Еңбек тәрбиесі. Міндеттері. Мазмұны. Жүйесі. Оқушыларға кәсіптік бағдар беру. Маңызы. ҚР «Еңбек туралы»


Қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы. Әдістемесі



бет5/5
Дата28.09.2022
өлшемі253,29 Kb.
#40606
1   2   3   4   5
Байланысты:
7-8-9 билет новыйы

2.Қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы. Әдістемесі.
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев жариялаған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақалада қоғамдық сананы жаңғыртудың нақты бағыттары айқындалған, онда қазақстандық қоғамның дамуының бірегей беталысы көрініс тапқан.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия құрылды. Елбасы бастамаларын жүзеге асыру бойынша ауқымды ақпараттық-имидждік жұмыс жоспары бекітілді, өңірлік жоспарларды іске асыру мақсатында жобалық офистер құрылды. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, аударма бюросының жұмысы ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 6 бағыт бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде.
3.«Математика» пәні бойынша «Екі амалды өрнектер» тақырыбына тапсырма құру және тапсырмаға дискриптор құрастыру.
Ой қозғау.
— Қоғамдық көлікке мініп көрдің бе?
— Автобус қайда тоқтады?
— Аялдамада не болады?
— Автобустағы жолаушылардың саны аялдамаға келгенде өзгере ме? Неге?
Дескриптор: білім алушы

  • Автобустың қайда тоқтайтынын айта алады.

  • Автобустағы жолаушылардың саны аялдамаға келгенде өзгеретінін айта алады.

Тапсырма
Автобусқа алдымен 3 жолаушы, содан кейін тағы 4 жолаушы кірді. Егер алғашында жолаушы саны 9 болса, енді автобуста неше болды? Екі амалды өрнек құрастырып, оның мәнін тап.
Дескриптор: білім алушы

  • Екі амалды өрнек құрастырып, оның мәнін таба алады.

  • Автобуста неше жолаушы болғанын таба алады.

«Сиқырлы қар қиыршығы» ойыны
Нүктелері бар текшені ал. Текшені лақтырғанда жоғары жағына түскен нүктелер санын мысалдағы қар қиыршығының орнына қой. Алынған өрнектің мәнін тап. Сен неше мысал құрастырдың?
20- 1 - 3═16 20-2-3 ═15
Дескриптор: білім алушы

  • Текшедегі нүктелер санын атай алады.

-Сандардан өрнек құрастыра алады.
Шығарып көр.
Мысалдарды шеш. Жауаптарын өсу ретімен орналастыр. Жауаптарына сәйкес келетін әріптермен сөз құрастыр. Қандай сөз шықты?
10+0+6═ ? Т 40-30+3═? Ң 40+0-20═? Р
20-1-10═? Қ 100-80-1═? А 19-8+0═? А
ҚАҢТАР
Дескриптор: білім алушы

  • Мысалдың мәнін таба алады.

  • Адасқан әріптерден сөз құрастыра алады.


Дескриптор: білім алушы

  • Амалдардың орындалу ретімен мысалдардың мәнін таба алады.

-Қорытынды жасай алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет