Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі ортақ болып саналады. Қаражат жеке шоттарда жиналмайды. Барлық жарна мен аударым ҚР Ұлттық Банкіндегі арнайы шотқа түседі
Байланысты: Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі ортақ болып саналады
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі ортақ болып саналады. Қаражат жеке шоттарда жиналмайды. Барлық жарна мен аударым ҚР Ұлттық Банкіндегі арнайы шотқа түседі. Сол жерден олар жүйенің барлық қатысушысына көрсетілген медициналық сақтандыру тізіміне енетін медициналық қызметтердің ақысын төлеу үшін медициналық ұйымдарға жіберіледі.
Бұл пациент алатын медициналық көмек көлемін шектемеуге мүмкіндік береді. Яғни, әрбір сақтандырылған азамат өз жарнасының мөлшеріне қарамастан, медициналық қызметтерді толық көлемде уақытылы алуға құқылы.
Сақтандырылғаны туралы мәртебені сақтау үшін айына ең аз дегенде 3000 теңге төлей отырып, пациент тексерістен өту, ота жасату, оңалту секілді емдеу түрлерінің барлық қажетті көлемін ала алады. Бұл ретте ол алған медициналық қызметтер үшін өз қалтасынан қосымша ақы төлемейді.