ЕҢБЕК МИГРАЦИЯСЫНЫҢ КРИМИНАЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
МӘСЕЛЕСІ
Даурембеков Е.К.
Л.Н. Гумилёв атындағы ЕҰУ-нің
«Заңтану» мамандығының 1 курс студенті
Қазақстандағы XXғ. соңы - XXIғ. басындағы болған әлеуметтік-
экономикалық және саяси процесстер, еліміздің жағдайын радикалды түрде
ӛзгертіп жіберді. Қазақстан тәуелсіздікті алғаннан бері, халықаралық-
құқықтық
қатынастарды динамикалық
түрде
дамытып, мемлекет
шекарамызды бекітіп, оның заңды реттелуі, еңбек миграция процессін
қарқынды түрде активизациялануына әкелді.
Мемлекеттің миграциялық процестерге қатысты ӛзінің нормативтік-
құқықтық базаны қалыптастыру мен жетілдіруге байланысты, ҚР
Конституцияның 12-бабының 4-тармағы негізінен, 1997 жылы 12
желтоқсанда қабылданған «Халықтың кӛші-қоны туралы» ҚР Заңы,
«Босқындардың мәртебесі туралы» 1951 жылғы 28 шілдедегі Конвенцияның
және
Қазақстан
Республикасы
1998
жылғы
15
желтоқсанда
ратификацияланған босқындардың мәртебесіне қатысты 1967 жылғы 31
қаңтардағы Хаттамада халықтың кӛші-қонын реттеудің құқықтық негізі
қаланды.
Қазақстанға кӛшіп-қонушылардың құқықтарын қамтамасыз ету жӛніндегі
бірқатар бағдарламалық құжаттар қабылданды. Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 5 қыркүйектегі және 2001 жылғы 29 қазандағы
қаулыларымен тиісінше ҚР Кӛші-қоны саясаты тұжырымдамасы және
Қазақстан Республикасының 2001-2010 жылдарға арналған кӛші-қоны
саясатының салалық бағдарламасы бекітілді.
Шетелден келетін мигранттардың біздің елімізге барлық жағынан ықпал
етеді. Бұл тұрғын халықтың демографиялық жағдайына, оның ішінде салт-
дәстүр мен тілге, халықтың этномәдени бірегейлігінің сақталуына қатты әсер
етеді.
Астана қаласының инфрақұрылымы, оның әкімшілік-саяси және
экономикалық-географиялық құрылымы ерекше маңызға ие қала, мұнда
басқа қалалармен салыстырғанда келіп-кетушілер әлде-қайда жоғары. Астана
қаласына келген барлық мигранттардың категориясы, бірінші тәулік
ӛткеннен бастап қылмысқа деген белсенділігі арта түседі. Олар тарапынан
террористік не экстримистік қылмыстар жасалуы мүмкін, негізінен
жасалатын қылмыстар ішінен адам ӛлтіру, ұрлық, тонау, есірткі заттарды
немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау,
тасымалдау, жӛнелту немесе сату және т.б. сияқты қылмыстар жасалады.
Сонда келген күнінде, мигранттардың қылмыстық жауапқа 73%-ы
тартылса, ал екінші тәуліктен кейін 2,7%-ы, 2%-дай тӛрт, не алты тәуліктен
кейін жауапқа тартылған екен. Елордамызда жүргізілген зерттеу анализіне
сәйкес, 30,6%-дай мигранттардың жасаған қылмыстардың кӛлемі мен
сипатын құраған. Оның орташа ауырлықтағы қылмыстары- 18,7%-ы, ал
11,7%- ауыр қылмыстарға, 11,2%- аса ауыр қылмыстарды жасаған үшін
қылмыстық жауапқа тартылған болатын [1, 18 б.].
ТМД елдерінен елордамызға келетін еңбек мигранттардың негізгі күшін-
ӛзбектер, қырғыздар, тәжіктер, түріктер және қытай ұлтының азаматтары
құрайды. Олардың еңбекке деген қабілеттігін жас мӛлшерін анықтайтын
болсақ, ер адамдардың – 18 жастан 59 жасқа дейін, ал әйел адамдар ішінен –
20 жастан 47 жас мӛлшер аралықты құрайды.
Кӛбінесе, еңбек мигранттары кӛктем-жаз айлар мезгілдерінде 3 айдан 6
айға дейін пайда табу мақсатында жұмыс істеуге келеді. Астана қаласында
бұл айлар ішінде қылмыстар санының ӛсуі, қаладағы криминологиялық
жағдайына қатты әсер етеді. Сонда еңбек мигранттардың, тұрғылықты
жерінен басқа жерге еңбек етуінің кетуіне себеп болғаны: ол ӛз елдің
ішіндегі жұмыссыздық мәселесі, халықтың әлеуметтік жағдайының
тӛмендігі, экономикалық саласында мемлекет бюджетінің қаражат
айналымының тӛмендеуі, осының барлығы басқа елге пайда табу
мақсатымен кетуге итермелейді.
Қазақстан жағынан шақырған азаматының, яғни жұмыс берушінің
шақыруы бойынша келген жұмысшы еңбек мигранты жұмысқа келу
мақсатымен, мемлекеттік тіркеу органынан жұмыс істеуге арнайы рұқсат
қағазын алып, бірақ оның жалпы әрекет ету мерзімі 1 жылға ғана берілуі
мүмкін. Құрылыс саласында еңбек етіп жүрген мигранттары, біздің заңды
тұлғалар және жеке кәсіптік саласында әрекет етіп жүрген жұмыс берушілер
үшін тиімді, себебі жұмысшы еңбек мигрантына тӛмен жалақысын тӛлеу
және оларға қара жұмысын істету, не олардың еңбекке деген ынтасы
жоғарлығы тартымды. Бірақ келуші еңбек мигранттарының оқыған кәсіптік
білімнің болмауы, олардың істеп жатқан жұмыстың сапасының тӛмендігі
әлеуметтік-экономикалық саласына теріс ықпал етеді. Бұл кезде жұмсалған
барлық қаражаттың босқа кеткені деген сӛз.
Елімізге келетін бүкіл еңбек мигранттардың кӛлемін реттемесек, алдағы 3-
5 жылдар ішінде еңбек нарығында жергілікті тұрғын халықтың арасынан
жұмыссыздық мәселесін туғызады. Мысалы, жұмыс болмау салдарынан ол
маскүнемдік, отбасы ішіндегі жанжалдар, нашақорлық, әйелдердің
жезӛкшелікпен айналысу тенденцияның жоғарлануы жалпы халықтың
моральдық деградацияға ұшырауы байқалады. Сол себепті, Қазақстанға
келетін жұмысшы күшін реттеп, тек қана қажетті кәсіптік саласының
мамандарды санаулы түрде шақыруымыз қажет. Бұл мәселені тудырмау
үшін, мемлекеттік органдары және әлеуметтік саласының мамандары әрбір
квартал сайын кӛшіп-қонып жүрген еңбек мигранттарына мониторинг
жүргізіп бақылауы тиіс.
Келуші әртүрлі мигранттар контингенті, сол қаланың немесе ауданның
криминологиялық ахуалына ықпал етеді. Мысалы, Астана қаласының
базарына, дүкендерге коммерциялық тұрғыда еңбек етуге келген сауда
мигранттары, әр түрлі заттарды, бұйымдарды, киім-кешекті, тағам ӛнімдерін
және заңмен тиым салған дискілер және т.б. заттарды әкеліп сатуда. Олар
Қытайдан, Қырғызстан, Ӛзбекістаннан арзан бағаға сапасыз заттарды кӛлікке
жүк артуы арқылы не экономикалық контрабанда түрінде тасымалдайды.
Елордамыздың сауда нарығындағы сапасы жағынан емес, саны жағынан
кӛбейіп жатқан коммерциялық айналымда жүрген сауда мигранттардың
тауарлары шектен шығуына байланысты, жергілікті тауар ӛндірушілерге
сенімді бәсеке болуда. Сондықтан, коммерциялық айналымнан түскен пайда
қаржының барлығы, кең кӛлемде басқа шет елдердің қаржылық бюджетінің
қорына түсуде. Мұның барлығына экономикалық базисына мониторинг
жасап бақылауды жүргізбесек, бұл жергілікті әлеуметтік-экономикалық,
қаржы айналым жүйесінің қызмет етуін нашарлатып, аймақтық саяси және
экономикалық қауіпсіздігіне қауіп тӛндіруі мүмкін.
Тауар не ақша айналымы, сауда мигранттардың тауар әкелу жолы
бойында немесе келген жергілікті пункті бойынша, оларға қарсы шабуыл
жасауға тұрақты жергілікті бандалық топтар құрылады. Бұл кезде сауда
мигранттары ӛздері қылмыстың құрбаны болады.
Құрылған тұрақты бандалық топтар, қару-жарақты пайдалануымен
қылмыс әрекетін жүзеге асыру барысында сауда мигранттардың тауарға ғана
емес, сонымен бірге олардың ӛміріне, денсаулығына, бостандығына дейін
қастандық жасалады. Олар тарапынан қарақшылық, тонау, қорқытып
алушылық, адам ӛлтіру, адамды кепілге алу, зорлау және т.б. қылмыстар
түрлері жасалады. Кӛбінесе, бұл қылмыстар латентті болып кӛрінеді. Себебі,
сауда мигранттарының тауарлары заңсыз болғандықтан, қайтадан ӛзіне қауіп
тӛндіруден қорқыныш сезімімен құқық қорғау органдарына хабарламайды.
Сондықтан, бұл қылмыстар ӛзінің реті бойынша интерференциялық тұрғыда
қайталана береді.
Ӛкінішке орай, құқық қорғау органдарына бұл қылмыс түрлерімен
күресуге күрделі. Себебі біріншіден, қылмыстан құрбан болған
жәбірленушіні табуға қиын, екіншіден, оның айыпталушыға қарсы
айғақтарды алуға мүмкіндігі тӛмен. Сондықтан тәжірибеде, тергеудің
процессуалдық
әрекетін
жүргізгенде
қылмыс
құрамын
анықтау,
профилактикалық әрекеттерді жүргізуге қиынға соғады.
Бүгінде қаланың ішінде жүрген босқындар, оңтүстік жағынан ӛтіп, не
қашып келген заңсыз мигранттардың кӛлемі артып жатыр. Осы заңсыз
жүрген мигранттардың келіп-кетушілер арасынан криминологиялық
қауіптілігі жағынан бірінші орында. Себебі, бұл ӛз елінде аса ауыр қылмыс
жасаған, не түзеу мекемесінен қашып келген аса қауіпті тұлға болуы мүмкін.
Заңсыз мигранттар ӛзіне пайдалану үшін есірткі заттарды, суық қару-
жарақтарды дайындап немесе ӛзімен бірге алып келуі, тұрғын халық үшін
қауіптілігі мол. Еңбек және заңсыз қашып жүрген мигранттардың қылмыс
жасауына түрткі болған басты мотиві болып, бұл жұмыс берушінің айлық
ақысын тӛлемеуі, жұмысшының тұрғылықты жерінің әлеуметтік нормалар
талаптарына сай болмауы, қоғамның теріс кӛзқарасы, маскүнемдік пен
нашақорлық, бұрын жасалған қылмысының жалғасуы және суық қаруды
иеленуі, осының барлығы жаңа қылмыстарды жасауға алып келеді.
Қалаға келген сәтінен бастап, мигрантардың тұрғылықты тұрақталуға
немесе жұмыс орынды табу кезінде арнайы қиындықтар кездеседі. Еңбек
мақсатымен келген мигранттардың ішінен әйелдерге жұмыс орнын таба
алмау әсерінен, кӛбінесе жезӛкшелікпен айналысады. Оның қоғамға деген
қауіптілігі, бұл денісау адамды соз ауруын, адамның иммун тапшылығын
вирусын жұқтыруы және т.б. түрлі ауруларды таратады. Ӛкінішке орай,
жезӛкшелермен күресу нәтижесіз болып отыр. Оларға қарсы қылмыстық
заңда жезӛкшелікпен айналысқаны үшін қылмыстық жауаптылық
кӛзделмеген.
Заңсыз жүрген мигранттарды депортациялау, яғни ӛз еліне қайтару үлкен
мәселе. Алайда құқық қорғау органдары мигранттың ӛзінің қаражатына
шығару процесін жүргізеді, ал егер де ӛзінің қаражаты болмаса, соттың
шешімі бойынша мемлекет бюджетінен бӛлінген қаражаттың есебінен
депортацияланады.
Қазіргі кезде, заңсыз жүрген мигранттармен күресу бір жолы ретінде
жедел профилактикалық іс-шараны ӛткізу болып табылады. Олардың заң
бұзу фактілерін анықтау мақсатында, құқық қорғау органдары арнайы
операцияларды жүргізеді. Оларды атап ӛтетін болсақ, «Мигрант», «Нелегал»,
«Бейшара» және т.б. жедел профилактикалық іс-шарасы тұрақты түрде
жүргізіледі.
Жедел профилактикалық іс-шарасын ӛткізу нәтижелі болып отыр,
мигранттардың жасаған қылмыстардың үлес салмағы барлық тіркелген
жалпы қылмыс санының 0,9-дан 1,5%-ке дейінгі пайызын, 2005 жылы - 2127
қылмыс немесе 0,9%; 2006 жылы - 2329 қылмыс, 1,0%; 2007 жылы – 1292
қылмыс, 1,0%; 2008 жылы – 1593 қылмыс, 1,6%-зын құраған. Кӛрсетілген
статистиканың тенденциясын бақылайтын болсақ, оның тӛмендегенін
байқаймыз [2, 26-бет].
Жоғарыда кӛрсетілгендей, тіркелген қылмыс саны бұл негізінен
статистикалық кӛрсеткіштің белгісі. Мигранттардың жасаған барлық
қылмыстарды есепке алу мүмкін емес, сондықтан қылмыстар латентті болып
есептеледі. Себебі, құқық қорғау органдарына заңсыз жүрген мигранттарды
не босқындарды тұрғылықты жері бойынша іздеу салуға ӛте қиын, әрі
материалдық шығын. Ӛйткені олар тіркеу кезінде бір мекен-жайын кӛрсетіп
тіркеледі, ал кейіннен кез-келген жерге ауыстыра салады. Әлеуметтік салада
тұрғын халықтың виктимологиясын зерттегенде, яғни мигранттардың
жасаған қылмысынан зардап шеккендерін анықтағанда, қоғамда анкеталық
сұрау салып анализді жүргізсек, бұл статистикалық кӛрсеткіштен әлде қайда
жоғары болып кӛрінеді.
Жүргізілген зерттеу жұмысымды қорытындылай келе, миграциялық
процесстерді реттеуіндегі бүгінгі криминологиялық жағдаймен
күресу үшін мынадай бағытты ұстану қажет:
а) миграциялық процесстерді жетілдіру мақсатында, қазіргі
қоғамдық талаптарына сай заңнама саласына интеграцияны жүргізу;
ә) мемлекеттік не қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында, мемлекеттік
органдары және әлеуметтік саласының мамандары кӛшіп-қонып жүрген
әртүрлі мигранттар контингентіне әрбір квартал сайын мониторингтік
зерттеу жұмыстарын жүргізу;
б) кӛшіп-қонып жүрген уақытша мигранттар туралы ақпаратты құқық қорғау
органдарының тӛменгі сатысында тұрған участковый инспекторға дейін
жеткізу;
в) ұйымның үй жайлары мен құрылыста жұмыс істеп жатқан еңбек
мигранттардың саны мен тіркеу мерзімдері жайлы әкімшілік ӛкілдерінің
құқық қорғау органдарына хабарлауы қажет.
Қазіргі кездегі қоғамдық талаптарына сай, миграциялық процесстерді
реттеуіндегі заңнама жүйесіне түзетулерді енгізу алдында, біз мемлекеттің
әлеуметтік-экономикалық ресурстарды дамытуымыз қажет. Ӛйткені, бұл
кӛрсетілген ресурстар дамымаса, заңнаманың функционалдық реттелуі тӛмен
болады.
Алдағы тұрған 5 жыл ішінде, біз миграциялық процестерді реттеуіндегі
заңды бұзып жүрген мигранттарға қарсы күресімізді, кешенді түрде жедел
профилактикалық іс-шараларды жүргізуіміз қажет. Сол арқылы миграциялық
саясатқа және ел ішіндегі криминологиялық жағдайға ықпал жасап,
мемлекеттік қауіпсіздігімізді және әлеуметтік саланың мәселелерімен күресе
аламыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Фемида
№6
(150)Профилактические
меры
миграционной
преступности.2008г.18стр.
2.
2.Казахстанская полиция №04 (140) Апрель, 2009г., ежемесячный журнал МВД РК.
26 стр.
Достарыңызбен бөлісу: |