінің осы əрекетімен дəлелдепті.
Байқаудың əттеген-ай дерлік
тұсы, алдыңғы кезеңдерден сүрінбей
өткен үміткерлер мақал-мəтел сайы-
сына келгенде əділ қазылар алқасы-
ның сынына ұшырады. Отан қорғау
жолында адал қызмет етіп жүрген
сарбаздар патриоттық тақырыптағы
мақалдарды көбірек жаттапты. Қа-
зылар алқасы тіл туралы мақалдар аз
айтылды деген ескерту жасады.
Дей тұрғанмен, қазақ халқына
деген құрметтерін білдіру үшін мем-
лекеттік тілді үйренуге талпынған
əскери қызметшілер байыпты із-
деніс үлкен жетістіктерге жетелей-
тініне сенімді. «Қазақша сөйлей біл-
геніміздің арқасында осындай үлкен
шараға қатыстық» дейді сарбаздар.
Мұның өзі жетістік емей немене?!
ҚАЗАҚШАҒА СУДАЙ ВАДИМ
Əрине, сайыс болған соң, біреу
жеңеді, біреу жеңіледі. Байқауда
қазақ тіліне деген құрметін іс-əре-
кетімен барынша көрсеткен сер-
жант О.Дахов «Батыс» өңірлік
қолбасшылығының қолбасшысы ге-
нерал-майор Қ.Ақтановтың атынан
берілген мақтау қағазын иеленді.
Жүлделі 3-орынды кіші сержант
Н.Колесников пен ефрейтор Д.Ва-
щук өзара бөлісті. Ал ефрейтор
К.Андреади 2-орынды қанағат тұтса,
сержант Вадим Грачев жеңіске қол
жеткізіп, байқаудың республикалық
кезеңіне жолдама алды.
Бір білеріміз, қазақ тілінде сөй-
лейтін өзге ұлтқа таңданудың қажеті
жоқ. Себебі Қазақстанның əрбір аза-
маты мемлекеттік тілді білуі тиіс.
Тəуелсіз еліміздегі, бір шаңырақ
астындағы түрлі ұлттар мен ұлыс-
тардың жарасымды ынтымағы –
көптеген мемлекеттерге үлгі. Соңғы
уақытта қазақша сөйлейтін өзге ұлт
өкілдерінің көбеюі де – айтарлықтай
жетістік. Тек өз тілін өгейсітіп жүр-
ген қандастарымызды көргенде,
еріксіз қынжылатынымыз ақиқат.
Ендеше, бүгінгі кейіпкерлеріміздің
қазақ тілін үйренуге деген құлшы-
нысы соларға үлгі-өнеге болса дей-
міз.
Майор Ерболат СҰЛТАНОВ
С 3 августа 2015 года военнослужащие
воинской части 5573 Национальной гвар-
дии Республики Казахстан впервые при-
ступили к несению службы по охране обще-
ственного порядка и безопасности в новой
форме одежды. Ее особенностью является
то, что она приспособлена для несения
службы в городских условиях.
Оперативные и специальные моторизован-
ные части Национальной гвардии, совместно
с органами внутренних дел, принимают уча-
стие в охране общественного порядка в 19 го-
родах нашей страны.
Для несения патрульно-постовой службы
по республике, ежедневно, на маршруты па-
трулирования выделяется более 5 000 воен-
нослужащих.
Новая форма введена в связи с предстоящей
международной выставкой «ЭКСПО-2017».
Она представляет собой экипировку тем-
но-синего цвета, в состав для несения па-
трульной службы входят: кепи, брюки,
рубашка, костюм, футболка летняя установ-
ленного цвета. А также кожаное снаряжение.
Она отличается от прежней камуфлированной
одежды расцветкой и привлекательностью,
более приспособлена для несения службы
в городских условиях. Такая форма одежды
сейчас применяется для несения службы во
всех странах Европы.
В этом году к несению службы по охра-
не общественного порядка и безопасности
в новой форме одежды приступают личный
состав столичного гарнизона
и г. Алматы. С 2016 года пла-
нируется перевести на новую
форму все остальные части,
дислоцированные в областных
центрах и городах нашей стра-
ны.
Воины Национальной гвар-
дии каждый день несут боевую
службу, обеспечивая безопас-
ность страны, стоят на страже
прав и свобод личности, об-
щества и государства. Охра-
няют важные государственные
объекты, первыми приходят на
помощь гражданам, попавшим
в беду, защищая их от преступ-
ных и иных противоправных
посягательств.
Благодаря
пристальному
вниманию со стороны Гла-
вы государства, в настоящее
время Национальная гвардия
Республики Казахстан обладает мощным ка-
дровым и техническим потенциалом, опера-
тивными возможностями, хорошо оснащён-
ными и мобильными подразделениями.
Всего за первое полугодие текущего года
войсковыми нарядами Национальной гвар-
дии по охране общественного порядка и без-
опасности задержано и доставлено в органы
внутренних дел более тридцати тысяч право-
нарушителей. При этом изъято 124 единицы
холодного, огнестрельного и травматическо-
го оружия. Произведено 84 факта изъятия
наркотических веществ.
Воинская часть 5573 столичного гарнизо-
на ежедневно обеспечивает общественный
порядок и безопасность в г. Астане. За шесть
месяцев текущего года войсковыми наряда-
ми части задержано более 9 тысяч человек за
совершение административных правонару-
шений.
Капитан Руслан ЖАНГУЛИН
Служба в новой форме
Ќазаќстан – ата ќонысымыз,
Ќазаќстан – ата ќонысымыз,
ќазаќ тілін їйрену – борышымыз
ќазаќ тілін їйрену – борышымыз