Еңбек гигиенасы, кәсіби гигиена еңбек процестерінің және айналадағы өндірістік ортаның



Pdf көрінісі
Дата25.11.2023
өлшемі66,53 Kb.
#126277


Еңбек гигиенасы, кәсіби гигиена – еңбек процестерінің және айналадағы өндірістік ортаның 
адам организміне тигізетін әсерін зерттейтін, еңбек етуге қолайлы жағдай туғызу, кәсіби 
ауруларға жол бермеу шаралары мен гигиеналық нормативтер іздестіретін ғылым, гигиена 
саласы.
Еңбек гигиенасының негізгі бағыты: еңбекті қорғау мәселелерін Қазақстанда шаруашылық 
және кәсіподақ органдары медицина мекемелерімен бірлесе отырып, еңбек туралы заңға 
сәйкес комплексті түрде шешу. Өнеркәсіп орындарында жұмысшылардың денсаулығын 
медициналық санитариялық бөлімдер, сауықтыру пункттері, фельдшерлік-акушерлік пункттер 
қадағалап отырады. Сонымен еңбек гигиенасының негізгі міндеті – адам организміне әсер 
ететін қолайсыз еңбек жағдайларына сапа мен сан мөлшерінде баға беру, соның негізінде 
нақтылы алдын алу шараларын өңдеу. Оның негізгі бағыттары: көмір, тау-кен, металлургия, 
химия өнеркәсіптерінде, Қазақстан халық шаруашылығының басқа салаларында еңбек ету 
жағдайларын жақсарту, айналадағы табиғатты қорғау, адам физиологиясын еңбек түрлерімен 
байланыстыра зерттеу, кәсіби ауруларды анықтау, науқас адамдарды медициналық тұрғыдан 
сауықтырып, еңбекке жарамды ету. Жаңадан ұсынылған технологиялық процестер мен 
жабдықтарды, аспап құралдарды, жаңа химиялық қосылыстарды гигиеналық, технологиялық 
тұрғыдан бағалау.
Еңбек гигиенасы жұмысшылардың еңбек ету жағдайларын зерттейді және оларға өндірістік 
факторлардың тигізетін әсерін анықтайды.
Еңбек гигиенасы шешетін басты мәселелер:
1. Еңбек гигиенасы жұмысшылардың жұмыс жағдайларын жақсарту үшін гигиеналық 
нормативтерді негіздейді.
2. Өнеркәсіп мекемелерінің құрылысын салуға қажетті санитарлық ережелерді шығарады.
3. Жұмыс орындарын тиімді пайдалану, еңбек процестерін ұйымдастыру және еңбек пен 
демалыс тәртібінің сақталуын қадағалайды.
4. Салынып жатқан өнеркәсіп орындарында, ауылшаруашылық зерзаттарында санитарлық 
сақтық қадағалау жүргізу.
Сонымен қатар денсаулық сақтау, сауықтыру шараларының тиімділігіне баға беру еңбек 
гигиенасының негізгі мәселелерінің бірі. 
Еңбек гигиенасы 2 бөлімге бөлінеді: жалпы және жеке еңбек гигиенасы.
Жалпы еңбек гигиенасы өндірістің барлық саласына тән физикалық факторлардың, шаңның, 
токсикалық заттардың әсер ету заңдылықтарын зерттейді. Жақын арада шешімді талап ететін 
сұрақтар тізімі:
- өндірістік желдету мен газдардан тазарту және өндірістік тастамаларды зарарсыздандыру 
әдістерінің тиімділігі;
- өндірістің санитарлы жағдайына әсер ететін өндірістік құрылыс факторларын зерттеу;
- мекеменің ауа бассейнінің гигиеналық сұрақтары (құрылыс тығыздығын, ғимараттардың 
арасындағы үзіліс өлшемдерін негіздеу);


- радиотехника, электроника, электровакуумды, жартылай өткізгішті өндірістің дамуына 
байланысты жаңа жарық көздеріне қойылатын талаптарды құрастырады;
- жоғары бірлікті қуатты агрегаттарды (мысалы, қуатты электр пешінде 100 – 200 т болатты алу) 
қолданумен байланысты жаңа эргономикалық сұрақтар дамиды;
- ауылдық жерлердің жалпы гигиеналық проблемасы пестицидтердің зиянды әсерінің алдын 
алу.
Жеке еңбек гигиенасы ТМД-да жақсы дамуда. Жеке еңбек гигиенасы ауыл шаруашылығының 
жеке салаларындағы еңбек жағдайын, жеке мамандықтардың еңбек гигиенасын (еңбек 
сипаты, зияндылықтар, шаң, шу, химиялық заттар, еңбек тәртібі ж.б.) зерттейді. Жеке еңбек 
гигиенасының міндеті кәсіптік зияндылықтардың денсаулыққа және жұмыс қабілеттілігіне 
кешенді әсерін зерттеу және оларды болдырмау шараларының жүйесін құрастыру.
Жалпы және жеке еңбек гигиенасының жетістіктерінің негізінде жалпы мемлекеттік өндірістік-
санитарлы заңдылықтар, өндірістік мекемелерді жоспарлаудың санитарлы нормалары 
құрастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет