ӘБ отырысында қаралды: Хаттама №



бет1/4
Дата14.11.2022
өлшемі34,13 Kb.
#49854
  1   2   3   4
Байланысты:
5 б сынып факультатив


ӘБ отырысында қаралды:
Хаттама № 1.26.08.2021ж.
ӘБ жетекшісі:
Малдыбекова Г.М.________



Келісемін:
Оқу жұмысы бойынша мектеп директорының орынбасарлары:
Тохан М. __________________
Смагулова Н.Х. _____________



Бекітемін:
№19 ЖОББМ директоры
Шаймерденов К.К.
_________________
31.08.2021ж

Математика пәнінен 5 «Б», 5«Г», 5«К» сыныпқа арналған


«Қызықты математика»
атты факультатив курсының
күнтізбелік-тақырыптық жоспары.

Оқу жылы: 2021-2022


Сынып: 5 «Б», 5«Г», 5«К»
Мұғалім: Маханова З.С.

Көкшетау қ. 2021 жыл

РЕЦЕНЗИЯ

Ұсынылып отырған бағдарлама 5-сынып оқушыларына математика пәніне арналған. Бағдарлама түсінік хаттан, математика тақырыбынан (34 сағаттан) және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


Бағдарламаның негізгі мақсаты, оқушылардың математикалық және
логикалық ойлауын дамытуға, жеке ерекшеліктерін ескере отырып, танымдық қабілеттерін және зерттеу шығармашылық дамыту үшін жағдай жасау. Математиканы тереңдетіп оқытатын дұрыс бағыт бере отырып, түсініктерін кеңейту.

Бағдарламаға енген тақырыптар:


І тарау. Арифметикалық амалдар мен жаттығу(6)
ІІ тарау. Математикалық ребус(4)
ІІІ тарау. Логикалық сұрақтар (6)
ІV тарау. Қатты денелермен жұмыс(10)
V тарау. Математикалық жұмбақтар (8)
Рецензент:
Экономика ғылымының кандидаты,
доцент________ С.К. Ахметов


Түсінік хат
Математика пәнінен күнтізбелік-тақырыптық жоспары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 (2020 жылғы 28 тамыздағы №372 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеен) қаулысымен бекітілген негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 (2021 жылғы 25 наурыздағы № 125 бұйрықпен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен) бұйрығымен бекітілген. Негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2018 жылғы 4 қыркүйектегі №441 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бектілген(2020 жылғыы 27 қарашадағы №496с бұйрықпен толықтырулар мен өзгерістер енгізілген) Негізгі орта білім берудң жалпы білім беретн пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2017 жылғы 25 қазандағы №545 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген)
Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық тасымалдау тізбесін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 10 маусымдағы №286 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары негізінде және 2021-2022 оқу жылында ҚР жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін ерекшеліктері туралы әдістемелік-нұсқау хатқа сәйкес әзірленген.
Қазақстан Республикасы - инновациялық даму бағытындағы ел. Дамудың инновациялық жолы жаңаша ойлауды, алдағыны жоспарлауды, жаңа идеялар мен технологияны болашақта қажет етеді.Осының бәрін еліміз өсіп келе жатқан жеткіншектерден күтіледі.
Мектеп мұғалімдерінің басты мақсаттарының бірі – оқушылардың өзі дамуы үшін пәнге қызығушылығын туғызу. Оқушылар теориялық материалдарды нақты әрі тура тұжырымдауға, қиындығы жоғары есептерді шығаруда математикалық тұжырымдарды және формулаларды пайдалана білуге дағдыланады. Осы мақсатқа жетудің бір жолы математикалық үйірмеге оқушылардың қатысуы. Осы мақсатта 5 сыныпқа арналған «Қызықты математика» факультативтік курстың бағдарламасы жасалды.
Математика-мазмұнына сандар мен оларға қолданылатын амалдарды, шамаларды, есептерді, алгебра элементтерін біріктірген,олардың өзара байланысы мен өзара әсерлесуін жүзеге асыратын кіріктірілген оқу пәні. Бағдарламаға әртүрлі таңдамалы арифметикалық, сұрақтар, қызықты есептер тақырыптары енгізілді. Бір сыныптағы, бір топтағы балалардың логикалық ойлау қабілеті, деңгейі әртүрлі. Бұл бағдарлама дарынды баланың есепті өз мүмкіншілігіне қарай таңдап алуына қолайлы. Бағдарламадағы тақырыптар математикалық мазмұны, құрылысы, күрделігі, шығару әдісі бойынша топталған. Осындай әдіс оқушыларға есептің әр тобын біртіндеп игеруге және өзіндік пайдалануына, жаттығуына себептігін тигізеді. Логикалық есептер математикалық олимпиадаларда, әр түрлі интеллектуалды жарыстарда жиі қолданылады.
Бағдарлама курсының ерекшеліктері есептерді шешудің базалық программада қарастырылмаған әдістерімен танысу, математикалық ұғыну деңгейін кеңейту, формальды ұғынуды мазмұнды ұғынуға алмастыру, математикалық ойлау мен интеллектуалды қабілеттерді қалыптастырудың негізі болып табылатын интуиция мен елестеу қабілеттерін дамыту.
Бағдарлама «Арифметикалық амалдармен жаттығу», «Математикалық ребустар», «Логикалық сұрақтар», «Қатты денелермен жұмыс», «Математикалық жұмбақтар» бөлімінен тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет