Еңбек тәрбиесі. Міндеттері. Мазмұны. Жүйесі. Оқушыларға кәсіптік бағдар беру. Маңызы. ҚР «Еңбек туралы»



бет1/5
Дата28.09.2022
өлшемі253,29 Kb.
#40606
  1   2   3   4   5
Байланысты:
7-8-9 билет новыйы


7 билет

  1. Еңбек тәрбиесі. Міндеттері. Мазмұны. Жүйесі. Оқушыларға кәсіптік бағдар беру. Маңызы. ҚР «Еңбек туралы» Заңы

Мектепте еңбекке тәрбиелеу - тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, мектеп оқушыларының қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудық негізгі көзі болып табылады, осымен қатар мұны еңбек тәрбиесінің мақсаты деп түсінуіміз қажет.
Еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты - жас жеткіншектерге еңбек туралы тәрбие беру және жеке адамды жан-жақты дамыту.
Еңбек тәрбиесінің мақсаты еңбекке даярлау ғана емес, сонымен қатар жас жеткіншектерді біліммен, іскерлікпен және дағдымен мен қаруландыру қабілеттілігін дамыту, мамандық таңдауға көмек беру болып табылады.
Еңбекке тәрбиелеудің міндеттері:
• Еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау.
• Оқушыларды халық шаруашылығы салаларындағы еңбектің түрлерімен таныстыру, еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру.
• Мамандықты таңдауға дайындау.
Еңбек тәрбиесінің мазмұны және жүйесі
Оқу барысындағы еңбек. Сабақ барысында еңбек дағдылары, іскерлік, төзімділік қалыптасып, кейін жаппай еңбек іс-әрекеті түрінде байқалады.Еңбек тәрбиесі үшін еңбек сабағы өте маңызды, онда оқушылар еңбек дағдыларына үйренеді, техникалық білімді игереді.
Кәсіптік бағдар беру жұмысының жүйесі
Кәсіптік бағдар беру дегеніміз - педагогтардың, психологтардың, дәрігерлердің және басқа да қызметкерлердің қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесуде, мақсатты істелетін жұмыс.
Мамандық туралы жеткіліксіз білу - мамандық таңдауда кездейсоқтыққа әкеліп соңтырады. Мамандық таңдауда қателесу сайып келгенде, таңдаған мамандығын жек көріп, жұмыс орнын жиі өзгертуге себепші болады.
Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері төмендегідей:
• Оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру.
• Кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту мақсатында оқушылардың дара ерекшеліктерін зерттеу.
• Мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу.
• Оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу.
Кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрамды бөліктеріне (компоненттерге), кәсіптік ақпарат, кәсіптік ағарту жұмысы, кәсіптік ақыл-кеңес және кәсіптік іріктеу (профотбор), кәсіптік бейімделу жатады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет