Еңбек шарты Жосалы кенті "20" қазан 2022 жыл



бет45/47
Дата12.01.2023
өлшемі114,67 Kb.
#61105
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
5. ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ
5.1. Жұмыскерге Жұмыс беруші бекіткен сметаға сәйкес, айына, медициналық сақтандыру, зейнетақы қорына, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша алымдары шегеріліп, жұмыс уақытын есепке алу табелінің негізінде есептеліп жалақы төленеді.
5.2. Жалақы ақшалай нысанда айына кемінде бір рет, еңбек міндеттерін толықтай жүзеге асырып болғаннан кейін, бірақ еңбек шартының күші тоқтаған күннен бес күннен кешіктірілмей төленеді.
5.3. Жұмыс берушінің кінәсінен жұмыс тоқтаған жағдайда Жұмыскерге тоқтап тұрған уақыт ақысы Жұмыскердің орташа жалақысының 50%-ы мөлшерінде төленеді.
5.4. Жұмыс беруші жұмыскерге тиісті кезең ішінде оған тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша немесе электрондық нысанда ай сайын хабарлауға міндетті.
6. КЕПІЛДІКТЕР МЕН ӨТЕМАҚЫЛАР
6.1. Донор болып табылатын жұмыскердің тексерілу және қан беру уақытында жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады.
6.2. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жұмыскер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындауға тартылған уақытта оларды жұмыс орнын (лауазымын) сақтай отырып, еңбек міндеттерін орындаудан босатады.
7. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
7.1. Тараптар осы Шарт шарттарының бұзылғаны үшін осы Шартта және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында қарастырылған жағдайларда жауап береді.
7.2. Жұмыскердің тәртіптік теріс қылығы үшін Жұмыс беруші оған келесі: ескерту; сөгіс; қатаң сөгіс; Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу сияқты тәртіптік жазаларды қолдануға құқығы бар.
7.3.Жұмыскердің Жұмыс берушінің мүлкін жоғалту немесе бүлдіру арқылы келтірілген залал үшін, жұмыскердің әрекеті (әрекетсіздігі) нәтижесінде туындаған залал үшін, оның ішінде құпия ақпаратты жариялағаны үшін материалдық жауаптылықта болады.
7.4. Жұмыс беруші жұмыскер алдында:
7.4.1.жұмыскерді өз жұмыс орнында еңбек ету мүмкіндігінен заңсыз айыру арқылы келтірілген залал үшін;
7.4.2.жұмыскердің мүлкіне келтірілген залал үшін;
7.4.3.жұмыскердің өміріне және (немесе) денсаулығына келтірілген зиян үшін материалдық жауаптылықта болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет