Еңбек гигенасы Орындаған : Алешов Сәтжан Тобы : бждк-214



бет1/3
Дата14.10.2022
өлшемі83,44 Kb.
#43000
  1   2   3

Еңбек гигенасы

Орындаған : Алешов Сәтжан

Тобы : БЖДк-214

Тексерген : Кыздарбекова Ш.С

Кіріспе:

Еңбек гигиенасы - еңбек жағдайларының гигиеналық әсерлерін, және жұмыскерлердің жұмысқа қабілеттілігі мен денсаулығына әсерін, сонымен қатар еңбек жағдайларының жағымсыз әсерлерін ескертудің тәжірибелік шараларын және ғылыми негіздерін өңдейтін ғылым.

Еңбек гигиенасының негізгі мазмұны болып созылмалы сырқаттардың үдеуін, жұмыскерлердің еңбек ету жағдайында жарақаттанулар мен олардың асқынуларын, жарақаттану және сырқаттарды медициналық алдын-алу болып табылады.

  • Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағында «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп жарияланған. Мемлекет адамның өмірі мен денсаулығының ең жоғарғы құндылық екенін танып отыр. Қоғамдық өмірдің қандай саласында болмасын, адамның өмір сүруге және денсаулыққа құқығы мемлекет тарапынан қорғауға алынған. Конституцияның 24-бабының 2-бөлігіне сәйкес әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талптарына сай еңбек ету жағдайларына құқығы бар. Аталған норма қызметкердің еңбегінің қорғалатынын жариялап, оған кепілдік беріп отыр.
  • Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңының 7-бабы 1-бөлігінің 3-тармағына сәйкес, қызметкердің қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқығы бар. Бұл құқықты Қазақстан Республикасының «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Заңы да жариялап отыр. Яғни, аталған заңның 17-бабының 1-тармақшасына сәйкес, қызметкердің еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға құқығы бар делінген.
  • Еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі мәселені шешкенде кешенді амалдар қолдану қажет. Яғни, мемлекеттік бағдарламалар базасында еңбекті қорғау мәселелерін кешенді түрде шешу секілді еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың қағидасы жүзеге асатындай қызмет етуі керек.
  • Өндірісте сау және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау мақсатымен заңдылық, құқықтық, техникалық, экономикалық және ұйымдастырушылық шараларын реттеуші көптеген құжаттар дәрістеелген.
  • Маңызды заңдылық құжаттарының бірі болып 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы саналады. Оның 24 тармағына сәйкес азамат ерікті еңбегіне, қызмет пен мамандықты ерікті таңдауына, қауіпсіз және гигиенаның талаптарына сай келетін еңбек жағдайына және демалысына құқысы бар, ал 29 тармағына сәйкес – денсаулығын қорғауына құқысы бар.
  • ҚР Конституциясының 31 тармағы қоршаған ортаны қорғау, оны адамның жағымды тіршіліг мен денсаулығы үшін сақтау жағымды мақсатын қояды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет