Дүниетану сабағы. Оқу жұмысын ұйымдастыру. Сабақ типтері. Сыныптан тыс жұмыстар
Дүниетану - адам, табиғат және қоғам, олардың өзара байланысы мен тәуелділігі жөніндегі білім жүйесін құрайтын кіріктірілген пән. Оқу пәнінің нысаны – адам, табиғат және қоғам, оның ішінде отбасы, мәдениет, денсаулық, қарым-қатынас, ұлт, қауымдастық, мемлекет, қоршаған табиғи орта және т.б.
Дүниетану пәнін оқу жұмысын ұйымдастыру формасы Дүниетану сабағында мұғалімнің басшылығымен жүйелі түрде мемлекеттік бағдарламаға сай біртіндеп теориялық біліммен практикалық бастамалары қолданылады.
Сабақтың түрлері мен оның құрылымы сабақты жетілдіру жолындағы маңызды проблемалардың бірі. Әсіресе сабақтарды топтастыру туралы әртүрлі көзқарастар бар. Қазіргі кездегі дидактикада сабақтарды топтастыру мынадай белгілерге негізделед, оқыту мен нақты сабақтың мақсат –міндеттері және сабақтың кезеңдері – құрылымды бөліктері.
Осыған орай сабақтардың мынадай негізгі типтеріне, түрлеріне ажыратуға болады.
Жаңа білімді хабарлау сабақтары.
Жинақтау және қайталау сабақтары.
Білік пен дағдыларды қалыптастыру сабақтары.
Білімді тексеру, бақылау сабақтары.
Аралас сабақтар.
Сыныптан тыс ұйымдастырылатын оқу түрлері оқушыларға білім және тәрбие беруде үлкен маңызға ие. Бұл оқу үрдісінде балаларға қосымша білім және тәрбие беретін оқу түрі болып есептелінеді, бірақ міндетті бағдарлама талап етілмейді.
Сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыс түрлері оқушыларға табиғаттың құпия сырларына қаныға түсуге айқара жол ашады, құштарлығы оянады, өз беттерімен жұмыс жасауға белсенділігі артады, білімдері тереңдейді. Сыныптан тыс жұмыстар барысында бала бойында жауапкершілік, тәрбиенің басқа да түрлі қырларының қалыптасуы жүзеге асады.
Математикалық есеп
Шешуі: 36-28=8
240:8=30
30*36=1080
30*28=840
Жауабы: Үлкен залда 1080 орын, кіші залда 840 орын бар.