Зияты зақымданған және ПДТ балаларды салыстырмалы түрде ажырату
Зияты зақымдалған бала Бас миының органикалық зақымдануынан қалпына келтіру мүмкін емес.
Қабылдау, зейін, қиял, ойлау, есте сақтауы зақымдалған
Ойлау процессі зақымдалған, өз бетімен ойын іс-әрекеті қалыптаспайды.
Психикалық дамуы тежелген бала Педагогикалық күтім көрмеген, оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтар кездесетін оқу үлгерімі нашар балалар. Сондай-ақ бұл балалардың эмоционалдық ерік-жігер сферасының жетілмеуі және органикалық инфантилизммен түсіндіріледі.
Зияты бұзылысының түрлері Зиятының жеңіл бұзылысы
Зиятының орташа бұзылысы
Зиятының ауыр бұзылысы
Зиятының терең бұзылысы
Қалыпты дамыған мектепке дейінгі балалардың жетекші іс-әрекеті түрі – ойын болып табылады, ал зиятының жеңіл бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалардың дамуында ойын қажетті орын иеленбейді. Мұндай балалар сюжеттік-рөлдік ойындарды өз беттерінше меңгеріп кете алмайды. Ересектердің көмегімен ғана сатушы немесе сатып алушыны рөлдерін ойнайды, алайда өз бастамасымен ойын ұйымдастыра алмайды.
Бұл балаларды салыстырмалы түрде қарастырғанда баланың жасы 10 жаста болса ойлауы 5-6 жасар баланың деңгейімен бірдей болады, қарым-қатынасқа түсуде қиындықтар туындамайды және қарым-қатынас көп жағдайда ойын түріндегі әрекеттер болады. Яғни жеңіл бұзылысы қалыпты баламен салыстырғанда 4,5 жасқа артта қалады. Бұл балаларда туындайтын қиындықтар одан 10 жасар баланың жасай алатын мүмкіндіктерін талап ету болып табылады.
Ал зиятының орташа және ауыр бұзылысы бар балаларда 10 жастағы баланың ойлауы, қабылдауы, сөз түсінігі 1,2 жасар баланың деңгейімен бірдей болады.
Зиятының терең бұзылыстары бар балада барлық қабілетінің дамымауымен айқындалады.
(4-8 жас) – санитарлық-гигиеналық талаптар мен моториканың дамуын анықтайды. Баланың танымдық қабілетінің дамуына, сөйлеу тілінің дамуына, ортаға бейімделуіне көңіл бөлінеді.
2-ші кезең
(8-16 жас) — өз-өзіне қызмет ету мен гигиеналық дағдыларды игеруді қорытындылау, тұрмыстық қажеттіліктерді қанағаттандыру кезеңі.
3-ші кезең
(16-18 жас) — әлеуметтік бейімделу кезеңі. Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балалармен жүргізілетін коррекциялық жұмыстың мақсаты – оларды болашақ өмірге бейімдеу, еңбекке араласуға үйрету, әлеуметтік ортаға бейімдеу.