Әбдіғалиева Верстка indd


Өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар



Pdf көрінісі
бет12/16
Дата28.11.2022
өлшемі0,95 Mb.
#53247
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар:
1. Неоканттықтар мәдениет философиясын неден көреді?
2. Неоканттық философияның негізгі бағыттары.
3. мәдениет ғылымы мен оның негізгі әдістері неде?
4. Риккерт мәдениет философиясындағы құндылықтар орталығының 
басты идеялары.
5. «Таңбалық функция» Кассирердің қай түсінігі нәтижесінде туды?
6. Риккерт философиясындағы басты этникалық қатынас.
Өздік жұмыс үшін сұрақтар:
1. Табиғат және ғылымның бөлінуі жайлы негізгі қағидалар.
2. Неоканттықтағы құндылықтар мәселесі.
3. марбург мектебіндегі неоканттық.
4. Баден мектебіндегі неоканттық.
5. мәдениет формасы мен құндылықтар анықтамасы.
6. Кассирердің таңбалық философиясы. 
4.2 Ницшенің мәдениет философиясындағы
құндылықтарды қайта бағалау мәселесі 
мұны Гегельдің шығармаларынан кездестіруге болады. Ниц-
шеге Шопенгауэрдің, француз моралистерінің, әсіресе, Ларошфу-
ко мен монтеньнің шығармалары үлкен әсер етті. Ницше бұл жер-
де де белгілі бір дәстүрден шықпайды. Өзінің алдындағылардан 
айырмашылығы – ол релятивизмді стиль саласында, моральдық 
көзқарас саласында, жалпы философиялық құрылым саласында 
ең басты принцип етуі. 


87 
моральдың шығу тегін зерттей келе, Ницше мораль бағалау 
жүйесі деген қорытындыға келді. дәстүрлі мораль адамзатқа 
апат әкеледі, себебі ескі дәстүрлі христиандық мораль жарыққа, 
жоғарғы адамгершілікке, биікке көтеруге қарама-қарсы. дәс түрлі 
мораль таңдаулы, қабілетті тұлғалардың өз қабілетін көрсету 
мүмкіндігінен айырып отырады. оны тек сатылық қызығу-
шылықтарды қанағаттандыру құралы ретінде қарастыруға бола-
ды. дәстүрлі христиан моралі – әлсіздердің, аурулардың моралі, 
құлдардың моралі. 
мәдени құндылықтар мәселесі Фридрих Ницше филосо-
фиясының басынан бастап негізгі орынды иеленді. Ницше мәдени 
құндылықтарды нақты тарихи жағдайдың трансценденті деп сана-
ды, сондықтан әрбір тарихи дәуірдің өз адамгершілік ұстанымдары, 
бағалау мен құндылықтары бар неміс ойшылы құлдар моралі мен 
үстемдік етушілер моралі және осыған сәйкес құнылықтарды 
сатылық және жоғарғы деп бөліп, үнемі бір-бірімен қарама-қарсы 
күресте болады деген. Ницшенің ойынша, барлық уақытқа жалпы 
қабылданған құндылықтар жүйесі болмайды. Жалпы және жеке 
мораль идеалы болуы мүмкін емес, бұл өмірдің түсіп кетуіне, 
ал адамзатты қайта тууына әкеп соғады. Ницше адамгершілікті 
жоққа шығармайды, бірақ қазіргі заманғы дәуірде адамгершілік 
критерийлерін өзгерту және күштілер мен әлсіздерге міндетті 
түрде әртүрлі талаптар қою керек деп санайды.
Философтың адалдығы деп санайды Ницше, ең бірінші ол 
адамдар машықтанған мөлшерлер мен бағалауды алмау керек, 
керісінше, олардың нақты мағынасын ашу керек. Ал Ницшенің 
ойынша, ол мағынаны ашу, қолданыстағы моральды алмай сынау, 
адамның ең жоғарғы төрешісі болу талабын әшкерелеу адамның 
нақты тағайындауын көрсету және оның жердегі атқаратын 
қызметін көрсететін жолбастаушы болу. Қазіргі заман моралі 
адам ұшырайтын, сөзсіз жоғарғы мағынадан үміткер, ең жоғарғы 
құндылық, соңғы баға, бұл мораль, Ницшенің айтуынша, 
«көтерілген құлдардың», тобырдың моралі, «дарынсыздық» пен 
екіжүзділік, пайдаға аспайтын ескі мораль, ыңғайластырылған, 
артта қалған мораль.
Бүкіл Еуропа мәдениеті, Ницшенің ойынша, соңғы екі мың 
жылдықтағы христиандардың мәдениеті нақтылық және шындық 


88 
сияқты құндылықтармен байытылып, бірінші рет Платон жа-
риялады. Платонизм – христиан мәдениетінің ядросы, әлемнің 
қалыптасуы, құрылысы, арғы жақтағы әлем өзгермелі, қол жетімді 
сезімдерге, кейбір жоғарғы сезімді, өзгермейтін арғы беттегі, бы-
лайша айтқанда «шындық әлем». Нақты, бар заттарға нақты емес, 
елес, ойдан шығарылған барлық құндылықтар атрибуттарымен 
қамтамасыз етілген заттар қарсы қойылады. Христиандық бұл 
идеяның ары қарай дамуына әсер етіп, «шындық» әлемге қазір 
жете алмайтынын жариялады және болашақта, әділетті және 
мейірімді болуға уәде береді. дәл осы христиандықтан Еуропа 
мәдениеті тағдырға бас ию, анықтық, қайырымдылық, әлсіздерге 
жан ашу және т.б. идеяларды алды.
Ницше Еуропаның философиялық дәстүрін түбірімен 
қайта қарау керек деп есептеді, соның нәтижесінде «еуропалық 
христиандық дүниетаным» дағдарысқа ұшырап, тіптен жойы-
лып кетуіне әсер етуі мүмкін. Тек сонда ғана адамның өмірі өзіне 
қайта оралды, сатқындық тұрмыстағы шығармашылық мәнінен 
арғы беттегі ақиқат әлеміне оралады. Ницшенің христиандық 
сенімі «ұлы сатқындық өмірді» алмастыратын «көрінген әлем» 
нигилистикалық өжеттік пен имманенттік тұрмыс мағынасы. Нақ 
сенім мен мораль, Ницшенің ойынша, тұрмысты түсіндірудің 
негізгі жолы, нақ осылар өмірді құлдыққа айналдырады, оның 
шығармашылық мәнін көрсетуге, билікке деген ерігіне кедергі 
келтіреді. «Өмірден» құтқару тұрмысты түсіндірудің радикалдық 
сынына, яғни, жаңа мәдениеттің, жаңа адамның пайда болу-
ына әкеледі. Біз, «имморальдықтар» деп қайталаудан шарша-
майды Ницше, оның ұстанымы аморальдық емес, моральдан 
тыс екендігін айтқысы келеді. мораль қоғамдағы қабылданған 
моральды білдіретін оның ойынша шартты термин. Ницшенің 
түсінігінше имморализм екі қарсылық деңгейден тұрады: 1) осы 
уақытқа дейін ең жоғарғы тип болып саналып келген адамды 
жоққа шығару, оның моралін Ницше декаданс моралі деп атай-
ды; 2) қазіргі қоғамда билік құрып отырған мораль өзіне, яғни 
аутеттикалық нағыз моральды жоққа шығару. 
Шығармашылығының алғашқы сатысында мәдени құнды-
лықтар мәселесі Ницшені эстетикалық көзқарас жағынан қызық-
тырды. Ницше өзінің алғашқы «музыка рухынан туындаған 


89 
трагедия» кітабында өмірді, өзімен-өзі, сұмдық және қайғылы, 
өнердің арқасында шығармашылық өзгеруді қажет етеді деп 
санайды; ол мұны жоққа шығармайды, ақтап қалуға тыры-
сады, өзіне одақтас етіп Сократ дәуіріне дейінгі ежелгі грек 
мәдениетін алады. Өзінің бірінші кітабында Ницшенің басты 
мақсаты гармониялық бірігу нәтижесінде ежелгі грек мәдениеті 
апполоновтық және дионийлік бастауларды көрсету болды. 
мұндай гармонияның мүмкіндігін философия жоғарғы үлгі мен 
мәдени шығармашылықтан көреді. оның көзқарасы бойынша, 
нағыз мәдениетке жай тенденция бұқаралық демократиялық 
және социалистік қозғалыстарға енгізілген немесе олар мәдени 
құндылықтардың стандарттануына, бұрмалануына әкеліп соғады. 
Бірақ Ницше бұндай жағдайды жеңу мүмкін емес деп санамай-
ды. Керісінше, құрылыссыз күштерден төнген қауіп адамдар 
бойындағы бағалау және адамдық даналықтың жоғарғы көрінісін 
сақтау сияқты қабілеттерді оятады. Ницше мәдени құндылықтар 
нақты тарихи жағдайлардың трансценденті, адам – пластикалық 
жан немесе ол жаңа мүмкіндіктерді аша отырып, өзін игеру-
ге қабілетті деп есептейді. Ницшенің эмпирикалық ілімі сәйкес 
келетін болашақ беруге қабілетсіз. ол да христиан діни оқуын 
жанап өтеді. Ницше барлық философияға тән ең басты сұрақ 
«заттар қаншалықты сапасы мен көлемі жағынан өзгермейді, со-
дан кейін осы сұраққа өсиетсіз өжеттікпен жауап бере отырып 
әлемнің арғы жағында өзгермелі өмір бар екендігін» түсіну деп 
есептейді (Ницше Ф. «Жолаушы мен оның көлеңкесі». – м., 
1994). Ницше болған іске төреші және жаңа құндылықтарды 
жасаушы бұл философтың идеалын кейінгі жылдары да сақтап 
қалады. Егер шығармашылығының алғашқы кезеңінде Ницшені 
мәдени құндылықтар мәселесі, ең бастысы, этикалық тұрғыдан 
қызықтырса, екінші кезеңде негізгі назарын этикалық нормалар-
ды талдауға, бағалауға, оның мәні мен шығу тегіне аударады.
Адамдардың жоғарғы типтері, Ницшенің ойынша, өз құн-
дылықтарын өмір күшінің молдығынан жасайды. Әлсіз және 
күшті емес адамдар ондай адамдардан қорқады, оларды ауыз-
дықтауға және үйретуге тырысады, өздерінің көптігімен басады. 
Тіпті «сатылық құндылықтарды» міндеттейді. Әрине, мұндай 


90 
кек алу ашық көрсетілмейді, мүмкін тіпті «тобыр» оны қозғаушы 
себеп ретінде де мойындамайды, бірақ ол тікелей немес жанама 
жолдар, жанама ойлар арқылы әрекет етеді. 
Сонымен, Ницшенің айтуынша, мораль тарихында екі эти-
калық көзқарас бір-бірімен күреседі. Жоғарғы типті адамдардың 
көзқарасы бойынша олар қатар өмір сүреді. Бұл егер «тобыр» 
ешқандай жоғарғы істерге қабілетті болмаса, құлдық моральді 
тек өз ортасында іске асыратын болса мүмкін болады. Бірақ ол 
тек осымен ғана шектеліп қоймайды деп атап көрсетеді. Ницше 
әмбебап талаптардан бас тартпайды.
Ницше «жақсылық пен зұлымдықтың арғы бетіне» шығу 
керектігін айтқанда оны құлдық моральды жеңуге шақыру деп 
түсіну керек, ол бәрін бір тақтайға қойып, дарынсыздықты жақсы 
көріп, қорғайды, адамзат типінің көтерілуіне қарсы тұрады. ол 
құндылықтар табиғатына толық немқұрайдылықты емес, барлық 
адамгершілік критерийлерді таратуды білдіреді. Тек жоғарғы тип-
ке жататындар ғана, ешқандай шығынсыз қоғамда жақсылық пен 
зұлымдық деп атап кеткен түсініктің арғы бетіне өтеді немесе бұл 
жеке адамдар ешкімнің қамқорлығынсыз-ақ өздері адамгершілік 
заңдарын алып жүреді. олардың өздеріне берген анықтамалары 
– бұл адамзаттың жоғарғы өмір сүру деңгейіне, адамнан жоғары 
тылсым күшке апаратын жол. Ницше өзі өмір сүрген замандағы 
көптеген анық және жасырын беталыстарды шеше білді. ол 
өзінше айна болды, онда ең бірінші адамдардың құдайсыз жер-
ге орналасуы туралы «экзальтирлік батырлық» бейнеленіп, онда 
Қайта өрлеу дәуірінен басталатын еуропалық мәдениетінде өзі 
туралы жариялады.
Адамзат тарихында ескі құндылықтар кодексінің қирауы 
және жаңаның қалыптасуы туралы көптеген жоғары бағалаулар 
болды. Бірақ Ницше ең радиаклды бағалаудан үміткер. ол 
құндылықтардың өзіне өзгеріс еңгізу керек деп есептеді. Бәрінен 
бұрын Ницше үшін «объективті» құндылықтар туралы сөз де 
болмаса керек. дұрыс жолға түсуде негізге скептицизм мен 
субъективизмды алу керек дейді. Ницше моральдық объективті 
құндылықтарды құндылықты-теоретикалық догматизм деп 
есептейді. ол өзінің құндылықтарды қайта бағалауы арқылы, осы 
догматизм (қасандық) арқылы ұйқыдан оятуды өзінің міндеті деп 


91 
санайды. Сондықтан ол ылғи ең басты құндылық адамның өмірі 
және адам өз тұрмысын өз құндылықтарымен жасап, жоғарыдан 
маңдайға жазғанды күтпеуі керектігін атап өтеді.
Адамның өмір сүруі мақсатты, ойлы, жоғарғы бағаға 
лайықты және құндылықтар күші арқылы жоғарғы өмір сүру 
дәрежелерімен ерекшеленуі керек. Тек осындай ой және тек 
осындай өмір сүру ғана Ницшенің ойынша адамзатты құтқарады. 
ол адам құндылықтарды жасады, өзін құтқару үшін заттар мен 
құбылыстарға мағына берді деп есептейді. Бірақ Ницшенің ой-
ынша бұл фактор, өзін-өзі сақтау инстинкті, ең маңызды емес. ол 
адамдардың өздері белгілеген құндылықтардың жасаушысы.
Адамдардың тағайындауы, мағынасы, оның өмір сүруін 
ақтауы – бұл құндылықтарды жасау, содан кейін оларға сәйкес 
өмір сүру. Адам мағына берген өмір мен өмір сүру бұл нағыз өмір, 
мағынасы бар өмір. Адам бәрінен бұрын құндылықтарды бағалай 
білгендіктен адам. міне неліктен ол өзін «адам», яғни бағалаушы 
деп атайды. Ницшенің ойынша субъект, яғни адам бір уақытта 
жасаушы және бағалаушы субъект. Ницшенің дәлелдеуінше 
«бағалау, яғни қастерлеу». Сонымен адам «қымбат, бағалы 
қазына», бағалы заттар құндылықтарын бағалайтын бағалаушы 
және жасаушы жан. Адам бағалы заттардың құндылықтарын 
бағалайды, сондықтан ол құндылықтарды жасаушы.
Ницшенің құндылықтар туралы түсінігімен ақиқат түсінігі 
тығыз байланысты немесе ақиқат сол өмір үшін құнды. оның 
пайымдауынша, адам әрі қарай жүру үшін өмірдің өсуі мен 
мықты болу және көтерілу үшін, өз өміріне ақиқат және бағалы 
бақылауларды өзі енгізуі тиіс деп есептейді. Ницше бойын-
ша ең басты қажетті сәт ретінде қажеттілік принципін, яғни 
өзінше құндылық принципін тану керек, қажеттілікке таным 
органдарының өсуі, дамуы тұрғысынан қарау керек.
Ницше адам тұрмысынан аластау өмірді барлық құн ды-
лықтардың соңғы негізі деп мойындауды жоюға тырысады. 
Құндылық – өмір заңдылығы болғандықтан, осылай есептеледі, 
адамның өмір құндылығы, адамның билікке деген еркінен 
білінеді. Билікке деген ерік өзіне-өзі адал, шыншыл, нағыз (билік 
етушілер моралі) немесе өтірік, ақиқат емес екіжүзді (құлдар 
моралі) қарым-қатынаста. Билікке деген ерік екі формадан: 


92 
биліктен және әлсіздіктен көрінеді. Билікке – қозғаушы күші, жеңе 
алмайтын қаһармандық инстинкті, жоғарғы витальдық, әлсіздікке 
– инстинктердің жоғалуы, сәттердің жоқтығы, анемия мінездер 
тән. Ницше еріктің және онымен бірге әлемнің жаңа жағынан 
көрінуін ұсынады, өз-өзінен негіз тапқан ерік, өзін-өзі көтеру, өзін-
өзі анықтауға, артықшылыққа, билікке ұмтылу. Қайта құрылған 
жаңа адам – жасаушы. Бұл Ницшенің айтуынша құндылықтардың 
жаңа жүйесін құруға қабілетті, үлкен ерікті көрсете білетін, жаңа 
әлем мен құндылықтар жасаушы нағыз адам. Ницше бұл жерде 
жаңа құндылықтар құру туралы айтып отыр. ол мәңгілік ескі 
құндылықтарды жаңамен ауыстыру еуропалық мәдениетті кри-
зистен шығару құралы деп ойлайды. Ғасырлар бойы жерленген, 
төменге құлдыраған діни моральдің абсолюттік құндылықтары 
жаңа, бірақ басқаша өте жақсы аспандық емес, жерлік өмірлік 
күшті құндылықтар қалпына келтіруі тиіс. Ницшенің ойынша 
ақиқат нағыз әлем, ол тек Жер шары ғана, ақиқат жер ғана, бірақ 
аспан, құдай абсолютті трансценденттік идеялар әлемі емес. 
олай болса жаңа құндылықтарды ол осы жерден, осы беттегі 
әлемнен нағыз өмірден табады. Құндылықтар адамға, субъектіге 
негізделеді. оның ойынша тек қана адам құндылықтарды жа-
саушы, негізін қалаушы, жақсылық пен зұлымдықты жасаушы. 
Құндылықтар көктен түсірілген жоқ, Тәңірден берілген жоқ, олар 
өзінен-өзі пайда болды, адам құндылықтарды заттарға берді. 
Құндылықтарды адам, субъект жасады, осылай заттар мен әлем 
құбылыстарына мағына бере отырып, өзіне-өзі мағына береді, 
өзінің мақсатымен тағайындалуын анықтайды. 
Бетбұрыс Еуропа философтарының түсінігінше, оның Ницше 
мәтіндерінде екінші рет тууы бірінші кезекте құндылықтардың 
білім алдындағы артықшылық идеясымен байланысты. Ницше 
философияны таным құралы емес, тіпті әлемге деген көзқарас та 
емес деп есептейді. ол өмір позициясын, әлем жобасын білдіреді. 
Барлық философияның екіойлылығы аксиология, онтология мен 
гнесеологияға тығылғанда көрінеді. Ницше нақты шешіммен 
құндылықтар философиясының негізін айтады. 
Ницшенің философиялық антропологиясында мақұлық пен 
жасаушы адам бойында бір-бірінен ажырағысыз біріккен. Жасау-
шы мақұлық материалдардан, сынықтардан әдемі бүтін дүние 


93 
жасайтын болғандықтан, мақұлыққа мұқтаж. Бірақ мақұлық та 
жасаушысын қажет етеді, себебі ол билікке баратын ерік. Билікке 
баратын ерік қаншалықты күшті және көрсете біледі, адам экзем-
пляры сонысымен ерекше. Бір сөзбен айтқанда адам перспекти-
валы, ол өсуге жаралған; бірақ алдын ала қойылған «не істегісі 
келеді», «қайда өседі» деген сұрақтарға жауап бере алатын адам 
бар деп айтуға болмайды. Себебі дәл адам безендірілмеген, 
аяқталмаған нәрсе өзін-өзі жасайды, ал философия – құн ды-
лықтар философиясы. Философия белгілі бір құндылықтар қа-
тарын анықтайды, Ницше айтқандай, «құндылықтар шегіндегі 
табельді ұсынады». Ницше құндылықтар құндылығы олардың 
өміршеңдігімен анықталады дейді. Ескі құндылықтар ережесі 
күйрегенде, шектелгенде ғана, жаңа құндылықтарға жол ашыла-
ды. Құндылықтар туралы сұрақ – оларды өз өмірлерімен бекітіп 
отырған адамдар туралы сұрақ. Өзіңді сақтау, өзіңді ашу – бұл 
өмір сүру құндылықтарының түрі. олар өлі объектілер форма-
сында, сонымен бүтін субъективті образдар формасында да өмір 
сүре алмайды. Құндылықтар адам өміріне бағыт, мағына бере 
отырып енгізілген. Құндылықтар адам құрылысын өзгертеді, 
ол жерде еңбекті бөлу болмайды, бұл жерде конструктор бір 
уақытта сынақшы болады. Нағыз философ ол ауырлықты сезеді, 
өмірде көптеген қиындықтарға ұшырайды, сынақтарды өткізеді, 
ылғи қауіп-қатерге ұшырайды. ол сұмдық ойын жүргізеді 
(Ницше, «жақсылық пен зұмдылықтың арғы беті». 2 томдық 
шығармалар жинағы, м.,1990 ж.). Нақты құндылықтарды қайта 
бағалау бағыты, оның ойынша дәуірлік моральдың күйреуімен 
анықталады. Бұл күйреу – қарама-қарсы заттарды бағалау, қайта 
бағалау, мәңгілік құндылықтарды бұру. 
Өз интуициясына сене отырып, өлімнің жоқтығын жоққа 
шығару. Ницше практикалық этиканың растығы арғы беттегі 
өлім үшін, әлем үшін «жақсылық» пен «зұлымдық» әдеттегі 
ориентирлері жұмыс істейді. Философ жаңа құндылықтар мо-
раль заңдарын жасауға талпынып көрді, адамдарға көмектесу, 
өмір жағдаяттарынан шығу, адам шешімсіз, шексіз дәлелмен 
бір кездері басынан өткізген уайыммен бетпе-бет қалғанда, 
өмір сүру үшін өзіңмен-өзің болғанда, тәңірлік, адамдық, бұл 
шексіз шеңберді бұзатын билік. Ницшенің этикасы – бұл өзін-


94 
өзі көрсетуге қабілетті күшті жеке тұлғалардың этикасы. Бұл 
ережелер адамдардың мәңгілік пен күресуіне және еріктік 
шексіздік сандар орнатуларына және жаңа құндылықтар жаса-
уына шығармашылықпен жұмыс істейді. м. Бубер байқағандай, 
Ницше үшін адам мәселесі – шегіне жеткен мәселе. 
Жексенбіге деген қуанышты, оптимистік сенім, мәңгілік 
өмір Ницше үшін тығырыққа тірелген қайта оралу тозағына ай-
налды. Ал жоғары адам концепциясы адамзат үшін толастамай-
тын оқиғалар мен шығатын мүмкіндігі болмайтын тұйықталған 
шеңбердің мәңгілік қайта оралу лабиринтіне ұқсайды. Тұйық-
талған шеңберді жеңу мүмкін емес, алайда шексіз хаоста мән-
мағына табуға болады. Бұл мағына – қайтадан ашық ақиқаттың 
жаңа өмірлік ережелерін жасау: адамдық типтің жүзеге асуы: 
ішкі қайратты тоқтаусыз өрістету, тұлғаны жоғарғы адам идеа-
лына жеткізетін рухани өмір құрылымын күрделілендіру мен 
тереңдету. 
Жоғары адам ерекше биологиялық түрге жатқызылып неме-
се жоғары кемел деңгейдегі адам түрі ретінде қарастырылады, 
қалай болғанда да, Ницше бойынша, кемелденуге жету жолында 
жоғары адамдық бастамаға адам өмірінің мәні үш мәрте транс-
формациялану қажет. «Үш кейіп өзгерту туралы» ойында Зара-
туштра жоғарғы адам идеалды типі қалыптасуының 3 сатысына 
сәйкес келетін адам рухының 3 кезеңі мен метаморфозаларын 
көрсетеді.
Алғашқы сатысында адам рухы мәнін жоғалтқан дәстүрлер 
мен өлі беделден тұратын жүк тиелген түйені рәміздейді.
Екінші сатысында – түйенің арыстанға айналуы – жоғары 
адамға айналу жолындағы барлық кісеннен арылып, «жаңа құн-
дылықтар» жасауда өзіне еркіндікті жаулап алады. осы тұстан 
жоғарғы адам кезеңіне өту басталады. Адам өзіне-өзі көңілі тол-
май, рақымшылдарының мырзасына айналуға тырыса бастайды. 
Заратуштра бұл қалыпты «ұлы ашылу сағаты» деп атайды.
Соңғы метаморфоза – арыстанның сәбиге айналуы – жоғары 
адам типінің пайда болуының жақсы этапы. Нәрестелік өмірдің 
бекітілуімен нышандалады: «Сәби пәктік, жаңа бастама, ойын, 
бастапқы қозғалыс, бекітілудің қасиетті сөзі» (Ницше Ф. осы-
лай Заратуштра пікір білдірген. м., 1990). Жоғары адам жолы-


95 
на түсуші адам өмірді бата бере отырып қабылдайды және осы 
тұрғыда дүниелік шындығын өтеуші саналады. Өмірді қабылдау 
мен ақтау – «туындаған жолдың» шығу пункті. Ницше моральдық 
нормалар адамның ішкі табиғатынан туындауы керектігін 
нақтылайды.
Ницше философиясының дұрыс түсінігі оның шығарма шы-
лығының толық мазмұнында ғана, оны өмір бойы рухтандыратын, 
мақсаттары айқындалған еңбектерін тану арқылы ғана мүмкін. 
осылайша, Ницшенің этикалық концепцияларында ол үшін за-
манауи мәдениеттің анық әрі жасырын тенденциялары көрініс 
тапты және философияның танымдық парадигмасы анықталған 
құнды позиция ретінде мазмұндалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет