Е. Түркебаев атындағы Жобаларды басқару институты «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ДӘрістер қазақстан тарихы



бет2/63
Дата20.09.2023
өлшемі0,84 Mb.
#109155
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
Дәрістер Жаңа

Бақылау сұрақтары:

  1. Тарих дегеніміз не және тарих тағылымының маңызы қандай?

  2. Тарихтың қызметі мен міндеттерін айқындаңыз.

  3. Қазақстан тарихының мәнін ашып көрсетіңіз.

  4. Қазақстан тарихында Ұлы даланың алатын орны мен маңызы қандай?

  5. Қазақстан тарихы курсы нені оқытады және оның мақсаты мен міндеттері қандай?


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Кан Г.В., Шаяхметов Н.У Қазақстан тарихы. Оқулық. – Алматы: «Алматыкітап», 2012. – 264 б. Электрондық сілтеме: https://e-history.kz/kz/library/read/25207/

  2. Қазақстан тарихы: Лекциялар курсы. . – Алматы: NURPRESS, 2012. –376 б.

  3. Мусин Ч. Қазақстан тарихы: оқулық. 4-басылым. – Алматы: ЖШС «Издательство «Норма-К», 2012. – 640 б.

  4. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. – 4 кітаптан тұратын оқулық/Т.Омарбеков, Б.С.Сайлан, А.Ш.Алтаев және т.б. – Алматы: Қазақ университеті, 2020.

2-дәріс.
Тақырыбы: Ежелгі адамдар және көшпелі өркениет пен мемлекеттіліктің қалыптасуы.

  1. Тас дәуірі

  2. Қола дәуірі

  3. Ерте темір дәуіріндегі тайпалық одақтар

  4. Қазақстан аумағындағы мемлекеттік бірлестіктер




  1. Тас дәуірі.

Адамзаттың пайда болуы мен қалыптасуы тас дәуірінен басталады. Тас дәуірі б.з.д. 2,5 млн. жыл бұрын басталып, б.з.д. 3 мыңжылдықта аяқталды. Тас дәуірі мынадай үш кезеңге бөлінеді:
1. Палеолит – ежелгі тас дәуірі (б.з.д. 2,5 млн. жылдан – б.з.д. 12 мыңжылдыққа дейін);
2. Мезолит – орта тас дәуірі (б.з.д. 12 – 5 мыңжылдықтар);
3. Неолит – жаңа тас дәуірі (б.з.д. 5 – 3 мыңжылдықтар).
Өз кезегінде палеолиттің өзі 3 кезеңге бөлінеді: 1. ерте палеолит (б.з.д. 2,5 млн. жыл – б.з.д. 140 мыңжылдықтар); 2. орта палеолит (б.з.д. 140 – 40 мыңжылдықтар); 3. кейінгі палеолит (б.з.д. 40 – 12 мыңжылдықтар).
Археологиялық ескерткіштердің табылған орны бойынша 2,5 млн – 700 мың жыл бұрынғы кезеңді «олдувайлық мәдениет» деп те атайды. 700 мың – 140 мың жыл бұрынғы аралыққа шель және ашель мәдениеттері (Францияның Шель және Ашель қалаларының атымен аталған) тән болады. Бұл мәдениеттер ерте палеолитке кіреді. Орта палеолит, яғни, б.з.д. 140 – 40 мыңжылдықтар аралығындағы кезең, мустьер (Франциядағы үңгірдің аты) мәдениеті қалыптасқан уақыт болып табылады.
Ең ежелгі адамның қалдықтары мен іздері Шығыс Африкадағы Танзанияның Олдувай шатқалынан табылды. Оны «homo habilis» – «епті адам» деп, ал мәдениеті «малтатас» деп атайды. Өйткені, олар малтатастың бетін ұрғылап, жару және кесу құралдарын жасады. Олар шамамен 1 млн. 750 мың жыл бұрын өмір сүрген.
«Homo erectus» – «тік жүретін адам» өкілдері питекантроптар мен синантроптар болып табылады. Питекантроп шамамен 1 млн. жыл бұрын өмір сүрген, 1891 жылы Ява аралынан табылған. Ал синантроп «Қытай адамы» бұдан 500 – 200 мың жыл бұрын өмір сүрген.
Ежелгі адамдардың тағы бір түрі – неандертальдықтар. Ол Германия жерінен табылған, 100 – 35 мың жыл бұрын өмір сүрген. Неандертальдық баланың сүйегі Өзбекстандағы Тесіктас деген үңгірден де табылған.
«Homo sapiens» – «саналы адам» алғаш рет Францияның Кро-Моньон үңгірінен табылған. Шамамен, 40 – 35 мың жыл бұрын өмір сүрген.
Ежелгі адамдар жеуге жарамдыларды теріп жеп қорек етті. Терімшілікпен қатар аңшылықпен айналысты, негізінен, мамонт, бизон секілді ірі аңдарды аулады.
Қазақстан жеріндегі ежелгі адамның іздері ерте палеолит дәуіріне жатады. Ежелгі адамның қалдықтары әзірше табылған жоқ, бірақ олардың мекен-жай, тұрақтары табылып, зерттелуде. Адамдардың қоныстануына қолайлы жердің бірі Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау жотасы болды. Осы жерден тастан жасалған ең көне еңбек құралдары табылды. Ежелгі тас дәуірінің алғашқы кезеңінің ескерткіштері Қазақстанның оңтүстігінен, Арыстанды өзенінің бойынан Қызылтау, Тәңірқазған, Бөріқазған, Тоқалы және Ақкөл деген жерлерінен табылған. Шу өзенінің оң жағындағы Қазанғап шатқалынан осы дәуірге жататын ескерткіш табылды. Қарасу тұрағынан тастан жасалған 15 мыңға жуық заттар табылған.
Орталық Қазақстанда ерте палеолит адамы оңтүстікке қарағанда кешірек пайда болған. Ол көбінесе Балқаштың солтүстік жағалауын мекендеді. Бұл жерден сол уақыттағы адамдар тұрағы көбірек табылды.
Ерте палеолит кезінде адам тасты жару үшін екінші тасты пайдаланған – оларды бір-біріне соғатын болған. Мұндай тәсілді жарып түсіру техникасы яғни малтатас мәдениеті деп атайды, өйткені шикізат ретінде көбінесе өзен малтатастары пайдаланылған. Ерте палеолитте адамдар тасты жару үшін жұмыр тас қолданды. Дайындалған құрал кейін шапқыш ретінде қолданылды. Бұл кезде қол шапқы қарудың аса оңтайлы, кең тараған түрі болды.
Ашель кезеңінің ескерткіштері Орталық Қазақстаннан табылды. Осындай тұрақтардың бірі – Құдайкөл Сарыарқаның теріскей-шығыс шетінде орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет