Еңбекті қорғау


Агрессивті заттардың көзге түсуі



бет15/62
Дата19.05.2023
өлшемі1,15 Mb.
#95245
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   62
Байланысты:
treatise36891

Агрессивті заттардың көзге түсуі. 10-15 минут бойы көзді душ көмегімен көзді жуу қажет. Сумен жуған кезді көз барынша ашық ұстау керек. Көзге қышқыл тиген кезде су соңынан 2% натрийдің бикорбанаты ерітіндісімен жуады. Қатты ауырған жағдайда 1-2 тамшы 1%-дық новокаин ерітіндісін тамызады. Әсіресе көздің сілтілермен зақымданғаны қауіпті. Көзден сілтінің көп бөлігін су ағынымен 5-10 минут жуып кетіргеннен кейін, көзді натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісімен тағы 30-60 минут жуады.
Химиялық заттармен көз күйген кезде, мұқият жуғаннан кейін дәрігер шақыру керек.


2.5. ҚАНСЫРАУ

Қансыраудың көбіне болатын себебі – қолдың бас жағын шыны затпен кесу. Жарақаттанған қан тамырларының кесілгендігіне байланысты, капиллярлы, веналы және артериялы деп бөледі.


Капилярлы және веналы қансырауда қан күңгірт тартып тамшылап немесе тоқтаусыз ағады. Капилярлы және веналы қансырауды тоқтату әдісі – жараға қысатын бау танып орау. Артериялы қансырау кезінде қан қызғылт түрде, тамыр соғысымен ағады. Артериялы қансырауды тоқтату үшін қолға бұрау тартады немесе білек буынын толығымен қысып, осы күйде оны белбеу немесе дәкемен байлап тастайды.
Алғашқы көмек көрсетуде келесі ережелерді сақтау қажет:
1) жараланған жерді тек оған күйдіргіш немесе улы заттар түскенде ғана жууға болады;
2) қалған басқа жағдайда оған құм, тот түскен кезде де, сумен немесе басқа да дәрілік ерітінділермен жууға тиым салынады;
3) жараланған жерге май жағуға, ұнтақ себуге болмайды, олар оның жазылуын тежейді,
4) жара былғанған кезде, абайлап оның шетіндегі терісінен сыртқа қарай кірді алып тастайды; тазаланған жерге иод тұнбасын жағып, дәкемен таңады;
5) иодтың жараға түсуіне жол бермеу керек;
6) жараны қолмен ұстауға, одан қан қалдықтарын алуға болмайды, өйткені қансырау қаупі болуы мүмкін;
7) жарадан әйнектің ұсақ қалдықтарын тек дәрігер ғана ала алады;
8) алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін, егер қансырау тоқтаса және азғана ғана қан жоғалтылса, зақымданған адамды жедел дәрігерге жөнелту керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет