Ең үздік ғылыми жоба «Мәшһүр Жүсіптің көріпкелдігі» Орындаған: Мұқатай А


Жер-су аттарына байланысты мол мұра қалдырған деп отырсыз. Кереку өңірінде осы жер-су аттарына байланысты қандай істердің атқарылуына мұрындық болып отырсыз?



бет13/14
Дата09.05.2022
өлшемі51,67 Kb.
#33160
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Жер-су аттарына байланысты мол мұра қалдырған деп отырсыз. Кереку өңірінде осы жер-су аттарына байланысты қандай істердің атқарылуына мұрындық болып отырсыз?

– Әрине. Мысалы, Тереңкөл. Қазіргі атауы Қашыр. Бұрынғы аты Теңдік деп қояйық дейді. Біз Тереңкөл болсын деп хат дайындадық. Ленин көшесін Астана деп ауыстырдық. Кереку өңірі басқа өңірлерге қарағанда қиынырақ қой. Орыс-қазақ болып қалған, түсінбей жатыр. Бір көшенің, ауылдың атауын ауыстырсақ соны ауыр қабылдайды. Жер-су атаулары Шідерті, Сілеті-Бұғылы, Ерейментау, Сарытау, Қызылтау, Найзашоқы секілді атаулар Мәшекеңнің еңбектерінде тұнып тұр. Оның шығармаларын оқып, жаңғыртып жер-су атауларын кәдеге асыруымыз қажет. Картаны алып, картаға қарап отырып тарихи деректерді іздеуде Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің көмегі көп. Мысалы, сәбиге ат қойғанда да оған жүгінуіміз қажет. 1870 жылы шыққан «Дала уәләятында» жарияланған мақаласында қыз бала, әйел балаларды оқыту, ғылымға бет бұру керектігін тілге тиек еткен. Тек малмен емес, ғылымға техникаға, кәсіпке көңіл бөлуіміз керек деген. Ғылымға өте үлкен мән берген. Яғни, оқуға мән берген ел деп санаймыз. Мәшһүр Жүсіп қазақты руға, елге бөліп көрмеген. Жеті атаңды біл дейді. 1930 жылдары Мәшекең болашағынан үміт күттіретін жастар деп Мұхтар Әуезов пен Қаныш Сәтпаевты жазып кеткен екен. Ия, осының өзі-ақ Мәшһүр Жүсіптің адамды тани білетінін, көріпкелдігін дәлелдесе керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет