Оқырмандарға ғұлама, ғалым, тарихшы, философ, ақын Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармаларын оқуды ұсынамын. Марқұм әкем, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов барлығы да осы Мәшекеңе сүйеніп өткен. Мәшекеңді танудың екінші тынысы ашылды. Қазір Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармашылығына арналған сайт бар. Ішінде монография, оқулықтар, т.б. деректер енгізілген. 2006 жылы Ескелдіде Мәшекеңнің мавзолейі салынған. Оның қасында екі қабатты қонақ үй салынды. Музейі бар. Ол жерде жаңа туризмдік инфрақұрылымдар салынуда. Соның барлығы өткенді насихаттау ғана емес, ендігі ұрпақтың игілігі үшін. Соны пайдалана білейік! Елбасының «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» атты мақаласы бойынша айтылған істер атқарылып жатыр деуге болады.